Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат



бет23/36
Дата05.11.2016
өлшемі7,94 Mb.
#574
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36

Тастөбе түбіндегі шайқас


Шиеленістің қан майданда шешілетін уақыты таяп келді. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе деген жерде көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтар арасында кескілескен қанды шайқас болып өтті. Көк сүңгіні шебер пайдалана білудің, жарамды жақсы аттарды тандап мінудің, шайқас өткен жер жағдайымен бес саусақтай жақсы таныс болуының нәтижесінде көтерілісшілер ұрыстың алғашқы жартысында басымдық танытып, едәуір жеңіске жетті. Алайда көтерілісшілерді жазалаушылар зеңбірекпен толассыз атқылай бастады. Көтерілісшілер бұған шыдай алмай, кейін шегінуге мәжбүр болды. Олардың соңынан бірнеше шақырымға дейін қуғын жасалды. Ондаған адам қаза тапты. Қуғын кезінде көтерілісшілердің біраз малы жау қолында қалды.

Тастөбе түбіндегі жеңілістен кейін көтерілісшілер шағын топтарға бөлініп, Ішкі Орда аумағына тарап кетті. Көтерілісшілердің күші әлсіреп, моральдық рухы да төмен түсті. Жазалаушы әскер барлық күшті көтерілістің басшысын қолға түсіруге жұмсап бақты. Исатайдың басына 500 сом күміс ақша тігілді.



1837 жылғы 13 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтті. Сарайшық бекінісінен сұлтанБаймағамбет Айшуақұлы 80 қазақ және өзінің адамдарымен көтерілісшілердің соңына түсті. Қуғын кезінде бірнеше көтерілісші тұтқынға алынды. Сұлтан Айшуақұлы қанша әрекет жасаса да көтеріліс басшысын қолына түсіре алмады. 1838 жылдың бас кезінде Исатай Тайманұлы өзінің қасына ерген жасағымен бірге Үлкен Борсықты құмындағы Шекті руының шетіне ілікті. Бұл жерде оған басқа да қазақтар топ-тобымен келіп қосылды.

Көтерілісшілердің күшін біріктіру әрекеті


Көтеріліс

Көктем шығысымен қазақтардың қозғалысы жер-жерде қайтадан күшейе түсті. Мәселен, Елек өзенінің бойында Жоламан Тіленішұлының жасағы іс-қимыл жасады.Арал-Каспий аралығында Жүсіп батырдың жасақтары пайда болды. Ал ОрталықҚазақстан далаларында «бүлікшіл сұлтан» аганған Кенесары Қасымұлы бастаған аса қуатты көтеріліс кеңінен құлаш жайды.

Міне, мұндай жағдайда Исатай Тайманұлы Хиуа хандығынан бөлініп шыққан сұлтанҚайыпқали Есімұлымен күш біріктіруге шешім кабылдады. Сұлтан өзін хан деп жариялады. Оның жасағында 3000- га жуық сарбаз бар еді. Бұл екі жасақ бір-біріменОйыл өзенінің сағасындағы шекті руының ауылдарында қосылды.

Патша үкіметі үшін өте күрделі қауіпті жағдай қалыптасты. Оның үстіне бүкіл Кіші жүздің көтеріліске шыққан күштерін біріктіру ниеті де байқалды. Сондықтан Орынборөлкесінің генерал-губернаторы қазақтардың қозғалысын басып-жаншу үшін ірі әскер құрамын аттандырды. Тау бекінісі жағынан бұған қосымша сұлтан Б. Айшуақұлының қосыны шықты. Оның құрамында Жайық полкінің 100 қазағы бар еді. Орынбордан шыққан подполковник Геке бастаған отрядта Орынбор қазақ полкінің екі жүз, Жайық қазақ полкінің жүз елу, шекара шебіндегі бекіністердің елу солдаты мен екі зеңбірегі болатын.


Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Ғабиден Мұстафин. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет