Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы



Pdf көрінісі
бет293/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

 Перкуссия
Перкуссия тәсілі соққыдан
 
пайда болатын дене қозғалысының тербеліс
толқындарын туғызуына негізделген.
 
Ал, тербеліс толқындары
 
белгілі бір амплитудада,
жілікте
 
және ұзындықта дыбыс болып қабылданады. Дыбыс
 
биіктігі тербеліс жиілігіне
байланысты.
 
Тербеліс жиілігі мүшелердің тығыздығына тікелей байланысты 
Мүше неғұрлым тығыз
 
болса, оны қаққанда, пайда болатын дыбыс тербелісінін
жиілігі соғұрлым көп болады.
а) б)
в) г)
198


д)
Сондықтан, тығыз мүшелерде
 
пайда болатын дыбыс биік болады. Құрамында ауа көп
мүшелер перкуссиялық төмен (жуан) дыбыс береді.
Перкуссия ережелері мен әдістері.
Бөлме іші тыныш және жылы болуы керек.
Перкуссия кезінде аурудың дене бұлшық еттері босаңсыған қалыпты болуы қажет.
Дәріғердің қалпы өзіне ыңғайлы жағдайда болуы керек. Перкуссия кезінде дәрігер
аурудың алдыңғы жағында оң қолын ала тұрады, ал арт жағында оның сол жағын ала
тұрады. Ересек балаларда өкпенің алдынғы беті – шалқасынан жатқанда, ал артқы беті –
отырғанда тексеріледі. Баланың иығы және жауырындары бір деңгейде болуы керек.
Жасау әдісіне қарай перкуссия тікелей және жанама болып екіге бөлінеді
(58, 59
суреттер).
Тікелей перкуссияда перкуссиялық қағу аурудың денесіне тікелей тиеді.
Тікелей перкуссияның бір түрі Образцов перкуссиясы – перкуссия жасайтын мүшені сұқ
саусақ ортаңғы саусақтың үстінен сырғанап
 
түсіп барып, шертіп ұрады 
(58 а сурет). 
Бұл
тәсіл негізінен сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады. Екінші бір түрі – оң
қолдың ортаңғы саусағын саусақ аралық буындарда доға тәріздес бүгіп қабырғаны қағу
(59 а, б суреттер).
Тікелей перкуссияның тағы бір түрі Ауэнбруггер ұсынған перкуссия әдісі, бір-
бірімен біріктіріліп жартылай иілген төрт саусақпен қағу.
Тікелей перкуссия перкуссиялық дыбысты бағалаумен қатар, тексеріліп отырған
мүшенің физикалық қасиеттерінде сезіп білуге мүмкіндік береді. Қазіргі мезгілде тікелей
перкуссия сәбилерде, жаңа туылған нәрестелерде қолданылады 
(59-в сурет).
Жанама перкуссияда мүшені қағу плессиметр (тұғырық) арқылы жүргізіледі
(58 б
сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет