Бағдарламасы бойынша басылып шығарылды «Торғай кітапханасы»



бет12/19
Дата11.01.2017
өлшемі4,14 Mb.
#6804
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Қазағыма

ІІІ тақырып

Қарашы, мынау хылқым, неткен заман,

Көндіріп өз дегенін өткен заман.

Көл жайлап, бие байлап, толықсыған,

Дәуірі көшпендінің біткен заман.
Қармалып қараңғыда қазақ жатыр,

Басқалар бар мақсатқа жеткен заман.

Ішіп-жеп, басып-жаншып, пайдаланып,

Теңдіксіз ұрып-соғып, кеткен заман.


Бір тиын пайдаға аспай бара жатыр,

Ұрлықты зорлықпенен сөткен заман.

Берілген басты адамдар партияға,

Көрмесін еш біреуін серттен аман.


Құмары азаматтың ала қағаз.

Сауы жоқ және ішімдік дерттен аман.

Қараңғы надан елдің күні құрсын,

Бұралқы қадірі жоқ иттен жаман.


Кел, қазақ, надандықтан қоштасалық,

Қайырылмас қанша айтқанмен кеткен заман.

Қатардан қалыспасқа қам етелік,

Қалмасын кейінгі жас тіпті надан.


Жастарды жас өспірім, жаңа талап,

Сақталық, бұл адасқан беттен аман.

Үйреніп өнер-білім өрге жүзіп,

Сау қалсын, саналы жас шеттен аман.



Қатар-құрбы қазақ жастарына


ІV тақырып
Тыңдашы, Сіз де азамат, құрбыларым,

Ұнаса мынау шаққан сізге зарым.

Көшке ермес көп құрбыма қыстамаймын,

Биті жоқ талағында туған жарым.


Тақырып халықтың халін, жұрттың қамын,

Талапты өткір туғандарың.

Халық үшін ойдағы мен бойдағыны,

Жұмсалық құрастырып қолда барын.


Жас сері, енді сенің сенерің кім,

Бар болса айтшы маған, түсі барын.

Байларға малы бар деп сенемісің,

Отырған үнем қылып іші-қарын.


Басшы ғып біздің халық бас иіп тұр,

Қасқырдай қарыс азу тісі барын.

Пара алып, би болыстар бөліп жатыр,

Бұрмалап бұзықтардың дау мен шарын.


Халық үшін қаны қызып қайғыра ма,

Таласқан шарға түсіп сатып арын.

Ерік бер, ескілерге жата берсін,

Қожа, ишан қолына ала молдаларын.


“Тоныңды битке өкпелеп отқа жақпа”,

Деген сөз бар емес пе, туғандарым.


Өзіме айтқан тоқтау сөзім

V тақырып
Тоқта, сен Әлмұхамбет, тыңда кеңес,

Не үшін? деп құр қарысып қылма егес.

Асықпа, аса сөйлеп, әліңді біл,

Осы сөз сенің сөйлер теңің емес.


Ойлашы, кім аяқтан қанағаттар,

Тұрғанда қара саба, сырлы тегеш.

Бұғалық,қайың құрық ілікпей тұр,

Оларға қарағанда сен білтегіш.


Сералин, Байтұрсынов, Дулатовтың,

Жаны ашып, жазған әуел жұмбағын шеш.

Сөйлесек, солардан соң суырылып,

Қалмассың болса өнерің сонда да кеш.


Тіліңді шалдар-шүлдір оқуыңмен,

Білдім деп оны халыққа қылма сен пеш.

Соқтықпай жүр бай менен би болысқа,

Япыр-мау бар ма, сірә сенде ақыл-ес.


Сенікі ілім де емес, ғылым да емес,

Жігіттік желіктірген жиырма бес.

Тоқта-тоқта!

Жазушыдан соңғы сөз

Жазушы Әлмұхаммед Ғосманұлы,

Тағдырға бойсынбақшы хақтың құлы.

Қашаннан хақ жолында құрбан болмақ,

Бұрынғы факилардың салған жолы.
Факилар жұмласынан болмасақ та,

Наубетпен көріп тұрмын мен де мұны.

Мухтасиф үш ауданға болдым рас,

Жасқанып жасыра алман сірә да оны.


Ғылымның азды-көпті арқасында,

Халқымнан қадір-құрмет көрдім шыны.

Күңіренген көп тілегі арқасында,

Он үш жыл өз жолыммен келдім соны.


Ырзамын әуелі алла һәм халқыма,

Еншалла ұмытпасам керек мүны.

Жалпыға жалпақ келген бұл бір нәубат,

Демей-ақ жақсы-жаман, ұсақ-ірі.


Амал жоқ, әрине болса күтіп алдым,

Ішінде осы көптің мен де бірі.

Тауфиққа қайтып тауба ету ұшін,

Жіберген қинап хақтың бұл бір сыры.


Көрерміз, нәтижесін көппен бірге,

Тысқары топырақтан болсақ тірі.

Орынсыз кеттім-ау деп ойламаймын,

Факирдің толығымен толған құны.


1911 жыл.

Туған жер мен елге сәлем хат

Ассаламағалайкум, халық-қарындас!

Қарт ата, қарт ана мен жеткіншек жас!

Ат атап ешбіріңді айырмаймын,

Сәлемім дін қарындас бәріне хас.
Ардақты амансыз ба, үлкен аға!

Дұғакөй тілектес, шал, кемпір, ана.

Барсыз ба бәріңіз де сау-саламат

Кейінгі келін-кепшік, бала-шаға.


Ардақты аманбысың, асыл Отан!

Түгел ме тегіс кәрі-жасың Отан.

Мәз болып құр денеңе отырмысың,

Кеудеңде бар ма бүтін басың, Отан.


Ардақты аманбысың, туған жерім!

Жастықта сауық-сайран құрған жерім.

Бесқопа, Торғай, Тосын сала бойы,

Кірімді кіндік кесіп, жуған жерім.


Ардақты аманбысың, қайран елім!

Сауығым, сала бойы сайран елім.

Бір күнде әркім білген Бестау едің,

Бұл күнде болып тұрсың, ойран елім.


Ардақты аманбысың, Алалы тау!

Өлкейек бойындағы салалы тау.

Анадай төсін ашып аймалаған,

Алдыңда есігімнің Молалы тау.


Ардақты аманбысың, Жалғыз тауым!

Секілді жеке өсіп-піскен қауын.

Басына анда-санда бір шыққанда,

Қандырып қайтушы едің көздің жауын.


Ардақты аманбысың, қыстау-сорлар!

Айналған алабыңа мың сан қойлар.

Қыр елі Сыр елімен қатар жайлап,

Ас беріп, неше дұркін болған тойлар.


Ардақты аманбысың, құм-көлдерім!

Жайлаған жаз жадырап көп елдерім..

Ауданы алтыншы ауыл асыл Отан,

Егінжай еркін жатқан сары белдерім.


Ардақты аманбысың, Үшқарасу!

Көпшілік бар ма жиын бұрынғы ну?

Медресе, мешіт және мектеп ашып,

Орнатқан ордам едің, басына ту.


Шырақшы сайлап едік кұту үшін,

Мешітті тәрбиелеп тұту үшін.

Жастарға тағылым беріп тәрбиелеп,

Құлшылық бір аллаға ету үшін..


Жегіздің жемісіңді дін оқылып,

Кұңіреніп жеті сайын жұма оқылып.

Екі гайт тәулігіне меллаттойы,

Тілекпен тараушы еді дұға қылып.


Басыңда бақыт құсың болған күнде,

Төрт жағың құбыла боп тұрған күнде.

Ырзалықпен шүкір-ана той етпеп пе едік,

Он жылға камил жасың толған күнде.


Алып едік халықтың дұға-ихласын,

Қожа-ишан ғалымдардың фатихасын.

Илаһи ұзағынан сүйіндір деп,

Төгіп ед көп халайық көздің жасын.


Бұл күнде бар ма, азаншы молдаларың,

Жайнамаз, мінбар, таяқ, шалмаларың.

Алдағы әрне болса аманатсып,

Өзіңе-өзі қожа болсын жарық.


1929 жыл.


Каталог: media -> upload
upload -> Хайрулдаева А. М. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Ғылым ордасы»
upload -> Жандарбек з
upload -> Ауызша тарих: деректемелік талдау мәселелері ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихнама, деректану және заманауи методология
upload -> Ханкелді Әбжанов, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры
upload -> Боранбаева б. С
upload -> А. А. Оралова ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері жеңіс үшін күрескен азаматқа тағзым
upload -> Кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
upload -> Қазақстан тарихы
upload -> Мақалада Мәскеу мұрағаттарында және Санкт-Петербор шаһарларында жинақталған Қазақ халқының тарихи-этнографиялық жәдігерлері туралы деректер сөз болады
upload -> Сапакова К. Н. 2 курс магистранты ХХ ғасыр басындағЫ Ұлттық элитаның Қалыптасу тарихынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет