Таза ауада Серуен:
|
11.30-11.50
|
Қар үстіндегі іздерді бақылау.
Мақсаты: балаларды қар үстіндегі адамдардың, жануарлардың, құстардың ізін айыра білуге үйрету.
Көркем сөз:
Қандай суық қыс деген?
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең
Құлағыңды тістеген.
Еңбек: Ойын құралдарын қардан тазалау.
Мақсаты: еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Кептерді қуып жет» Мақсаты:
Жеке жұмыс: Жұмбақтар жасыру
Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ жүреді.
Аузы жоқ ұлиды. (Боран)
Өзіндік іс-әрекет: Аққала жасау. Қалаулары бойынша ойындар.
|
Қар (ұлпаларының) ұшқындарына бақылау жүргізу.
Мақсаты: балаларға қар ұшқындарының қалай пайда болатыны жайлы айту, олардың құрылысымен таныстыру. олардың құрлысымен таныстыру,
Қар ұшқыны алты қанаттан тұрады, олар бір—біріне өте ұқсас келеді.
Қар ұшқыны жаңбыр сияқты, бұлтта жаратылады. Су буы өте жоғары көтеріледі: сол жоғарыда ауаның температурасы өте төмен болғандықтан, сол су буларынан кішкентай ғана мұз қиыршықтары пайда болады. Алты қырлы мұз түйіршіктері өсіп кішкентай жұлдызшаларға айналады, сөйтіп қар ұшқындары жерге түседі.
Көркем сөз:
Қыста көлге мұз қатты,
Табанымды мұздатты.
Мұз ойылып кетті тез,
Күліп едік, біз қатты.
Еңбек: Ойын алаңын қардан тазарту.
Мақсаты: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
|