немесе илену шегі – топырақ үлгісін диаметрі 3мм шнур
илеуге болатын топырақтың
салмақтық ылғалы.
Жабысқақтық
– ылғал топырақтың басқа денелерге жабысуы. Жабысқақтық метал
пластинканы топырақтан жұлып алуға кететін күштің мөлшерімен анықталады.
Өлшем
бірлігі г/см
2
.
Байланыстылығы
– топырақтың механикалық элементтерін бөлуге арналған сыртқы
күшке қарсыласу қабілеті. Өлшем бірлігі кг/см
2
. Байланыстылық топырақтың
гранулометриялық,
минералогиялық құрамына, түйіртпектілік жағдайына, ылғалдылығына
және гумус мөлшеріне байланысты болады. Топырақ
қатты құрғаған кезде оның
байланыстылығы 5-10 есеге артады.
Қаттылығы
– топырақтың табиғи қалпында қысылуына немесе бөлектенуіне
қарсыласу қабілеті. Өлшемі г/см
2
. Арнайы қаттылықты өлшейтін приборлармен анықталады.
Топырақтың қаттылығы – байланыстылық
сияқты көрсеткістермен, минералогиялық,
гранулометриялық құрам, гумус мөлшері, ылғалдылық, алмаспалы катиондардың құрамына
тікелей тәуелді болады.
Достарыңызбен бөлісу: