д)
күшейген бронхиальды тыныс;
е)
бронховезикулярлы тыныс.
Плевраның үйкелісі шуы.
Плевраның қабықтарынын үйкелуінен пайда болады, тек
қана патологиялық жағдайларда кездеседі. Плевра қабынғанда, фибрин және инфильтрат
пайда болғанда (плевра беті бұжырланып тегіс болмайды) байқалады.
Плеврада тыртық болғанда, плевра ісінгенде, туберкулезінде, организм шұғыл су
жоғалтқанда (коли-инфекция, холера тағы басқалар) байқалады.
Бронхофония
– аускультациямен анықталатын дауыстың бронхтардан кеуде қуы-
сының бетіне өтуі. Бронхофония өкпенің симметриялық аймақтарында анықталады. Се-
зімтал болып келетін сыбырлап сөйлеуді қолданған жөн. Науқас төмен дауыспен сыбыр-
лап, «ия» және «и» әріптерді айтады. Мысалы: «бір чашка чай», «шамшырақ», шаң-шұң.
Өкпе қатайғанда (пневмония, туберкулез), ателектазда бронхофония өзгеше болады.
Каверналар мен бронхоэктаздар қуыстарының үстінде, бронх бітеліп қалмаса,
бронхофония мұнда да өте қатты естіледі. Өкпе ткані қатайғанда, күшейтілген
бронхофонияда дауыс жақсы өтсе, қуыстар пайда болғанда, резонанс болады. Сондықтан
ашық пневмоторакста бронхофония күшейеді.
Егер плевра қуысында сұйық (плеврит, гидроторакс, гемоторакс) және ауа
(пневмоторакс) жиналса, бронхофония әлсіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |