Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)



Pdf көрінісі
бет33/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

4. Топырақтың құнарлылығы 
Топырақ табиғи дене ретіндегі, басқа табиғи денелерде кездеспейтін қасиеті оның 
құнарлылығы. Топырақтың бұл қасиетіне байланысты жер бетіндегі өсімдіктер мен 
жануарлардың, сонымен қатар адамзаттың да тіршілігі жүзеге асады. Агрономиялық 
тұрғыдан топырақ құнарлығы оның барлық қызыметтерімен байланысты қаралып
құнарлылық туралы ұғым да өзгере бастады. Батыс Европада өсімдіктер қоректенуінің 


«гумустық» теориясы тарған кезде (А.Теер, 1830) топырақ құнарлығын оның өсімдіктерді 
шірінділермен қамтамасыз етуі, ал кейінірек өсімдіктердің минералдық элементтермен 
қоректенуінің (Ю.Либих1840) жақтаушылары топырақтың өсімдіктерді барлық қажет 
минералдық элементтермен қамтамасыз ету қабілеті деп есептеді.
Қазіргі кезде ғылыми басыламдарда топырақ құнарлылығы туралы академик 
В.Р.Вильямстың берген анықтамасы кеңінен орын алған. В.Р.Вильямс бойынша топырақ 
құнарлығы деп оның өсімдіктерді үздіксіз сумен және қоректік элементтермен қамтамасыз 
ету қабілетін айтады. Ал, өсімдіктерге қажет жылу мен жарықты ол ғарыштық факторлар деп 
қараған. Қазіргі кезде топырақ құнарлылығына кең көлемді түсініктемелер арқылы анықтама 
беріледі. Мәселен, борпылдақ тау жыныстары да топырақ сияқты ылғал мен өсімдіктер 
қоректенетін элементтерді өз бойында ұстап тұруға қабілетті, бірақ тау жыныстарына немесе 
ылғалға түскен өсімдік тұқымдары өнгенімен толық өсіп жетіліп өнім бере алмайды. 
Өсімдіктер судан және тамырмен қоректенетін элементтерден басқа жарықты, жылуды, 
оттегін қажет етеді, өсімдіктердің жасыл жапырақтары көмірқышқыл газын қажет етеді. 
Топырақтың құрамына көптеген тірі микроағзалар кіреді. Олар қоректік элементтердің 
топырақта жинақталуына, көмірқышқыл газымен қамтамасыз етудемаңызды роль атқарады, 
сонымен қатар гумусты заттардың шоғырлануына әсерін тигізеді. Сондықтан топырақ 
аналық организм ретінде күн энергиясы, қоршаған ортаның әр түрлі қосындыларын, қоректік 
элементтерін сіңіреді оларды күрделі био-физико-химиялық процестер барысында 
трансформациялап және өсімдіктерді барлық жағдайлармен қамтамасыз етеді. Сол себепті 
топырақ құнарлылығы деп өсімдіктердің өсуін және оларға қажет барлық жағдаймен (тек 
қана сумен және қоректік элементтермен ғана емес) қамтамасыз ету қабілетін айтады. К. 
Маркс «капитал» атты еңбегінде топырақ құнарлығының үш категориясын анықтаған: 
табиғи немесе потенциялды, жасанды немесе эффективті және экономикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет