Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Сапалық сын есімнің шырай категориясы



бет54/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137
4. Сапалық сын есімнің шырай категориясы.
Заттың белгісі я сипаты біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек сипатының я белгінің бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары деп аталады. Заттың сындық белгілерінің бәсеңдік, солғындық реңдері мен мәндерін білдіретін формаларға –ғыл,-қыл,-қылт,- ғылт, -қылтым,-ғылтым, -ғыш, -ғана,- кене, -ілдер,- қай, -қан, -ақ, -ек, -шыл, -шіл, -шылтым, -шілтім, -ша, -ше қосымшалары жатады. М.:көгілдір, кішкене, азғантай, құбақай, ақшыл, көкшілтім, қызғыш, сұрғыш, бозғыл, қуқыл, қызғылтым, ақша, сұрша, қысқаша, т.б.. Ақша қар, көкше мұздар шағылысып, ғажайып бір суреттей жарқырасады (А.Т.). Биікше тастақ төбенің басында кешкі ауылдың тірлік тынысын тыңдап Абай отыр.
Ал –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары бәсеңдік, солғындық, шағындық рең жамаса, -рақ, -рек, -ырақ, -ірек жұрнағы басымдық, молдық, артықтық рең жамайды. Бұлар- салыстыру формалары.
Сын есімнің төрт түрлі шырайы бар:
1.Жай шырай, 2. Салыстырмалы шырай, 3. күшейтпелі шырай, 4. асырмалы шырай.
1. Биік тау, қызыл сия, дәмді сорпа;
2. Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. Оның отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты;
3. Үй-іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай;
4. Ол тіптен жақсы адам екен. Кездесуге ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет