Қораптық дыбысы:
қатты перкуторлы тимпанит реңді дыбыс, ол өкпе тінінің
созылғыштығы нашарлап, оның қуысында ауа
көбейгенде естіледі (өкпе эмфиземасы).
«Ыдыстың (құмыра) жарылуы тәріздес»
шу – ыдыс сынып, жарылып жатқандай
дыбыс естіледі. Ауру аузын ашқанда (бала жылаған кезде) шу қаттырақ, анық естіледі.
Кренинг аланының ені
плессиметр саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің
жоғарғы жиегінің ортасына орналастырып, кезек-кезек иыққа, мойынға қарай жылжытып
перкуссиялау арқылы анықталады. Табылған нүктелер аралығы Кренинг аймағының ені
ретінде анықталады. Қалыпты жағдайда ол ен 4—6 см алқапты қамтып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |