Балашт ү с І п қ алие в б а л а л а р а у р у л а р ы


ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ СИНДРОМЫ



Pdf көрінісі
бет302/1544
Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Mb.
#84538
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   1544
Байланысты:
ПДБ ҚАЗ ТҮСІПҚАЛИЕВ

ТЫНЫС ЖЕТІСПЕУШІЛІГІ СИНДРОМЫ
Организмде қанның газдық құрамының қалыпты жағдайда болуы қамтамасыз
етілмегенде, немесе газдың құрамы қалыпты жағдайдағы тыныс жүйесінің жұмысының
бұзылуымен қамтамасыз етілетін болғандағы жағдай тыныс жетіспеушілігі деп аталады.
Тыныс жетіспеушілігі 4 дәрежеге белінеді.
1–дәрежесі: тыныштық жағдайда ешқандай клиникалық белгілері білінбейді, немесе
белгілері өте аз білінеді. Бірақ, организмге сәл ғана салмақ түскенде, ентігу, ауыз
айналасының көгеруі және тамыр соғысының жиелеуі пайда болады. Қанның өттегімен
қанықтығы қалыпты жағдайда немесе 90% дейін төмендейді. РСО
2
сынап бағанасы
бойынша 80-90 мм. Тыныстың минуттың көлемі көбейеді, негізгі зат алмасуымен тыныс
эквивалентінің біразырақ көбеюіне байланысты өкпенің минуттық вентиляциясы және
тыныс қоры азаяды.
2–дәрежесі. Тыныштық жағдайда ентігу (тыныс саны қалыпты жағдайға қарағанда
25% көбейеді), тахикардия, ауыз айналасының көгеру және терінің бозаруы білінеді.
204


Тамыр соғу саны мен тыныс санының қатынасы 2-1,5:1 болады. Артериялық қысымның
көтерілуіне және ацидозға (РН-7,3) бейімделеді. Өкпенің желденуі, тыныс шегі 50%-га
дейін төмендейді. Қанның өттегімен қанықтығы 70-90 мм. Оттегімен демалдырғанда,
науқастың жағдайы жақсарады.
3–дәрежесі. Тынысы 50% артық жиілейді, жер түсті көгеру пайда болады, жабысқақ
тер шығады. Тыныс алуы жиі және беткі болып келеді. Артериялық қысым төмендейді,
тыныс қоры 0-ге дейін азаяды. Тыныстың минуттық көлемі төмендейді, қанның өттегімен
қаныктығы 70% төмен (Р0
2
70 мм-ден томен), зат алмасулық ацидоз (РН-7,3 де төмен)
пайда болады, гиперкапния (РС0
2
-сынап бағасы бойынша 70-80 мм) болуы мүмкін.
Өкпенің тіршілік сиымдылығы (ӨТС) және өкпенің минуттық вентиляциясы 50% артық
төмендейді.
4–дәрежесі – гипоксемиялық кома. Науқас есінен айырылады. Ырғағы бұзылып,
тыныс тайызданады. Жалпы көгеру (акроцианоз) пайда болып, мойын веналары томпайып
шығады. Бұлшық еттің тонусы азаяды. Қанның оттегімен қанығуы 50% немесе оданда
төмен болады (РО
2
50 мм-ден төмен). РСО
2
100 мм-ден артық, РН 7,15 немесе оданда
төмен болады. Оттегімен демалдыру жағдайын жақсартпайды, тіптен нашарлатып жіберуі
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   1544




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет