Ылғалды сырылдар. Ауа бронх ішіндегі сұйықтық арқылы өткенде пайда болады.
Ауа толқыны сұйықтық арқылы өтіп, көпіршектер жарылғанда, көпіршіктің жарылуының
ылғалды сырылы (судың бүлкілдеп қайнағанын еске түсіреді) естіледі.
Саңылауында сұйықтық жиналған бронхтың мөлшеріне байланысты ылғалды
сырылдар – ірі көпіршікті (ірі бронхтарда), орташа көпіршікті (орташа бронхтар) және
ұсақ көпіршікті (ұсақ бронхтар) болып бөлінеді. Ең маңыздысы – олар сыңғырлаған ашық
және ашық емес болып бөлінеді. Біріншісі бронх жанындағы өкпе тіні қатайғанда
(пневмонияда) және қуыс пайда болғанда (каверна, бронхоэктазда) естіледі.