Белгілері негізінен кеңірдек, көмей, бронхтардың
қаншалықты қабынғанын, тыныс
жеткіліксіздігінің дәрежелерін көрсетеді.
Оттегі жетіспеушілігіне байланысты көмей стеноз дәрежесі мен ұзақтығы келесідей
болып бөлінеді. І дәрежелі – компенсацияланған; ІІ – субкомпенсацияланған; ІІІ –
декомпенсацияланған немесе предасфиксия және ІV – асфиксия.
I дәрежесі – дауыс қырылдап естіледі, жөтел қатқыл үрмелі, мұрын-ауыз үшбұрышы
аздап көгерген.
Қобалжыған кезде, жылағанда, қозғалғанда инспираторлы ентігу пайда
болады. Тыныштық кезінде бала ентікпейді.
II
дәрежесі – бала мазасыз, жиі қатқыл үрлеп жөтеледі, үнемі ентігіп отырады және
тыныс алуға
қосымша бұлшық еттер қатысады, қатты терлейді, дауысы қырылдап
естіледі. Жөтел кезінде мұрын-ауыз үшбұрышы қатты көгереді де, жөтеліп болған соң
кетпей қалып қояды.
ІІІ дәрежесі – ауру қатты мазасызданады, өте жиі жөтеледі,
ерні мен қолдары
(тырнақтары) көгереді. Басын кейін қарай шалқайтады. Құрсақ үсті бұрышы, төс ойығы,
қабырға аралықтары ішіне қарай тартылып, инспираторлы қатты шулы ентігу пайда
болады.
Тамыр соғысы жиілеп, салқын тер құйып кетеді.
IV- дәрежесі. – науқас әлі кетіп құлайды, басын шалқайтып,
аузын ашып, ауа
жұтқысы келіп жанталасады. Кеуде қуысының қосымша еттері тартылады.
Күрт көгереді. Дене құрысуы пайда болуы мүмкін. Тамыр соғысы әлсіз, ырғақсыз,
жүрек соғуы әлсізденіп, тыныс тоқтайды, аздан соң тоқтап бірнеше ретсіз жиырылудан
кейін бір жола тоқтап қалады. Шын круп көмей дифтериясында, жалған круп қызылшада,
вирусты инфекцияда кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: