а) б)
63 сурет.
Өкпені тыңдайтын орындар.
а)
алдыңғы бетінен;
б)
артқы бетінен
7 жастан бастап тыныс везикулярлы бола бастайды. Алғашқыда өтпелі везикулярлы,
яғни пуэрилдімен везикулярлы тыныстың ортасында болады
(64 сурет).
Тыныстың патологиялық өзгеруі.
Ұсақ бронхтар тарылғанда (тыныс шығарғанда),
бронхтар қабынғанда немесе тарылғанда (астма
ұстамасы, бронхолит), қызбалы
ауруларда, бір жағында патологиялық процесс жүріп,
екінші сау жағында дыбыс
компенсаторлы, тыныс күшейеді.
Тыныстың қатты естілуі немесе қатқыл везикулярлы тыныс шығару сатысы
ұзарғанда бронхитте, бронхопневмонияда болады.
Бронхиальды тыныс өкпе ткані қатайғанда (сегментарлы
және бөлікті пневмония,
өкпе іріңдігі) естіледі.
Сырылдар
— қосымша шулар болып есептелінеді және бронх қуыстарындағы қан,
кілегей сұйықтардың қозғалуынан пайда болады. Сырылдар құрғақ және ылғалды болып
екіге бөлінеді. Үлкен бронхтарда пайда болған құрғақ сырылдар төмен дыбысты
(ызыңды)
құрғақ сырыл, ал орташа бронхтарда пайда болған құрғақ сырылдар
жоғары (ысқырықты құрғақ дыбыс) болып келеді. Құрғақ
сырылдың пайда болуына
сұйықтың қатысы жоқ. Олар тұрақсыз және өзгергіш болады, ларингитте, фарингитте,
бронхитте кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: