Қазақстан тарихы


Қазақ халқының шешендік сөз өнері



бет10/12
Дата20.11.2016
өлшемі1,37 Mb.
#2143
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

40. Қазақ халқының шешендік сөз өнері

1. Анықтама: Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар.

2. Шешендік сөз өнерінің мәні:

2.1. Орынды сөйлеу: «Өнер алды – қызыл тіл», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйеніш өтеуі», т.б.

2.2. Қазақ халқына тән қасиет – сөзге шешен болу: «Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып» сөйлеген.

2.3. Шешендік сөзде билердің, алатын орны – тәрбиелік маңызы зор: өсиет, насихат, нақылдар уағыздайды.

3. Сөз өнерінің мақсаты: би-шешендер арқылы, халық мүдесі қорғалып, ұлттың рухты көтереді.

4. Атақты би-шешендер:

4.1. Майқа би, Досбол – Асан Қайғы - ақыл-ойға толы қанатты сөздерімен әйгілі.

4.2. Әз Тәуке мен Абылай хандары заманындағы шешендер: Әкет баба, Төле, Қазыбек би, Сырым батыр.

5. Қазақ халқының шешендік сөз өнерінің дамыған дәуірі – XVIII ғ қазақ-жоңғар қатынастарының қиын-қыстау кезеңімен дәлме-дәл келеді.

6. Шешендік сөз өнерінің міндеттері:

6.1. Шешендікке балаларды ерте жастан жаттықтыру. Кейіпкерлер (Аязби, Алдаркөсе, Тазша бала, Жиренше шешен) арқылы адамгершіліке тәрбиелеу.

6.2. Той-жиындарға би-шешендер жиналып, шешендер ақыл-парасатымен, өнеге өлең-жырларымен, өздерінің жүйелі сөздерімен халықтың тілін таба білген.

6.3. Бата алу, ақын-шешендерді құрметтеу, халыққа тән ұлттық өнерді , ұрпаққа ата-бабадан қалған міндеттерді ұғыну.

7. Тәрбиелік маңызы зор мақал-мәтелдер:

7.1. Қазыбек би:

«Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп

Найзаға үкі таққан елміз

Ешбір дұшпанға басынбаған елміз,

Сөзді асырмаған елміз.

Дәм-тұзын ақтай білген елміз,

Асқақтаған хан болса,

Хан ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тұмайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,

Ұлмен қызды қаматып отыра алмайтын елміз...»



41. Қазақ даласындағы ән-күй өнері

1. Дала әуендерінің тарихы.

2. Хр кезеңі – көне заманнан бері.

3. Музыкалық ұлттық аспаптар – 50-ге жуық: домбыра, сыбызғы, дауылпаз, шаңқобыз, даңғыра т.б.

4. Әнші, күйшілердің мақсаты: халықтың арасында жүріп, олардың арман-тілектерін, мақсат-мүдделерін ән арқылы жеткізу.

5. ХІХ ғасыр қазақ ән өнерінің – алтын ғасыры. Ұлт өнерпаздары: Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Майра, Сара, Естай.

6. Ән өнерінің аса дамыған орны: Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы.

7. Күй өнер түрі: шертпе күй, төкпе күй.

8. Атақты төкпе күйдің негізін қалаған:

8.1. Құрманғазы Сағырбайұлы (1806-1879 ж).

8.2. Туған жері: Қазіргі Батыс Қазақстан.

8.3. Ұстазы – Ұзақ.

8.4. Күйлері: «Ақбай», «Ақсақ киік», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Қайран шешен», «Түрмеден қашқан», т.б.

8.5. Шәкірттері: Д. Нүрпейісова, Сүгірәлі, Шора.

9. Шертпе күйдің негізін салған – Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862 ж)

9.1. Туған жері: Қарқаралы.

9.2. Күйлері – 40-тан астам: «Балқылдақ», «Қосбасар», «Көкейтесті», «Сарыжайлау», «Балбырауын», т.б.

10. Атақты қобызшылар:

10.1. Қорқыт (ІХ-Х ғғ) – жырау, қобызшы, бақсылардың қамқоршысы, оғыз тайпасынан шыққан.

10.2. Ықылас Дүкенұлы (1843-1916 ж) – «Жалғыз аяқ», «Жарын патша», «Жез киік», т.б.



42. Халықтың ауызекі шығармашылығы

Ауызша тарих – ежелгі дүние айнасы

1. Анықтама: Халықаралық ежелдегі қоғам, адам және табиғат туралы ой тұжырымы.

2. Қазақ жеріндегі жазба тарих дәстүрі:

2.1. Есік қорғанынан табылған (б.з.б. VI ғ) күміс тостағандағы сына жазу.

2.2. Көне түріктердің құлыптас бетіне қашап жазған (Күлтегін, Бумын қаған, Тоныкөк) тарихи маңыз жыр жазбалары.

2.3. Араб әліпбиіне негізделген шығармалар (Мұхамед, Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыры).

3. Ауызша тарих – ғылымның жеке бір саласы.

3.1. Шетелдерде енген кезеңі – XV ғ-дан бастап. Ағылшын тілінде қолданған – Колумбия университетінің профессоры – А. Невинг.

3.2. Ауызша тарихтың үлгісін жасаған – Ян Вансана. Ол Азия және Африка халқының тарихын зерттеді.

3.3. Қазақтың белгілі зерттеушілері: Ш. Уәлиханов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Е. Бекмаханов, т.б.

Мақсаты: ата-тарихымыздан мұра болып қалған аңыз, эпос, әңгіме, жыр, шежірелеріне арқа сүйеген.

4. Алғашқы көркем шығармалар:

4.1. Гомердің – «Илиада» және «Одиссея» поэмалары.

4.2. Орыстың «Игорь полкі» туралы жыры.

4.3. Француздың «Роланд» туралы жыр.

5. Осы күнге жеткен тарихи ескерткіштер:

5.1. Тасқа қашап жазылған көшпелі халықтарының ауызша тарих айту дәстүрі (Орхон-Енисей жазба ескерткіштері).

5.2. Ежелгі таяу Шығыстың Месопотамия, Египет, Палестинаның тасқа қашалып жазылған айызша эпикалық жырлары, мифтері, шежірелері.

6. Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы.

6.1. «Шежіре» сөзі екі мағына береді: ағаш бұтағы, тармақ, ал көне түрік және моңғол тілдерінде есте сақтау, жадыда ұстауды білдіреді.

6.2. Жеткізушілер – көнекөз қариялар.

43. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

1. Анықтама:

1.1. Дін – ежелден келе жатқан рухани білім мен түсінік.

1.2. Адамзаттың жаратышуға, табиғаттық тылсым күштеріне табынуы.

1.3. Адамзаттың бүкіл әлем мен болмыс, қоршаған орта, табиғаттың тылсым сырлары жайлы дүниетанымы.

2. Ежелгі адамдардың діни түсініктері:

2.1. Тас дәуірінде адамдар ағаштан, тастан құдай бейнесін жасап, оны тұл деп атаған.

2.2. Отқа, суға, ежелгі тас дәуірінде, сиынды, қасиетті деп санады.

2.3. Аруақтарға – қола дәуірде.

3. Дінді зерттейтін ғылым – теология.

4. Қазақ халқының алғашқы діни-сенімдері:

4.1. Тәңірге табыну яғни тәңірлік. Түркі халықтары: Тәңір – «Көк аспан» деп есептеді. Ұмай ана – отбасы мен балалардың қамқоршысы болды. Шаман дәстүрімен жерлеген.

4.2. Будда, христиан, манихей. Б.з. VI ғ Қазақстанға Ұлы Жібек жолдары арқылы келген. Соғдылар Үндістаннан – Будда дінін кіргізді. Ислам діні Арабия, Ираннан кейіннен енеді.

4.3. Заратуштра – 3500 жыл бұрын Орта Азияда пайда болған. Орта Азия, Үндістан, Ауғанстан жерінде тарады. Заратуштраға табынатын ең жоғары ие – Ахурамазда. Заратуштра дінінің қасиетті кітабі «Авеста», ұстанған тайпа арийлер. Негізін салған Заратуштра ІІ мыңжылдық.



44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті

1. Анықтама: Белгілі бір кезеңде өмір сүрген халықтың шаруашылығына байланысты тұрмыс тіршілігіне игіліктер.

2. Баспанасы: Киіз үй.

2.1. Жіктелуі: үлкен-кішілігіне (4, 6, 8, 12 қанатты), сән-салтанатына (ақ орда, хан орда, қараша үй, лашық, абылайша, ұрынқай, жолым үй).

2.2. Жабдықтары: кереге (шеңбер қабырғасы), сықырлауық, есік, уық, шаңырақ (күмбезді ең жоғарғы бөлігі), киіз (туырлық, үзік, түндік).

2.3. Тиімділігі: жығыл-тігуге жеңіл, тез, тиеуге қолайлы, жылы, салқын.

3. Ұлттық киімдері:

3.1. Жастар киімі – қызыл-жасыл, оюы көп. Үлкендер киімі – бір түсті, оюы аз.

3.2. Тақия, сәукеле (бас киім алтын, күміс, бағалы асыл тастармен әшекейленген), кимешек, бөрік, тон (мал терісінен, жылы, ыңғайлы сырт киім(қаптама қыста, камзолша көктем мен күзде)), камзол, шапан, шеккен (қой, түйе терісінен, дәулетті адамдар киген), мәс, етік.

4. Үй жиһаздары:

4.1. Негізгі жиһаздар – кебеже, абдыра, жастық, төсек.

4.2. Мал терісінен – саба, торсық.

4.3. Ағаштан – келі, күбі.

5. Қолөнер бұйымдары:

5.1. Қыз-келіншектерге: сырға, қантырма, шашбау, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа.

5.2. Ерлерге: қару-жарақ, ер-тұрман.

5.3. Ұсталар: айбалта, қылыш, наркескен, сапы, селебе.

6. Пікірлер: Рубрук – ХІІІ ғ – Еуропа саяхатшысы. Тағам түрлері – айран.



45. Кеңес үкіметі билігінің орнауы

1. Хр кезеңі – 1917 ж 24 ақпан. І Николай патшаның тақтан құлауы. Басқару құрылымы:

1.1. Патша титулының шығу тарихы – XV ғ қаһарлы Тван кезінен басталды.

1.2. XVIII ғ басында – І Петр империяны қалыптастырды. Анна Ивановнаның кезінде қазақ елі Ресейге бодандыққа өтті.

1.3. Империялық мемлекет (лат imperium – үстемдік, мемлекет) – императордың билігіндегі монархиялық мемлекет.

1.4. Билік – шексіз, ұрпақтан-ұрпаққа мұрагерлікпен қалдырылады. Ресейде монархиялық билік 1917 жылы жойылды.

2. Патша билігіне қарсыластар:

2.1. 1-ші бас көтеру: «Қанды жексенбі» 1905 ж 5 қаңтарда халыққа патша әскері оқ атып қырып салды.

2.2. Екінші көтеріліс: 1917 ж 24 ақпан Ресейдің астанасы Петроградта болды. Петроград халқы қаруланып, патша отыратын Қысқы Сарайға шабуылдады. Нәтижесінде – патша тақтан құлап, «Романовтар әулеті» ІІ Николай тақтан кетті, революция жеңіспен аяқталды.

3. Қос үкіметтің орнауы:

3.1. Билікке отырды (қос үкімет): Уақытша үкімет, жұмысшылар мен солдаттардың кеңес үкіметі.

3.2. Уақытша үкімет – соғысты тоқтату, шаруаларға жер, 8 сағаттық жұмыс күнін уәде етті. Бірақ олар құлаған патша үкіметінің саясатын жалғастырды.

3.3. Азамат соғысы – екі саяси топтардың арасындағы соғысты айтады. Құлаған үкіметті жақтаушылар тарапынан қарсылық туғызды, «қызылдар» деп аталып, большевиктер жеңіп шықты.

4. Кеңес үкіметінің орнауы – 1917 ж 25 қазанда.

4.1. Империядан бөлінген мемлекеттер: фин, эстон, поляк, литва, латыш.

4.2. Ресей құрамында қалған елдер: қырғыз, өзбек, украин, белорусь және қазақ елі (1920 ж Орынборда) автономиялық республика ретінде федеративті мемлекеттің құрамына енді.

5. КСРО 15 одақтас елден құралып (1922 ж 30 желтоқсан), 1991 жылға дейін өмір сүрді. Орталығы Мәскеу еді.

46. Алаш қозғалысы

1. Хр кезеңі: 1917 ж 5-13 желоқсан.

2. Алаш қайраткерлерінің мақсаты – Қазақ халқының жеке мемлекет болып құрылуын, өз тілін, әдет-салтын сақтап, тәуелсіздігін алу еді.

3. Алаш партиясының жетекшісі – Ә. Бөкейханов.

4. Мүшелері – Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, т.б.

5. Алашорданың бағдарламасы жарияланған баспасөз – Қазақ газеті (1913-1918 ж).

6. Бағдарлама – 10 бөлімнен тұрды, қаралған мәселелер: басқару, білім, құқық, т.б.

7. Алашорда автономиясының орталығы – Семей қаласы.

8. 1917 ж желтоқсан Орынборда өткен Алаш партиясының ІІ сьезінде «Алаш» атауымен қазақ автономиясының құрылғанын мәлімдеді.

9. Автономияда – ислам діні – мемлекеттік дін болды.

10. Алашорда таратылуы – 1920 ж.

Әлихан Бөкейханов

1. Туған жылы – 1866 ж.

2. Туған жері – Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында дүниеге келген.

3. Тарихтағы орны: қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының төрағасы, ХХ ғ басында ұлттық сананы оятушы, кадет партиясының мүшесі, публицист, ғалым, аудармашы.

4. Білім жолы:

4.1. Қарқаралыда медреседе оқыды.

4.2. 1879-1886 ж Қарқарыладағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды.

4.3. 1886-1890 ж Омбыдағы техникалық училищеде оқып, «Техник» мамандығын алып шықты.

4.4. 1890- 1894 ж Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқиды.

5. Қоғамдағы саяси орны:

5.1. Ұлт-азаттық қозғғалыстық жетекшісі.

5.2. Қазақстанның егемендігі үшін күресуші.

5.3. Алашорда автономиясының құрылуына ат салысып, жетекшілік еткен.

5.4. «Қазақ» газетін шығаруға қатысқан.



47. 1920-30 ж өнеркәсіптің дамуы

1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, азамат соғысының салдары:

1.1. 10 мыңнан астам өнеркәсіптің үштен бірі соғыс кезінде қирады.

1.2. Кәсіпорын иелерінің көбі өз жұмыс орындарын тастап, шет елге елге кетті.

1.3. Мал саны азайды, азық-түлік жетіспеді.

1.4. 1920-21 қуаңшылықтың салдарынан облыстар аштыққа ұшырады.

2. Қазақстан елді индустрияландыру жылдарында:

2.1. Анықтама – «индустрияландыру» – ірі, техникасы дамыған өнеркәсіпті, ең алдымен өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін салаларды құру.

2.2. Индустрияландыру бағыты – 1927 жылы қабылданды.

2.3. Өнеркәсіптер: Шымкент қорғасын зауыты, Балхаш мыс қорыту, Ащысай полиметалл комбинаты, т.б.

2.4. Кен орындарында: Қарағанды –көмір өндіруден КСРО бойынша ІІІ орынды иелену. Ембіде – мұнай «Екінші Баку» деп аталды. Мұнай өндіретін ІІІ орынға шықты (Ресей, Әзірбайжаннан кейін).

2.5. Ең алғаш құрылыс: Түркістан-Сібір (Түрксіб) теміржолы 1927 ж басталып, 1930 салынып бітті. Ұзындығы 1500 шақырым Орта Азия мен Сібірді байланыстырды.

2.6. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері Қазақстан КСРО елдерінің ішінде алдыңғы қатарда болды.

3. Қазақстан – шикізатпен қамтамасыз етуші базаға айналды.

4. Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағыты – 1929 ж қабылданды.

4.1. «Кіші Қазан» төңкерісінің авторы – Голощекин 1924 Қазақ өлкесін басқару билігіне келген.

4.2. 1928 ж 27 тамызда бай және арташа байлардың «мал-мүлкін тәркілеп, мемлекетке өткізу» керек деген шешім қабылданды.

5. Ұжымдастыру қарсаңындағы жағдай:

5.1. Мал саны 40,5 млн болса, оның саны 4,5 млн-ға азайды.

5.2. 1930-32 аштық жылдары қарсаңында Қазақстан халқының саны 6,2 млн болса, соның 2,1 млн-ы аштықтан қырылды.

5.3. 1 млн 760 мың адам Қазақстаннан тыс аймақтарға көшіп кетті.

5.4. Ұжымдастыруға қарсы көтеріліс Қазақстанда 372 рет болды, 80 мыңдай адам қатысты.

5.5. Т. Рысқұловтың 1933 наурызда «Сталинге хат» деген ашық хатын жазған, «Бесеудің хаты». М. Дәулетқалиев, Е. Алтынбеков, Ғатауилин, Қ. Қуанышев, Ғ. Мүсірепов жазады.

6. Голощекиннің биліктен кетуі – 1933 ж.

7. Зардабы:

7.1. Орны толмас үлкен апат болды.

7.2. 1928-32 ж адамдар зор шығынға ұшырады.

7.3. Қазақ жерінде көптеп лагерьлер салынды, ең ірісі – Карлаг (Қарағанды).



7.4. Малдары азайып, халқының жартысы қырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет