Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз. Халықаралық зерттеу бағдарламасы


Оқушыларды бағалауға қатыстыру, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау



бет13/132
Дата11.07.2020
өлшемі0,53 Mb.
#75105
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132
Байланысты:
БӨТ (копия)
БӨТ (копия)
Оқушыларды бағалауға қатыстыру, өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау. Оқушылар алда тұрған мақсаттың мәнін түсініп, оған қол жеткізу үшін не істеу қаже екенін анықтау алған жағдайда ғана олар оқу мақсатына қол жеткізеді. Сондықтан оқу барысында өзін-өзі бағалаудың маңызы зор. Оқушыларының бойында өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға талпынған көптеген мұғалімдердің аңғарған: бұл реттегі ең бірінші және ең күрделі мәселе – оқушыларды өз жұмысы туралы мақсат қою тұрғысынан ойлануға үйрету. Олар бұны қалай істеу керек екенін түсінгенде ғана өз жұмыстарына шолу жасай бастайды, сол арқылы оны өздері орындап, өздері бақылай алады. Құрбы-құрдастарын бағалау өзін-өзі бағалаудың маңызды бөлігі болып табылады. Құрбы-құрдастарын бағалау өте пайдалы, себебі оқушылар өз жұмысына қатысты айтылған құрбыларының пікіріне құлақ асады. Ал оны мұғалім айтқан болса, олар оқушыға сондай әсер етпеуі мүмкін. Құрбы-құрдастарымен бірге жұмыс істеу де маңызды, себебі пікір алмасу оқушы күнделікті өмірінде қолданатын тілде жүреді, сонымен қатар оқушылар мұғалімнің рөлін ойнай отырып білім алады. Оқушылар түсініктемені түсінбеген кезде, олар мұғалімнен емес, өзінің құрбысынан сұрайды. Оның үстіне, бұл тәжірибе құрбы-құрдастарын бағалау ауыртпалығын оқушыға салуға болатындығымен құнды. Сондықтан тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда әр сабақта өзін-өзі бағалау мен өзара бағалаудың әдістері көрсетілді және әр сабақта түрлендіріп отырған дұрыс.

Өзара бағалау — бұл оқытушының нұсқаулығына сүйене отырып, тыңдаушылар бір-бірінің жұмысын өздері тексеретін жұмыстарды, тапсырмалар мен тестілерді тексеру тәсілі. Тыңдаушылардың жұмыстарды табысты және тиімді тексеруінің негізгі критериясы-бағалаудың нақты және түсінікті ережелері.

Бағалау мұғалімдерге: сапалы білім алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; оқытудың сапасын жақсартуға; әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып оқытуға мүмкіндік береді.

Ал оқушыларға: өзара бағалау кері байланыс беруге көмектеседі, яғни бір-бірінен білім алуға және бір-біріне қолдау көрсетуге, бір-бірімен талқылауға, әңгімелесуге, түсіндіруге және бірін-бірі сынауға мүмкіндік береді. сапалы өзара бағалау өз жұмысын бағалау сапасын жақсартуға ықпал етеді, нәтижесінде ол оқушылардың бойында өзінің алға дамуы үшін жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Өзара бағалау — бұл уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар басқа да бірқатар артықшылықтар:


  • Қатысушылардың жұмысына рецензиялау көбінесе сапалы орындауға қосымша ынталандыру болып табылады. Біріншіден, жұмысты басқа адам көреді (айналасындағылардың пікірі), екіншіден, барлығы тең жағдайда (peer сөзінің бір мағынасы-тегіс, тең)

  • Тыңдаушылар өз жұмысына жаңа көзқарас пен жаңа кері байланыс алады

  • Жұмысты тексеру кезінде рецензент оқу материалын жақсы түсінеді және басқаның жұмыс мысалында тапсырманы орындаудың баламалы тәсілдерін біледі

Не білу керек? Өзара бағалау-бұл: тыңдаушылардың жұмысын тексеру; тексеруге міндетті нұсқаулар (жазбаша немесе ауызша); тексеру арқылы тыңдаушылардың материалды терең зерделеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   132




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет