Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет25/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Топырақтың тығыздылығы 
деп табиғи жағдайдағы көлемі 1 см
3
құрғақ 
топырақтың салмағын айтады, өлшем бірлігі г/см
3
. Топырақтың тығыздылығы минералды 
топырақтарда орташа есеппен 0,9-1,8 г/см
3
, батпақты-шымтезекті топырақтарда 0,15-0,40 
г/см
3
. Тығыздылық топырақтың минерологиялық, гранулометриялық құрамына, органикалық 
заттардың мөлшеріне, түйіртпектілігіне және құрылымына байланысты болады.
Балшықты және құмбалшықты топырақтарды тығыздылығы бойынша бағалау: (Н.А. 
Качинский бойынша) 
<1,0 г/см

топырақ органикалық заттарға бай;
1,0-1,1 жаңа жыртылған топыраққа тән;
1,2 танап тығыздалған;
1,3 – 1,4 күшті тығыздалған;
1,4- 1,6 жыртылма қабаттың астында; 
1,6 – 1,8 иллювиалды қабат.
Оптималды көрсеткіштер:
1. Жеңіл гранулометриялы топырақтар (құмды, құмайт) - 1,3-1,5 г/см
3
;
2. жеңіл құмбалшықты - 1,2 – 1,4 г/см
3
;
3. Балшықты, орташа, ауыр құмбалшықты – 1,1-1,3 г/см
3
.
Топырақтың тығыздылығының агрономиялық маңызы зор, себебі ол өсімдіктердің 
және топырақ микроағзаларының жағдайларына әсерін тигізеді. Топырақтың қатты 
тығыздануынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі топырақ-климаттық жағдайға 
байланысты 5-25%-ға дейін төмендейді.
Топырақтың саңылаулығы
(қуыстылығы) белгілі көлемдегі саңылаулардың 
жиынтық көрсеткішін топырақтың саңылаулығы деп атайды. Оның мөлшерін %-бен 
көрсетеді. Келесі формула бойынша анықталады:
К 
= [1 –
𝑑𝑣
Д
] ∙ 100 
К – топырақтың кеуектілігі, %;
dv – топырақтың тығыздылығы, г/см
3

d – қатты фазасының тығыздылығы, г/см
3

100 – пайызға есептеу коэффициенті.
Топырақтың саңылаулығы оның гранулометриялық құрамына, түйіртпектігіне, 
органикалық заттар мөлшеріне, топырақ фаунасының (жауын құрты, насекомдар және т.б.) 
әрекетіне және оны баптап, өңдеу әдісіне байланысты. Ал ауыл шаруашылығы 
қолданысындағы жерлерде ол, топырақты мәденилендіру шараларына және топырақ өңдеу 
жұмыстарымен тығыз байланысты болады. Н.А. Качинский бойынша топырақ кеуектілігі 55-
65% аралығында ауытқитын болса өте жақсы деп бағаланады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет