Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет56/137
Дата05.02.2022
өлшемі2,55 Mb.
#24445
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   137
11- дәріс
Тақырып: Етістік.
Дәріс мазмұны: 1. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.
2. Етістік категориялары.
Мақсаты: Етістіктің лексика-грамматикалық категорияларын, ерекше тұлғалық түрлерін және таза грамматикалық категорияларын меңгерту.
1.Етістіктің лексикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері.
Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптарын қарастырған кезде, етістік тақырыбына біз ерекше тоқталамыз. Себебі, етістік – тіліміздегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және функциясы өте кең грамматикалық категория. Есімдерге қарағанда, етістіктердің лексикалық-грамматикалық мағыналары да, грамматикалық тұлғалары да әр алуан, сөйлемдегі атқаратын қызметі де ерекше. Сондықтан, әдетте етістікті күрделі сөз табы деп түсіндіретін факторлар мыналар: 1/ мағынасының жан-жақтылығы, 2/ категорияларының көптігі, 3/ синтаксистік қызметінің аясының орасан кеңдігі.
Етістік –қимылдың немесе қимыл түрінде өтетін түрлі процестердің атын білдіретін сөз табы. Етістіктің мағынасының жан-жақты, өрісті болатын себебі-оның мағынасы тек субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғат пен қоғамда кездесетін, адамның абстракты ойы мен санасында туатын неше түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, қозғалыс, жай-күй секілді процестерге қатысты ұғымдарды түгел қамтиды. Етістіктің осы кең мағынасы үнемі мезгіл не шақ ұғымымен ұштас болып келеді.
Етістіктің морфологиялық сипаты және жасалу жолдары:
1. Жалаң және күрделі етістіктер.
2. Түбір етістіктер және туынды етістіктер.
3.Етістік тудыратын қосымшалар: а/ есімдерден етістік тудыратын қосымшалар б/ етістіктен етістік тудыратын қосымшалар. Етістік басқа сөз таптарынан, соның ішінде есімдерден тек өзіндік категориялармен ғана емес, сондай-ақ жасалу жолдары арқылы ерекшеленеді.
Морфологиялық құрылымы жағынан етістіктер жалаң етістіктер және күрделі етістіктер деп аталатын екі топқа бөлінеді.
Жалаң етістіктерге бір буынды және екі буынды түбір етістіктер мен жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мысалы, кел, жу, ой, көр, қоры, оян, қолда, сабала, үймеле.
Жалаң етістіктер құрылысына қарай түбір етістіктер және туынды етістіктер болып бөлінеді.
Етістік ең күрделі сөз табы ретінде субьектінің іс-әрекетін ғана емес, табиғатта, қоғамда, жалпы өмірде ұшырасатын жайлардың және адамның ой-санасы арқылы туған түрлі амал-әрекет, іс-қимыл, жай-күй сияқты процестерді білдіретін сөз табы екендігі оның лексика-грамматикалық қасиеттері мен семантикалық ерекшеліктерінен, түбір тұлғасы мен грамматикалық формаларының қат-қабаттылығынан және олардың өзара арақатынасы мен грамматикалық категорияларының әр түрлілігінен, қолдану аясы мен сөйлемде атқаратын қызметінен айқын байқалады. Етістіктер есімше, көсемше, қимыл есімі, рай формаларымен түрленгенде басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа еніп, сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалады.(И.Е. Маманов)

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   137




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет