Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы. Грамматикалық форма және грамматикалық категория



бет50/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137
2.Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы. Грамматикалық форма және грамматикалық категория.
Сөздердің басқа сөздермен қарым-қатынасқа түспей, жеке дара тұрған күйіндегі негізгі мағынасын лексикалық мағынасы деп атаймыз. Сөзде лексикалық мағынамен қатар грамматикалық мағынасы да болады. Мен, ауыл, машина, бар деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысы жеке-жеке ұғымдары білдіреді. Бірақ олардың осы жиынтығынан ешқандай хабар берілмейді. Адам сөйлескен кезде жеке лексикалық сөздер арқылы білдіруге болмайтын неше түрлі мағыналардың бәрін тек грамматикалық амал-тәсілдер арқылы ғана түсінікті етіп айтуға болады. Яғни, жоғарыдағы сөздердің грамматикалық тәсілдер көмегімен «Мен ауылға машинамен бардым» деп хабарлауға болады. Сөздің нақтылы лексикалық мағынасымен жарыса отырып, сол лексикалық мағынаны айқындай, саралай түсетін я сөйлемдегі басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу нәтижесінде туатын жалпы мағынасын грамматикалық мағына дейміз. Мысалы: Жер жырттық, Егін салдық, Қайнады еңбек. Осы мысалда 6 лексикалық мағына бар және бірнеше грамматикалық мағына бар. Жырттық, салдық деген сөздерде:
-іс-әрекет өткен мезгілге қатысты (шақтық мағына).
-іс-әрекетті бірнеше адам істеген (көптік мағына).
-іс-әрекет 1-жаққа қатысты істелінген (жақтық мағына) бар. Грамматикалық мағына- грамматикалық құбылыстың мазмұны болса, грамматикалық тәсіл сол мазмұнды білдіретін формасы. Жырттық, салдық деген сөздердегі грамматикалық мағыналар белгілі бір формалар арқылы беріліп тұр:
-өткен шақтық мағына –ты,-ды формасы арқылы.
-көптік және жақтық мағына –қ формасы арқылы.
Грамматикалық мағыналарды білдіретін грамматикалық амал-тәсілдер грамматикалық формалар деп аталады. Грамматикалық мағынаны грамматикалық форма арқылы берудің жолын грамматикалық тәсіл деп атайды. Грамматикалық тәсілдің 3 түрі бар: семантикалық, синтетикалық, аналитикалық тәсілдер. Тілдегі өзіне тән грамматикалық формасы бар жалпы грамматикалық мағына грамматикалық категория деп аталады. Грамматикалық категориялар тілде топ-топқа бөлініп, белгілі грамматикалық сөз таптарына тән, оларға телулі болады. Мысалы, септік, тәуелдік, көптік категориялары зат есімге, шырай категориясы сын есімге, шақ, етіс, рай, есімше, көсемше категориялары етістікке тән болады.
Сөздерді таптастыру принциптері. Н.И.Ильминскийдің «Материалы кизучению киргизского наречия» атты еңбегінен басталып М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В, Катаринский т.б. орыс түркологтарының миссионерлік мақсатта жазылған еңбектерінде жалғасын тапқан қазақ тілі сөздерін түрлі тапқа бөлу ісі ғұлама ғалым, біртуар тұлға А.байтұрсынлв есіміне тығыз байланысты болады. Ғалымның қазақ тіл біліміндегі еңбегі тіпті айрықша, оның қазақ тілі заңдылығына икемдепреформаланған араб жазуы, қазақ балаларына арнап жазған сауат ашу әліппесі, қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулығы қазақ мәдениеті үшін маңызды жаңа белес болып табылады.
А.Байтұрсынов қазақ тіліндегі сөздерді атаушы сөздер, шылау сөздер және одағай деп үлкен 3 топқа бөледі. Автордың қазақ тілі сөздерін осылайша бөлуінің негізінде қазіргі тіл білімінде сөздерді авто семантикалық және син семантикалық деп жіктеудің принципі жатыр. Ғалымның атауыш сөздер деп отырғаны авто семантикалық сөздер болса, шылау сөздер деп отырғаны син семантикалық сөздер т.б. Ол атауыш сөздер тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік етістікті, ал шылау сөз тобына үстеу, демеу, жалғаулықты жатқызады. Ал одағайды шылау сөздер бөлімінде бергенімен, оны бөлек сөздердің ерекше тобы ретінде таниды. А.Байтұрсынов 3 сөз тобын әрі қарай іштей жіктеп, 9 сөз табын айтады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау(шылау), одағай.
Қазақ тілі сөздерін алғаш рет ана тілінде жіктеген А.Байтұрсынов сонау ерте заманнан бастау алатын семантикалық бағытты қолдап, жалғастырушылар болса, Қ. Жұбанов бастаған жаңа лек-буынның келуімен қазақ тіл білімінде сөздерді таптастыруда олардың семантикалық сипаты мен грамматикалық құрылымын бірдей ескекретін лексика-грамматикалық бағыт пайда болып, осы бағыт бірден қарқын алды. Сол кезден бастап қазақ тіл біліміндегі сөздерді тапқа бөлу теориясы осы бағытта өріс алып, дамыды. Проф. Қ.Жұбановтың күрделі зерттеу еңбегі жарық көрмесе де, бұл тақырыппен айналысып, сөз таптарын айыруға 3 түрлі негізге сүйенеміз:
1. Лексикалық қасиеттерге қарай
2. Морфологиялық
3. Сөйлемде қандай мүше болатынына қарай, -деп сөз таптастырудың 3 принципін шегелей атайды. Академик А. Қайдаров та сөз таптастырудың осы 3 принципін қазақ тіл білімінде алғаш жүйелеген Қ. Жұбанов екенін айтады. С. Жиенбаев та Қ.Жұбанов секілді қазақ тілі сөздерін тапқа бөлуде олардың 3 түрлі белгісін басшылыққа алуды ұсынады. Сонымен қатар, С.Аманжолов, А.Ысқақов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдардың қазақ тіл білімінде сөз таптастыру мәселесіне оң ықпалын тигізді.
Сөз таптары және оларды жіктеу. Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық белгілеріне қарай, ең алдымен, 3 үлкен топқа бөлінеді. Олар –атаушы сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер. Атаушы сөздер дегеніміз- өздеріне тән лексикалық та, грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай, үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып, өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсе алатын дербес сөздер.
Көмекші сөздер- өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған ,лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағынасы басым болу себебібінен көбінесе әр алуан қатынастарды білдіріп, әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер.
Одағай сөздер -ешқандай да ақиқат ұғымды білдірмейтін, тек адамның әр алуан көңіл күйі мен әр қилы сезім райларын білдіру үшін қолданылатын сөздер.
Тілдегі барлық сөздерді грамматикалық жағынан топтастырғанда, біріншіден, лексикалық тұрғыдан қаралып талдануы қажет.
Екіншіден, барлық сөздерді белгілі грамматикалық сөз таптарына телу, олардың түрлену, өзгеру жүйесін, сөйлем мүшесі болу қабілетін, өзге сөздермен тіркесу ерекшелігін анықтап, жан-жақты сипаттама беру мәселелері грамматикада қаралатын мәселелер. Сондықтан олардың грамматикалық жақтары ескерілуі қажет. Сөйтіп, тілдегі сөздерді таптастырғанда, олардың лексика-семантикалық жақтары да, грамматикалық (морф. , синт.) жақтары да бірдей ескерілуі керек. Сөз табы деп, жалпы лексикалық-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет