БАҒдарламасы бойынша шығарылды шолпанға көшкен ауыл Жетінші роман



бет15/17
Дата31.01.2018
өлшемі3,73 Mb.
#37192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

КҮН ТҰТЫЛҒАН СОҢ

Күн тұтылу ежелден белгілі құбылыс болса да ауыл адамдары бүгін біртүрлі кеңілсізденгендей болып жүрді. Кезекті тұтылу жайлы осыдан бірнеше күн бұрын да, бүгін таңертең де радио мен теледидардан хабарлаған-ды. Оған көпшілігі аса мән де бермеуге тырысып баққан. Бірақ тұтылудың аты — тұтылу. Бұл Күннің бетін бұлт жапқан ғажайып құбылыс емес. Сирек өтетін көрініс.

Бірақ ауыл адамдары қаншалықты көңілсіз, сылбыр жүрсе де өздерінің күнделікті тьшсым-тіршіліктерін тоқтатқан жоқ. Таң ата малдарын жайғаған соң жұмысқа баратындары үйлерінен шығып кеткен. Үйде қалған ана мен балалар да күндегі іс-әрекеттерімен әлек-ті. Ералының үй-іші де бүгін ерте тұрып, әдеттегі тіршіліктеріне кіріскен. Қажыбек байланыс торабында істейді. Арғынғазы шөп шабатын бесаспап көлікті жүргізеді. Ералы үй тірлігінде. Анасы болса да табақ-аяқпен әлек. Ең кішісі — Айымгүл өзінің қызықты кітаптарын оқумен әлек.

Ералы таңғы шайын ішіп болғаннан кейін төргі бөлмеге кіріп, біраз теледидар көрген. Содан соң сыртқа шығып, қора-қопсыдағы ат-әбзелдерін түгендеді. Ондағы ойы атқа мініп, таныс қойшыларын бір аралап барып қайтпақ еді. Бірақ бүгін Күннің тұтылатындығы есіне түскенде ол жоспарынан айныды. Егер жұлдызнамашы болса, Күннің тұтылуын бақылауға мұқият дайындалған болар еді. Қазақ халқы Күн мен Айды, оның табиғи қозғалыстарын о бастан жақсы білген. Жұлдызды танымайтын, Күн мен Айдың тұтылуы, тоғысуын білмейтін де қазақ аз. Әсіресе, ауыл адамдары үшін аспан әлемі жақсы таныс. Қарағысы келсін, келмесін, ауылдың шам атаулыдан шалғай аспаны менмұндалап қоя бермей ме? Шопан атаулы жарық жұлдыздарды түнгі қой бағу кезінде жақсы пайдалана білген. Пайдаланып та келеді. Жұлдыздар әлемі адамзат дамуы барысында қалай елеулі өзгермейтіні тәрізді оны білуге деген талпыныс та суи қоймаған. Жер шарында қаншама қалалар салынып, қаншама техникалар дамып жатса да, ауылдың тіршілігі өзінше жүріп жатқаны. Қала қаласымен шулы, дала даласымен тыныш. Екі түрлі өмір осылайша жалғасып келеді. Өмірде барлық нәрсенің бір деңгейде дамуы мүмкін емес. Қала екен қаланың өзі де, бірден жаңарып, бірден керемет болып кетпейді. Бір үй жаңа соғылса, екінші үй қайта түзеуді я қайта соғуды қажет етіп тұрады. Ауыл үйлері де сондай. Бірақ бүгінде ауыл деген аты болмаса, тек киіз үйлер орныққан. Ара-тұра сол үйлер өзінің тұрған орындарын да ауыстырады. Ауыл ішінде қора-қопсы да бар. Бірақ ол да бір орнынан құламастай етіп тұрғызылған я кірпіш, я тас емес. Жеңіл киіз үй тәріздендіріп, үлкен етіліп жасалған. Оның орнын да ауыстырып отыруға болады.

Ералы ат әбзелдерін түгендеп болған соң оны қора ішіне қайта қойды да, аспанға бір қарап қойды. Күн бетінде ешқандай өзгеріс жоқ еді. Бір ғажабы, сол Күннің бетін жаба- тын Ай да көрінбейді. Ол Күн сәулесіне малынып кетеді. Тек Күннің бір шетін жаба бастаған кезде білінеді. Бұл — тұтылудың басталғаны. Тұтылу бұл жолы түске таман бо- луға тиісті еді. Сондықтан Ералының үй-іші түгел жиналып ғажайып құбылысты күтіп отырды. Тек бүл үйдің іші емес, құбылысты күллі ауыл күтті. Оның болар сәтін алдын-ала есептеген жұлдызнамашылар бұл сәтте Жердің әрбір аймағында бақылауға дайындалып жатқан. Тіпті, ауылдың кейбір жас тұрғындары да өздері жасап алған бақылау құралдарын Күнге қаратып қойған. Ауылдағы мектеп те арнайы дайындықтан өткен. Қысқасы, осы бір қызықты құбылысқа саны жоқ адам назар аударып жатты.

Ералы әрбір аспанға қараған сайын Шолпан қызын еске алады. Ал мына құбылыс тіпті ойға қалдырған. “Осы Шолпанда да Күн тұтылу болып тұра ма екен” деген де бір ой келген оған. Бірақ ол ойын ешкімге айтпады. Ең бастысы — Шолпанының аман-есендігін тіледі. Өткенде кешірімге келген кісілермен әңгімелескеннен кейін біржола тынышталып та қалған. Тек мына құбылыс өзін біршама мазалағандай еді. Күн тұтылуды бақыламайтын адам жоқ. Ал жануарлар мен құстар үнсіздіктерімен тұтылуды өткізеді. Ералы ақсақал да үлкен ұлы Қажыбек те тұтыдуды бірінші рет көргелі тұрған жоқ. Тұтылуды кезінде әйнек күйдіріп те қараған.Сол әдіс әлі күнге қолданылып келеді. Кейбірлерінде дүкеннен алған қішкене кара шыны да бар. Сонымен карайды.

Тұтылуға шамалы уақыт қалғанда ауыл түгелімен сыртқа шықты. Мал маңырағанын, сиыр мөңірегенін, иттер үргендерін қойды. Құс сайрамады. Бәрі де бір құбылыстың боларын сезетіндей. Ауыл адамдары ашық алаңдарға жиналып, топ-топ болып әңгімелесіп тұр. Әркім өзінің көрген білгенін айтады. Жұлдызды әлемді бақылаумен айналысатындары қасындағыларға тұтытлудың ерекшеліктерін айтып түсіндіруде. Бұл жолғы тұтылу да ерекше —толық тұтылу еді. Егер Күн сеулесі Жерге жетпесе қандай құбылыстың боларын осы бір азғана уақыттағы құбылыс ескертетіндей. Онда да Ай Күн бетін толығымен жаппайды. Тек қалқалайды. Егер Ай Күн бетінен дәлме-дәл жылжып өтсе, толык, я үстіне, астына таман қалқалап өтсе жартылай тұтылу болады. Егер Ай Күн бетінен дәлме , сақиналы тұтылу деген де қызық. Ол мейлінше сирек өтетін құбылыс. Тұтылудың зандылықтары көп. Ауыл адамдары үшін оның бәрінің қажеті шамалы. Тіпті олар соны қаламас еді. Табиғи құбылыс болған соң амалдары қанша. Ал қаладағы расытханаларда жұлдызды әлемге, Күн мен Айға тынбай бақылау жүргізетіндерге таптырмайтын құбылыс . Ауыл адамдары қара іске бейім келетіндіктен мұндай құбылстың тезірек өтуін де қалайды.

Сол күткен сәт те келді. Күннің шеті кертіктене бастады. Үлкендер қаншама білімді болса да тәубелік ете, қара шыныларын көздеріне жақындатып, Күнге қарай бастады. Кертік ойыстанып, ұлғая түсті. Сол кезде айнала табиғат та тып-тыныш күйге кешті. Күллі тіршілік иелері Күнді бақылауға кіріскендей. Ералының үй-іші де мұқият қарауда. Күн бейне бір қиналған тәрізді. Күйінгендей. Қазақ халқы “Күн күйді” деп осынысына қарап айтса керек. Айналадағы жарық азая берген. Тұтылу орта тұсына жеткенде, бар дүние сарғыш тартқандай көрінді. Бейне бір кеш батып бара жатқан тәрізді Күн жарығы азайған сайын әрбір адам өзінің құлағы тыныштықтан тұнтандай сезінді. Өйткені тым-ты- рыс қалған еді. Адамдар да бір-бірімен жайымен сөйлеседі.

Күн беті қарайып барады. Ол қарайған сайын жарық түсі де сарғыштанып келеді. Бірақ оған қарап жатқан дар аз. Бәрі де Күннің қалай қараятынын бақылауда. “Егер Күн жарығы толық жоғалса қандай құбылыс болар еді” деп бір ойлады Қажыбек. Сөйтіп, шынысын көз алдына жақындата түскен. Ай, Күн бетін жаба түсті. Күн сәулелері Айдың шет-шетінен шашырап тұр. Уақыт өткен сайын ол сәулелер әлсіреп барады. Адамдардың бір қорықпайтыны — Ай, Күн жарығын толығымен жоғалтпайды. Тек көлегейлейді. Егер толық жоғалтса, Жер бетіндегі тіршілік қатерге ұшырайды. Қатер емес-ау мүлдем жойылып кетер еді. Бірақ Күннің тұрақты жарық шашуы ондай қатерді болдырмайды. Жер бетінде мың-сан тіршілік иелері өмір кешіп жатады. Дәл қазіргі тұтылу кезінде басқа аймақтағы адамдар күндегі Күнін көріп, тіршілігімен әлек. Тұтылуды тек радио-телехабардан естиді де қояды. Тұтылудың да күллі Жер бетін жаппай Ай көлеңкесі түсетін аймақтарда ғана байқалатыны бір қуаныш.

Ералы ақсақалдың ауласында тұрғандардың ішінде жарықтың жоғалуының неге апарып соқтыратынын Қажыбек қана ішінен біліп тұр. Өйткені ол Шолпандағы Емшектауда, оның төңірегіңдегі қара денеде болды. Барлық жағдайды өз кезімен кере алмаса да, сол қара денеге еніп бара жатқанда қолайсыз құбылыстың басталғанын сезген-ді. Қара денеге ене түскен кезде осыған ұқсастанып жарық азая берген. Бірақ өздері кемеде және қара дененің тартылысы ғаламат болғандықтан көп нәрсені аңғарып та үлгермеген. Содан кейін естерін жиғанда өздеріне бейтаныс ауылда тұрды. “Сондай бір құбылыс болып кетпес пе екен” деп те бір ойлап қойғанды Қажыбек. Бірақ жұртты үрейлендірмеу үшін ол ойын айтқан жоқ. Үй-ішімен бірге Күн тұтылуын қызықтап түра берді.

Уақыт қаншалықты баяу жылжығандай болса да, тұтылу шегіне жетіп қалды. Ай, Күн бетін толығымен қалқалады. Енді Күннің жарық сәулелері оның айналасынан сығалады. Күннің лапыл оттары да ап-анық көріне бастаған. Оны Қажыбек шағын көру құралымен қара шыны орнату арқылы көріп тұрды. Ғажайып құбылыс! Сирек болатын оқиға еді бұл. Бірақ ол да көпке созылмады. Енді бір кезде Күннің бір шеті жылт ете түсуге тиіс еді. Кенет күллі әлемдегі тіршілік көз алдарында жоқ болғандай сезілді. Өздерінің де не болғандарын білмейді. Әдетте, тұтылудан кейін Күннің бір шеті қылтиып шығып, жарық бірте-бірте ұлғая беруші еді. Ал мына құбылыс ауыл адамдары үшін ешқашан күтпеген құбылыс болды. Не ұйықтап кеткендерін, не қатты мұздап қайта жылығандарын да түсінбеген. Кейбір қас қағым сәтке жаны қысылғандай сезінген. Бірақ нендей құбылыстың өткенін ешқайсысы білмейді.

Бірақ бәрі орнында. Киіз үй де, ауыл да, күллі ауыл да, адамдар да аман. Тіпті олар сол орындарынан да қозғалмаған. Тек Күннің ыстығы бұрынғысынан артып кеткендей сезілді. Жаңағы тұтылу да жоқ. Айнала табиғат та сол қалпы. Тек бұрынғысынан әлдеқайда жарығырақ. Күннің шар табағы да үлкейіп кеткен тәрізді. Ауыл қонған жерден әрі қарай бейтаныс тау сілемдері жатыр. Оның мәнісі тек Қажыбек түсінген сияқты. Бірақ әлі де болса, өз көзіне өзі сенбейді. Жаңағы Күн тұтылуы емес, басқа бір алдамыш құбылыс болғандай. Бірақ олай деуге тағы негіз жоқ сияқты. Күннің тұтылу уақыты радио мен теледидардан күні бұрын хабарланды. Уақыт да дәл келген. Ал ендігі көрініс өзірге түсініксіз. Ералы әулетінен тек Қажыбек бірдемені сезіп тұр. Ол айналадағы таулардың құрылымын да тани бастады. Шолпан ғаламшары тәрізді. Бірақ ол түс көргендей күйде. Айналадағы адамдар да өздеріне бейтаныс тау сілемдерін аңғара бастаған. Бір-біріне түрлі тау шоқыларын көрсетіп, бірдемелерді айтып жатыр. Күн көзі жарқырай түскен соң-ақ ауылдағы тіршілік те жандана бастаған. Құстар әдеттегісінше талдан талға ұшып-қонып жүр. Ара-тұра иттер де үріп қояды. Таң жаңа атқандай кейде қораз шақырады. Мезгілсіз шақырғанды жақтырмаған ауылдың кей адамдары жекіп тастайды. Артынша өздерінің қай әлемде тұрғандарын да ажырата алмай дал болады. Ералы ақсақал да бұл құпияның сырын білгісі келгендей Қажыбекке қараған еді. Ол:

— Біз Жерден көшіл кеттік! — деп айналасын көзімен шолып өтті.

— Көшкені қалай? — деп әкесі аң-таң.

— Әне, қараңыздаршы, таулардың бәрі де Шолпан ғаламшарындағы таулар. Жерде мұндай таулар жоқ қой?

— Иә, жоқ, — деді Ералы ақсақал сәл сергіп — бұл аймақты мен бала көзімнен білемін. Тау тау қалпында өзгермей тұрушы еді. Енді мына бір қас қағым сәтте бар дүниенің өзгере қалғаны қалай?

— Бәлкім, аналар шығар? — деді Қажыбек көру құралын алыстағы сілем-сілем тауларға бұрып.

— Аналарың кім?

— Өткеңде келіп кеткендер. Шолпан үшін кешірім сұрағандар.

— Не дейді? — деп шошынып қалды Ералы ақсақал.

— Неге шошыдыңыз? — деді Қажыбек, — дүниені өзгерту олар үшін түкте емес.

— Түк те емесі қалай? Біз табиғатты шамалы бүлдірсек, жатып қайғырамыз. Ал олар үшін күллі дүние түк емес десеңші?

— Иә, әке. Олар бізді Шолпанға көшіріп әкелді.

— Шолпан екеніне анық көзің жете ме, балам?

— Жетеді, әке. Мен осында болып қайтқан жоқ па едім. Ана таулардың бәрі де таныс маған. Емшектау да алыс емес бұл жерден.

— Ал Шолпан барған ауыл ше? — деді сергі түскен Ералы.

— Соны білмеймін. Біз Шолпан аспанындағы қара дене арқылы бардық емес пе?

— Ол қара денең қайда?

— Аспанда болуы тиіс. Ылғи көзге керіне бермейді.

— Не айтып тұрсындар, — деді сол кезде Перизат ана сәзге килігіп, — Шолпандарың не? Менің Шолпан қызым дегендерің не? Түкте де түсіне алмай тұрмын.

— Өзіміз де меңзеңбіз. Кішкене есімізді жиялықшы. Сонан соң түсіндірерміз саған, — деді Ералы Перизатқа қарап.

Ана үндемеді. Бірақ оның жүрегінде бір қуаныштың оты жылт еткен еді. Өз көзіне езі сенбей тұр. Осы Жер шарының өзінде-ақ Күн жүйесіндегі ғаламшарларға барғандай етіп көрсететін небір қызық орындар бар емес пе? Ол ортаға кірген адам кәдімгі ғарыш кемесімен ұшып шыққандай, басқа ғаламшарға барып қонғаңдай сезінеді. Сондай бір құбылыс болып жүрмесін бұл деп те ойлады Перизат ана. Бұл кезде әке мен баланың арасындағы әңгіме одан әрі жалғасты.

— Аман-есен көшіппіз Шолпанға, — деді сәл үнсіздіктен соң Ералы ақсақал, — ендігі бір арманым — Шолпан қызымды аман-есен көрсем.

— Оны да керетін күн туады, көке, — деді Қажыбек, — айналадағы бейтаныс тау сілемдерінің ғажайып табиғатына тоймай қарап, — Шолпан барған ауыл да бұл маңнан қашық емес шығар-ау! Біз әлі ешқайда барған жоқпыз. Әлі ана қырлардың арғы жағын көреміз. Ондағы табиғат көріністерін қызықтаймыз.

— Балам-ай, табиғатты қызықтап қайтесің, Шолпанды айтсайшы.

— Сол Шолпан қарындасымды іздеймін деп тұрған жоқпын ба?

— Іздеу керек...

Осы кезде бұл үйге жан-жақтан көршілер ағылып келе бастады. Бәрі де айналадағы бейтаныс табиғат көрінісін аңғарған секілді. Аңғармай қайтсін, бәрі де осы ауылда туып- өскендер болса. Келгендердің кейбірі Қаяшбектен көру құралып сұрап алып, айналадағы сілем-сілем тауларды бақылай бастады. Бірақ таулар Жердегідей аса биік емес-ті. Қажыбек Шолпандағы ең биік тау сілемдерінің сегіз шақырымға дейін көтерілетінін біледі. Бірақ мына аймақ ондай емес. Қазақтың кең даласына ұқсайды. Алыстан көрінген тау сілемдерінің аса биік жерлері де төрт шақырымнан аспайтын тәрізді. Жерден тағы бір ерекшеленетін жері — мұнда тақта тастардың жиі кезігетіні. Қажыбек мұнан бұрын келгенде осылардың бәрін есінде жақсы сақтап қалған. Айналасына жиналып қалған ауыл адамдарына өзінің білетіндерін тәптіштеп түсіндіріп тұр. Бірақ Күн тұтылуға жиналған адамдар енді ездерінің қас қағым сәтте Шолпан ғаламшарына көшіп келгендерін толық сезіне бастаған соң үйді-үйлеріне тарай бастады. Әйел кісілер кішкене балалар шошып қалады ма екен деген оймен жүгіре басып жөнелген. Ералы да енді түс көргендей болып түр. Бірақ осы жанұяның басы өзі болған соң анау-мынау сезіктерін сездірмей үйге қарай жүрді. Қажыбек пен Арғынғазы қалды сыртта. Қажыбек інісіне қарап, енді Шолпанды іздеуге аттанудың қажет екенін білдірді. Ол басын изеді.



ҚАЙТА ЖАСАЛҒАЫ БЕЙНЕСЫЗБА

Өзгерген Шолпан табиғатын кемемен ұшып шарлап, суретке, киноға түсіріп келгеннен кейін де Емшектаудағы іс тоқтаған жоқ-ты. Оны онан әрі қарай терең зерттеуге кіріскен. Жермен байланысқаннан кейін Шадыман Шолпанның бейнесызбасын қайта қарауды жөн көрді. Онысын күллі ғалымдар бірден қолдады. Жерден осыдан бір күн бұрын бейнесызба жасайтын ғалымдар да келген. Енді бәрі арнайы мәжіліс бөлмесіне жиналып, мәселені ары қарай талқылауға кіріскен.

— Менің пікірімше, Шолпан үстін кемемен шарлаудың қажеті аз деп бастады сөзін Жерден келген бас бейнесызбашы Жантұрсын Ұлымбетұлы, - біздің қазіргі техникалары- мыз көп тер тегуді қажет етпейді. Біз езімізбен бірге Шолпанның күллі бейнесызбасын түсіретін ғарыш жүйесін ала келгенбіз. Ол Шолпан төңірегінде айналып жүр. Жалпы, Шолпанның толық бейнесызбасын түсіру ісі мұнан талай ғасыр бұрын басталған. Бірақ олар жылдап ұшушы еді. Ал біздің ғарыш жүйеміз үшін ол түкке де тұрмайтын іс. Сон- дықтан осындағы орталық байланыс жүйесін пайдалану арқылы Шолпанның бар бетінің бейнесызбасын аз уақыттың ішінде жасап аламыз.

— Мен оныңызды қолдаймын, — деді Шадыман, — бірақ қосайын дегенім, бейнені неғұрлым анық алуымыз керек. Тіпті, ауылдардағы шағын көшелердің өзі де түсетін болса.

— Шағын көше түгілі, жалғыз аяқ жол да түседі, — деді Жантұрсын.

— Онда тамаша екен! — Шадыман қуанып қалды.

— Мен де бір ұсыныс бар, — деді сол кезде алдындағы микрофонға қарап сөйлеген бейнесызбашы Есболат Сенімұлы,

— біз Шолпан бедерін бейнесызбаға түсіруден бұрын Жердің өзіне назар аударсақ?

— Бұл да дүрыс пікір! — деп қолдады Есмұхан, — Шолпан, Шолпан деп жүріп Жерді де ұмыта бастаппыз-ау! Расында да онан қандай жерлер, қандай ауылдар мұнда көшті?

— Егер мұнда қандай ауылдардың көшіп келгенін білсек, Жерде ненің қалғаны белгілі болмай ма? — деді манадан үнсіз отырған Алдияр.



  • Менімше, бейнесызбаны түсіріп алғанымыз жөн. — Елназар орнынан қозғалақтап қойды, — сонда бәрі айқындалады.

Бөлме ішін бір сәтке тыныштық басты. Тек қаламдардың үйкелген дыбысы мен қағаздардың сытыры ғана естіледі. Расында да ғалымдардың арасында екі түрлі пікір туа бастаған тәрізді. Қай жағына шығу керек. Мұндағы басшы Шадыман болғандықтан негізгі пікір де соның ойымен тұжырымдалуы тиіс еді. Бірақ мұнда бас бейнесызбадан Жантұр- сын отырғандықтан негізгі шешімді сол кісінің өзіне қалдырғысы келді. Жантұрсын да аз үнсіздіктен кейін сөз алды.

— Жарайды, іске кіріселік, — деді ол, — әуелі Шолпанның бар бедерін бейнесызбаға түсірелік. Содан соң Жер төңірегіндегі ғарыш жүйесінен оның бейнесызбасын сұраймыз. Екеуің салыстырып қараймыз да барлық айырмашылықты біле қоямыз.

— Пікіріңіз өте дұрыс! — деді оған разы болған Шадыман, — солай жасайық. Уақыт оздырмайық!

Әңгіме осымен бітті. Бөлмедегі ғалымдар орындарынан жайымен түрегеп, орындықтарын қалпына келтіріп, қағаз- қаламдарын алып, сыртқа беттеді. Емшектаудың іші алапат бір үйдей болғандықтан ондағы үйлердің арасы құбырлармен жалғастырылған. Тек сыртқа шығар қақпаның жанындағы алаң ғана ашық. Сонан соң серуендейтін аллея мен алаң кең. Қалған бәліктері бір-бірімен құбырлар арқылы байланысып жатыр. Ғалымдар өздері білетін есік арқылы кең дәлізге шықты. Бір-бірімен жеңіл әңгімелесіп, ара-тұра әзілдесіп, орталық байланыс торабына қарай жүрді. Орталық байланыс торабына бүгінде көп өзгеріс енгізілген. Жерден Шолпан төңірегіне ғарыштық күрделі байланыс жүйесі келгендіктен онан дұрыс әрі анық мәліметтер алу үшін жасалған-ды. Ғалымдар көп кешікпей ол орталыққа да жетті. Тез жетулерінің басты себебі — дәліз бойындағы жылжитын жошаның барынан еді. Оның екі шетіндегі ұстағыштарға қол тиісімен-ақ жолша жылжып жөнеледі.

Орталық байланыс бөлімінде отырған кезекшілер ғалымдар келгенде орындарынан тұрып, сәлемдесті де, қайтадан жұмыстарын жалғастыра берді. Өйткені олардың әрқайсы- сының алдарында бір-бір шағын телеэкран бар. Ол экрандарға Шолпан төңірегінде ұшып жүрген түрлі мақсаттағы ғарыш кемелерімен, зерттеу жүйелерімен, сондай-ақ жалпы жұлдызды әлемдегі сырт жұлдызжүйелер, жұмбақ жұлдыздармен, дабыл көздерімен байланыс ұсталады. Кезекшіге орнынан кетуге болмайтыны сонан-ды.

Мәжіліс бөлмесінен келген ғалымдар да оны жақсы түсінеді. Шадыман мәдениетті түрде ыммен ғалымдарды бейнесызба жасайтын бөлімге қарай бастады. Оның ішінде үлкен шар тәрізденген жарық экран бар-ды. Егер өған алыстан қараса, ол кәдімгі аспандағы Шолпан ғаламшарының өзінен аумас еді. Оның оң тұсында Жердің экран-шары ілінген. Бір кездегі глобустан айырмашылықтары олардың бетіндегі бейнесызбалар эклектронды басқару жүйесінің басқаруына қарай құбылып отырады. Мысалы ондағы бейнесызбаға өзгеріс енгізерде сол жерді жоғалтып жіберіп орнына басқасын пайда етуге болады. Бір кездегі диспелейдің экрандағы жазулардың өшіріліп, қайта жанатыны, өзгертілетіні сияқты құбылыс. Бұл ғалымдарға о бастан белгілі нәрсе. Сондықтан да негізгі мәселе онда емес, мәселе Шолпан да қандай өзгеріс болды, соны анықтауда еді.

Ғалымдар сол екі шар ілінген үлкен бөлменің қарсы тұсындағы жұмсақ орындықтарға жайғасты. Содан соң Шадыман өзінің алдындағы кішкене экранға қарап тұрып:

— Біз дайынбыз. Бейнесызбалық жұмысты бастай беріңіздер! — деді.

— Түсіндік! — деген дыбыс жетті көрші бөлмедегі басқару орталығынан.

Ғалымдар екі экран-шарға кезек-кезек қарап отыр еді. Кенет оң жақтағысы сөніп қалды. Содан соң сол жақтағысының — Шолпанның аймақтарындағы өзгерістер байқала бастады. Құрылықтың орнын өзен, теңіз бен мұхит басты. Күні кеше ғана тып-тықыр болып жатқан тау баурайлары жайқалған шөп пен гүлге көмкерілді. Биік-биік ағаштар да пайда болды. Шолпан мүлдем өзгеріп шыға келді. Ғаламшардың төңірегіндегі ғарыштық байланыс жүйелерінен бейнемәлімет жеткен сайын өзгеріс көбейе берді. Енді бір кезде ауылдар көрінді. Әркім өзінің туған жерін іздеуде. Бірақ экран-шарда бірінші болып Шолпан қыздың ауылы шықты. Ғалымдар елең етісті. Өздері кемені шарлап қайтқан кезде, Шолпан бетінен бұл ауылды байқамаған-ды. Көзге түскені мұхит, теңіз, көл мен таулар, өсімдіктер әлемі болатын. Енді шынымен-ақ адамдардың тылсым-тіршілігі жүріп жатқан ауылдар да орныққан. Шолпанның ауылы ғалымдарға көптен таныс. Оның оң қапталында, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай өзен ағып жатыр. Өзен бойын қуалай өскен ағаштар да, оларды көлеңкелеп жүрген жылқылар да таныс. Ғалымдар ол ауылға геологиялық жұмыстармен барған. Енді бір кезде ауылдың адамдарын да қарап көруге талпынған еді ғалымдар. Бірақ қазіргі уақыт ауылды бақылау емес, Шолпан бет-бедеріндегі күллі өзгерістерді бейнесызбаға түсіріп алу болатын. Оның үстіне мұндағы әрбір минут қымбат.

— Шолпанның ауылы екені анық, — деді бір кезде Шадыман, — енді басқа ауылдарды керелік.

— Қазір бәрін де кересіздер, — деп басқару орталығындағы жігіт алдындағы түймелердің бірін нұқыды.

— Мүмкіндігінше рет-ретімен көрсетіңіз, — деді Шадыман қарсы алдындағы шағын экраннан жүзі ап-анық көрініп тұрған Қолғанат есімді жігітке.

Экран беті сәл жыбырлап барып қайта түзелді. Шолпан ғаламшарының басқа аймақтары рет-ретімен көріне берді. Бейнесызба ғаламшардың меридиандары бойымен жылжи түсіп жатты. Мұнда да Жердегі сияқты сағаттық белдеу алдын ала жасалынған. Ендік пен бойлық болса да белгілі. Қарап байқауға оңай болу үшін бейнесызба түсіруші апараттар әрбір меридианның бойымен жылжиды. Содан соң бойлық бойымен келесі меридианға ауысады. Сөйтіп кете береді. Ғалымдардың байқауынша, ауылдардың бәрі де Жердеп сияқты ендік пен бойлыққа орналасқан. Сағаттық белдеулері де сәйкес келеді. Шолпанның өз өсінен айналуы да қас қағым сәтке тоқтап, оңға қарай жөнелген. Тәуліктік уақыт та Жермен бірдей.

Ғалымдар бұл құпияны түсіне алмады. Бірақ бір құдіретті күшті адамдардың жасағанын анық сезді. Ал қалай жасады, ол да жұмбақ. Бірақ үміттерін ешқайсысы да үзген жоқ. Шадыман мен Елназар бұл істің бәрін қара денеден көрді. Басқалардың ойлары да осыған жуық-ты. Көрініс жалғаса берді. Шолпанның барлық бет-бедері бейнесызбаға түсіршді. Енді ғалымдардың көз алдарында кішкене Шолпан ілулі тұрғандай еді. Ол глобус секілді жайымен айналуда. Ғалымдар оның әрбір аймағына зер сала қарайды. Біраздан соң Шолпанның кішігірім көшірмесі солға таман жылжытылып әкетіліп, оң жақтағы шар ғалымдардың қарсы тұстарына әкелінді. Жаңағы әрекеттер қайта жалғасты.

Бірақ енді байланыс Шолпан төңірегінен емес, Жермен ұсталды. Жер төңірегіндегі бейнесызба жасайтын ғарыштық байланыс жүйелері іске кірісіп кеткен. Ғалымдар бір дегеннен Жер ғаламшарының түрлі аймақтарына зер сала бастады. Шолпанға қарағанда Жердің бейнесызбасы кім-кімге де о бастан белгілі. Ал ғалымдар, оның ішінде геологтар үшін тіпті де оңай-ды. Сондықтан керсетіліп жатқан аймақтарға қосымша түсінік берудің өзі де артық еді. Ғалымдарды елең деткен бір ғана нәрсе — өздерінің ауылдарының орнында еместігіне көз жеткізу болатын. Сол үшін де бәрі мұқият қараумен отырды. Көрші бөлмедегі басқару орталығындағы шардың кейбір жерлеріне өзгерістер енгізе бастады. Бірақ ол өзгерістер керісінше еді. Жер ғаламшарындағы кейбір ауылдар мүлдем жоқ. Олардың орындарында тып-типыл дала қалған. Ал қалалар болса сол орындарында. Ауылдарды Шолпанға көшірген адамдар ол қалаларды қаламайтын сияқты. Егер қаласа, осында әкелген болар еді. Ғалымдар мұның өзіне де мән бере қараған. Қала керек. Бірақ оның шектен тыс жыпырлап кетуі табиғатқа тек зиян әкелмек. Жаңа ғана Жер төңірегінен бейнесызба берген ғарыштық байланыс жүйелерінің экрандарында сол Жердегі қалалардың көптігі айқын білініп тұрды. Тіпті, қазақ жерінде қалған шамалы ауылдардың орындарын іздеп табудың өзі қандай қиын еді. Жер бейне бір өз денесіндегі бар кірін сыртына шығарғандай. Жыпырлаған қала үйлері көз тұндырады.

Шадыман осының бәрін көре отырып, өзінше бір ойға да батқан. Ол ойы Жерден тек табиғаты жақсы сақталған аймақтарды ғана көшіріп әкелудің мәні еді. Және оны білетін біреудің жасап отырғанын да сезді. Қарсы алдындағы Жердің кішкене көшірмесі “Менің бар бет-әлпетімді көріндер. Жарам ауыр” дегендей сыңай танытады. Тек тіл жоқ Жерде. Шадыманның ойына бір кезде Шолпанның қасындағы Абзал есімді жігіт түсті. Бар мәселенің сонда жатқанын да бір ойлап қойды. Бірақ онысын жанындағыларға айтқан жоқ. Әркім өзінше ой қорытып отырған-ды.

Сәлден соң Жер шарының кішкене көшірмесіндегі аймақтардың өзгерістері де түгелдей түсіріліп бітті. Енді Жер мен Шолпанды қатар қойып қараудың мәні бар еді. Жер ғаламшарының біраз жері Шолпанға ауысты. Жер төңірегіндегі байланыс жүйесінде отырған кезекшілер де ғажайып өзгеріс жөнінде өз пікірлерін айтып жатты. Бір мезетте жоқ болған ауыл жөнінде Жерде тарап жатқан әңгімелер де аз емес-ті. Соның шет жағасын бұлар да естіді. Бір заманда Атлантида атты үлкен бір мәдениетті қала мұхит түбіне кеткен. Ол жайындағы аңызды білмейтін жан жоқ. Тіпті, сол аңыз бүгінгі заманға да жетіп отыр. Бірақ мына оқиғаны ол аңызбен салыстыруға болмас еді. Әр заманның бір жұмбағы бар. Атлантиданың қалай су түбіне кеткені бүгінгі ғалымдар үшін бес саусақтай белгілі болса енді мына құбылыс өздерін балалық санада қалдырып отыр. Дүниенің жұмбағы осылайша жалғасып кете бермек. Тіпті, осы құбылысты жасап отырған адамдардың өздеріне де белгісіз жайттар көп шығар.

Ғалымдар бұл жағын да ойлады. Бірақ ойлағанда не, ең қажеті қазіргі жағдайды анықтау. Көз алдарында екі ғаламшардың бейнесызбасының дайын болғанына Шадыман ішінен қуанды. Бұл да үлкен жетістік еді. Ендігі мақсат — Шолпан үстін осы бейнесызбаларға қарап отырып, мұқият қарап шығу. Оны Шолпанның аулынан бастамақ болды.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет