БРОНХООБСТРУКЦИЯ СИНДРОМЫ Жоғарғы тыныс жолдарының обструкциясы – патологиялық процесстер әсерінен
кеңірдек пен бронхтың тарылуына байланысты тыныс жолындағы ауа жүрісіне кедергі
пайда болуы. Бронхообструкциялық синдромы – жедел тыныс жетіспеушілігінің көп
кездесетін себептерінің бірі. Ерте қалыптасатын декомпенсациялық жағдайдың төтеншілі-
гін көрсетеді және оған баланың тыныс жолының тарлығы төмендегі ерекшеліктер
икемдігі көрсетеді. Көмейдің дауыс желбезегі астындағы кеңістігіндегі клетчаткасының
борпылдақтығы; Балалардың ларингоспазмаға икемділігі; Тыныстық бұлшық еттердің
салыстырмалы әлсіздігі.
Тыныс жолдарының бронхообструкция синдромы теменгі жағдайларда кездеседі.
Көмей стенозы (тарылуы). Стридор – қатқыл, дірілдейтін, кейде қорыл сияқты шулы
тыныс, ішіне тартқанда күшейеді. Тыныс жолын ісік басып қалғанда тағы басқа тыныс
жолының туа біткен ақауларында кездеседі. Туа болған көмей стридоры (инспираторлы
көмей коллапсы) – тілшік үлкейгенде болады. Кейде баланы тіке ұстағанда, жоғалып
кетеді. Бала бір жасқа толар кезде бірте-бірте жойылып кетеді. Балаларда өте сирек
көмейдің қосымша қыртысы кездеседі. Ол толығынан немесе жартылай дауыс тесігін
жауып тастауы мүмкін, сондықтан обструкция белгілері біліне бастайды, дауыс
жойылады. Стридормен бірге өте сирек көмейдің туа болған