Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат


«Сіздің ойыңызша Қазақстан БҰҰ ҚК 1325



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
Байланысты:
ҚҚЗТ МЕК сұрақтары
«Сіздің ойыңызша Қазақстан БҰҰ ҚК 1325 
қарарында атап көрсетілген мақсаттарға қол 
жеткізе ала ма?» 
деген сұраққа
 
нақты бір баға 
мен түсініктеме беру сарапшыларға қиынға түсті. 
Олар негізінен 
«Сенімді емеспін»
(С-5), 
«Қазір 
емес» 
(С-9); 
«Мүмкін»
(С-7) деген пікірлерге 
тоқталды.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 1325 «Әйелдер, 
бейбітшілік 
және 
қауіпсіздік» 
қарарының 
Қазақстанда орындалуына қатысты сарапшылар 
сұхбатын талдай отырып, мынадай қорытынды 
жасай аламыз: шиеленістердің алдын алу жұмысы 
бойынша әйелдер мен қыздардың құқықтарын 
институционалды 
түрде 
қорғау 
жүйесін 
қалыптастыру, қауіпсіздік, қорғаныс, құқықтық 
тәртіп және төтенше оқиғалар саласындағы 
әйелдердің 
рөлін 
күшейту, 
жанжалды 
жағдайларда әйелдер мен қыздардың зорлыққа 
төзбеуін қалыптастыру,
әйелдер мен қыздар үшін 
қауіпсіз орта құру және қолдау, жанжалды 
жағдайларда әйелдер мен қыздарды қорғауға
қатысты субъектілердің дайындығын күшейту 
сияқты 
шаралар 
қажетті 
деңгейде 
іске 
асырылмайды. Аталмыш резолюцияны жүзеге 
асырудың басты агенті ретінде сарапшылар 
мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдарды, 
халықаралық ұйымдарды атады. Олар сондай-ақ 
басты проблемалар ретінде резолюцияны жүзеге 
асыру 
бойынша 
іс-әрекеттер 
үйлестігінің 
жоқтығын, әлсіз саяси ерікті, немқұрайлылықты 
қаржыландыру мен есеп беру міндетінің 
жеткіліксіздігін атап көрсетті. Осы аталған 
жағымсыз шарттарды жою үшін сарапшылар 
халықаралық форумдар ұйымдастырып, әйелдер 
құқықтары бойынша таңдаулы комитеттер құру, 
қаржыландыруды көбейту, халыққа ақпарат 
тарату үшін үкіметтік емес ұйымдарды белсенді 
түрде іске қосу, сонымен қатар гендерлік теңдік 
идеологиясын халық арасына кеңінен енгізу және 
дамыту қатарлы ұсыныстар жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет