Байланысты: Бейсебаева салтанат бейсекуловна «мемлекет ж не Ы теориясы»
8 тақырып. Құқық нормалары және нысандары (қайнар көздері).
Дәріс 15 1.Құқық нормасының ұғымы және құрылымы.
2. Құқық нормасы – адамдардың тәртібінің ережесі, үлгісі, өлшемі, мінез- құлық көлемі ретінде.
Құқық қоғамдағы адамдардың өзара қарым – қатынасын реттеп отыратын, мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелердің жиынтығы. Құқықтың пайда болуы немесе қоғамдық қатынастарға байланысты қайта құрылуы, құқықтың мазмұнының, мәнінің өзгергендігі, мемлекеттегі заңның, құқықтық тәртіптің дәрежесінің көрінісі реттінде қалыптасуы. Құқық мемлекеттің әлеуметтік процестерді басқару қажеттілігінен келіп туады. Құқықтың күші заң ретінде тіркелуінде емес, оның қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып, оны реттеуге қатысуында.
Құқықтың негізгі қайнар көздеріне нормативті – құқықтық актілер, құқықтық салт-дәстүрлер, сот үлгі істері (прецеденті), діни нормалар, келісім – шарт жатады. Сонымен бірге, археологиялық қазбалар арқылы табылған құқықтың тарихи ескерткіштері, қоғамдағы әлеуметтік – экономикалық базиске негізделген сол дәуірдегі азаматтардың еркін білдіретін іс-әрекеттігі құқықтық актілер, заң тәжірибесі, сот шешендік сөздері, заңгерлер шығармалары және т.б. құқықты тану көздері болып саналады.
Құқық нормасы – қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінен туатын, жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез – құлық ережелері.
Құқықтық норма заңды ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Сондықтан оны мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды адамдар мен барлық азаматтар сақтауға міндетті. Заң нормасы – құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір-біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық - бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.
Құқық нормалары міндетті түрде әрбір құқық саласына сәйкес арнайы кодекстерде тұжырымдалады.
Құқық нормаларының ерекше белгілері мыналар:
Жалпыға міндеттілігі – бұл мемлекет азаматтарының мінез – құлқындағы орындалуға міндетті мемлекеттік билік жазбалары;
Формальды анықтылығы, яғни құқық нормаларының белгілі ережелерге сәйкес қатаң түрде арнаулы құжаттарда жазылуы;
Құқық нормалары мемлекеттің күштеу әдістерінің әсерінен бұзылудан қорғалады;
Құқық нормалары жалпыға міндетті екі бағытта құқықтық жазбалардан тұрады:
мінез-құлық ережелері;
негізгі нормалар.
Мінез – құлық ережелері - бұл нағыз реттеуші нормалар. Бұл нормалар құқықтық нормалардың үлкен бөлігін құрайды. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды жауапкершілігін белгілейді.
Негізгі (атқарушы, құрушы) нормалар – бұл норма – прициптер, норма – дефиницилер т.б.
Бұл нормалар құқықтық реттеудің бастамасын қалайды, құқықтық реттеудің бағыттарын анықтайды;
Құқық нормаларының мемлекетпен байланысы. Оны мемлекеттік
органдар белгілейді және мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі. Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші болып саналады. Мысалы: саяси билікке, басқаруға, әділеттілікке қатысты азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау т.б. қатынастарды реттейді;
Құқық нормалары – заңды және заңсыз мінез-құлықтың, құқықтық және құқықтық емес іс-әрекеттің өлшемі ретінде, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген адамдардың мінез-құлқының моделі, эталоны, өлшемі және көлем ретінде көрінуі. Сөйтіп, құқық нормасы мемлекет қалыптастырған және бекіткен жалпыға міндетті адамдардың мінез-құлық ережелері. Ол негізгі құқықтық прициптерге сай жүргізіледі және мемлекет күштеу әдістері қажет деп танылған жағдайда қамтамасыз етіледі.
Құқық нормасы кімге бағытталса, оны сол орындауға міндетті. Бұл міндеттегі барлық тұлғаға қатынасты және ол біртекті, ұқсас көптеген өмірлік жағдайларды реттеуге арналады. Заң нормаларын өз жазбаларының мазмұнына сәйкес бірнеше түрлерге бөлеміз:
реттеуші, құқық қорғаушы, басқарушы;
тиым салушы, міндеттеуші;
императивті, диспозитивті.
Реттеуші нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектілердің субъективті құқығын және заңды міндеттілігін, олардың пайда болуын және әрекет жағдайын анықтайтын нормалар.
Құқық қорғаушы нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектілердің құқықтық жауапкершілігінің шегін және мемлекеттің күштеу шараларының субъектіге қолдану жағдайын, белгіленген шаралардың мәні мен мазмұнын анықтайды.
Басқарушы нормалар қоғамдық қатынастарға түсуші субъектіге қандай да болсын іс-әрекет жасауға құқық беретін нормалар.
Тиым салушы нормалар – бұл нормалар субъектінің қандай іс-әрекетке өзін-өзі тоқтату қажет екендігін көрсетеді.
Міндеттеуші нормалар – бұл нормалар субъектінің іс-әрекетіндегі іске асыруды қажет ететін міндетін көрсетеді.
Императивті нормалар – бұл қатаң талаптармен жазылған жазбаларда көрсетілген және құқық субъектілерінің мүддесіне тәуелсіз іс-әрекет ететін нормалар.
Диспозитивтік нормалар – бұл әр–түрлі тұлғалардың осы норма реттейтін қатынастардағы мәселелерді өз еріктерімен реттеуі.
Құқық нормаларының әрекет ету мерзімі оның заңды күшіне енумен анықталады. Оның заңды күшіне ену мерзімі нормативті актіде,не болмаса жарияланғаннан кейінгі он күннен кейін енуге тиіс.
Құқық нормалары өз әрекетін жойғанда, оны алмастырғанда немесе әрекет ету мерзімі біткенде тоқтатылады. Құқық нормаларын нақты тұлғаларға, ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты қолдана отырып, өмірге енгізуге және тәжірибелік мәнге келтіру құқық нормаларын іске асыру тетіктерінің көмегімен атқарылады. Бұлар мыналар:
а) сақтану – рұқсат етілмейтін әрекеттерді істеуден тартыну;
ә) арқару – құқық нормасы жазбасында келтірілген міндеттерді атқаруға бағытталған белсенді әрекет;
б) пайдалану – құқық нормасында берілген құқықтарды пайдалану:
в) қолдану – мемлекеттің құдіретті органдарының нақты тәжірибелік қызметі.
Оның субъектісі нормативті акті шығаруға арнайы өкілеттігі бар орган немесе лауазымды тұлға. Құқық нормасын қолдану актісі нақты бір жеке немесе заңды тұлғаға бағытталады.
Құқық нормаларының топтастырылуы:
құқықтық реттеу пәні бойынша (қылмыстық құқық нормалары, азаматтық құқық нормалары т.б.);
заңды күші бойынша (заң нормалары және заң негізіндегі актілер нормалары);
жазбалардың мазмұнының мәні бойынша немесе диспозицияның мәні бойынша (міндеттеуші, тиым салушы, және уәкілетті);
жазба түрлеріне байланысты (императивті және диспозитивті);
құқық нормалары қолданылатын субъектілер бойынша (жалпы, арнайы, ерекше);
құқық нормаларының уақытқа байланысты іс-әрекет етуі (тұрақты, уақытша және төтенше);
құқық нормаларының кеңістіктегі әрекет ету бойынша (жоғарғы билік органдарының актілеріндегі және жергілікті өзін-өзі басқару актілеріндегі құқықтық нормалар);
жиынтығы бойынша материалдық және іс-жүргізу құқығы нормалары болып бөлінеді.
Құқық нормасының құрылымы үш бөліктен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза (болжам) – құқық нормалары қолданылатын анықталған жағдай, құқықтық нормада көрсетілген мінез –құлық ережелерінің күшіне енетін мезгілі.
Гипотезаны үшке бөлеміз:
жай гипотеза;
күрделі гипотеза;
балама гипотеза.
Диспозиция (мінез-құлық ережелері) – құқық нормасының негізгі бөлігі, осы құқық нормасы реттейтін қатынастарға түсушілердің құқықтары мен міндеттерін іске асыруға тиісті мінез-құлық ережелерін белгілейді.
Диспозиция үшке бөлінеді:
жай диспозиция;
бейнеленген диспозиция;
сілтеме диспозиция.
Санкция (жаза, шара) – құқық нормасының соңғы бөлігі, диспозицияда мазмұндалған әрекет не әрекетсіздік үшін немесе мінез-құлық ережесін сақталмағандығы үшін жауапқа тартылу қорытындысы. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді.
Санкцияның түрлері:
абсолютті–анық;
баламалы;
салыстырмалы.
Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атайды. Сөйтіп, құқық нормасы – гипотезадан, диспозициядан, санкциядан тұратын мінез-құлық ережелері.
Құқық нормалары нормативті – құқықтық актілерде көрінеді.
Нормативті актілер баптары – мемлекеттік биліктің көріну түрі және құқық нормаларын енгізу құралы. Заң (басқа да нормативтік-құқықтық актілер) - нормативтік акт болып саналады.
Заң шығарушы мінез-құлық ережелерін баяндау арқылы құқық нормаларының логикалық құрылымының үш элементін нормативті құқықтық актінің бір бабына енгізеді; нормативті құқықтық актінің бір бабына бірнеше құқықтық нормалар ендіреді; құқық нормалары элементтерін бірнеше әртүрлі нормативті баптарда баяндайды; құқық нормалары элементтерін бір нормативті актінің бірнеше баптарында көрсетеді.
Құқық нормалары және нормативті акті баптарының қатынасын баяндау әдісінің үш түрін көрсетуге болады:
тікелей әдіс – құқық нормасы тікелей нормативті акті бабында баяндалған кезде орын алады;
сілтеме әдіс – нормативті акті бабының барлық нормалары баяндалмай, осы нормативті актінің басқа бабында көрсетілгенде орын алады;
бланкеттік әдіс – нормативті акті бабы негізгі бапта көрсетілмей, қандай да басқа түрдегі нормативті актіге жіберілгенде орын алады.
“Нормалар” латын тілінде тәртіп жолы, нақты ұйғарым, үлгі деген мағынаны білдіреді. Бір сөзбен, нормалардың нақты мазмұнына, өзінде бар әр түрлі жағдайлардағы қажетті тәртіп туралы информация (деректер) жатады.
Құқық нормалары әлеуметтік нормалардың бір түрі, яғни қоғамдағы адамдардың тәртіптері туралы. Адам өзінің күнделікті қызмет процесіндегі өзін қоршаған шындықты біліп түсініп соның негізінде тәртіп жолын белгілейді, оған адамның ойында жиналған білім мен тәжірибе үлкен әсер етеді. Құралған тәртіп обьективтик және субьективтік факторлардың бірлігін көрсетеді. Ондағы обьективтікке қоғамның даму заңдылығын білгендік жатса, субьектитвтікке - жеке адамдардың не әлеуметтік топтардың сол заңдылыққа деген реакциясы (көзқарасы) жатады.
Нормалар қалыптасқаннан кейін әртүрлі нысанда көрінетін болады, яғни жекеленіп өзіне тиісті қызметін жүргізеді. Ондай бөліну сайып келгенде ол нормалардың ескіруіне әкеліп соғады, яғни сол кездегі шындықтың өзгеруіне, не болмаса субьектінің мақсатымен қызығушылығына байланысты болады. Дегенменде нормалар әдеттегідей барлық жағдайларға байланысты тез арада өзгеріске ұшырай бермейді: Себебі құқық нормалары өте қажетті тәртіптерді ұсынатын ақпарат құралы болып табылады, ол өзінің адам баласының тәртібін реттейтін жолдың бірі екендігін көрсетеді. Біріншіден нормаларда болашақ әрекеттің үлгісі болатын «бағдарлама» бар, екіншіден ол қоғам дамуының обьективтік заңдарын тануға негізделгендіктен, оның ұйғарымына сүйеніп жекелеген адамдардың не тұтасымен қоғамның мақсаттарын көбірек оптимальды варианттармен іске асыруға жетелейді.
Құқық нормалары әлеуметтік нормалардың барлық қажетін өз бойына сіңірген, сонымен қатар, оның ерекше белгілері бар, олар құқық нормаларының мемлекетпен бөлінбейтін байланыстарымен қамтамасыз етіледі.
Құқық нормаларының мынадай белгілері бар:
1.Құқық нормалары мемлекеттік - билік сипатында.
Құқық нормаларымен бекітілген ұйғарымдар мемлекеттен шығады және мемлекеттік маңызды қоғамдық қатнастарды қорғайды.
2.Құқық нормалары-жалпылама тәртіп жолы. Мемлекет нақты жеке адамдарға арнап тәртіп жолын белгілемейді. Тәртіп нормалары барлық құқық субьектілеріне жеке адамдарға және заңды тұлғаларға бірдей арналады.
3.Құқық нормалары - міндетті тәртіп жолы. Құқық нормаларын жөнді орындамау не құқық нормаларының талабын орындамау, мемлекеттік мәжбүрлеуге сай болады.
Құқық нормаларының міндеттілігін әртүрлі ғылыми бағыттың өкілдері түсінбейді. Нормативтік мектеп, құқық нормаларының міндеттілігін, оның өзінің сондай табиғатына байланысты шығарған; әлеуметтік мектеп - нормалардың қалыптасқан қоғамдық қатнастарға сайлығына байланысты; табиғи құқық мектебі - нормалардың жоғарғы адамгершілік бостандығы мен адалдық идеяларына сай келгендігінен көрсетеді.
4.Құқық нормалары - формальді-белгіліліктегі тәртіп. Құқықтық нормалар арнайы құжаттарда қалыптасады - заңдарда және қосымша нормативтік актілерде нақты ұйымдар түрінде, осындай жағдайлар оларды дұрыс түсінуді және іс жүзіне асыруды қамтамасыз етеді.
5.Құқық нормасы - екі жақты тәртіп жолы. Ол өзіне құқықтық қатынастарға қатнасушылардың құқығы мен міндеттерін қосып алады. Бір субьектіге құқық берсе, екіншісіне міндеттер жүктейді. Сонымен бірге еске алатын нәрсе құқық пен міндеттілік нормативті актінің бір бабында болмауы мүмкін. Көп жағдайда құқық бір бабта бекітілсе, міндетттілік сол нормативтік актінің басқа бабында болады не болмаса тіпті басқа нормативтік актіде болуы мүмкін. Сонымен қатар заңның бабында, тек құқық ғана көрсетіліп міндеттілік-заңының барлық мазмұнынан шығады (белгілі болуы тиіс). Керсінше болуы мүмкін, яғни заңда тек міндеттілік көрсетіліп құқықты жобалап түсінуге болады.
6. Құқық нормасы – тәртіптің жүйелік жолы. Әрбір құқықтың арнайы микрожүйесі бар, олар мынандай бір-біріне бағынышты элементтерден тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Сонымен қатар, ол басқа нормалармен бірігіп құқық жүйесінің бөлігі ретінде көрінеді.
Сонымен, құқық нормасы-мемлекетпен белгіленген және қамтамасыз етілетін жалпыға міндетті, формальді белгіліктегі тәртіп жолы, құқыққа қатынасушылардың құқығымен міндеттерін бекітуші.
Құқық нормасы тек қана қоғамдық қатнасқа қатнасушылардың тәртіп жолын қалыптастырмайды, сол тәртіптің іске асырылу жағдайында көрсетеді және өз жөнінде сақтамағандықтың соңында не боларына көңіл аударады. Соған байланысты әрбір құқық нормасының белгіленген құрылымы болады.
Құқық нормаларының құрылысына нормалардың ішкі құрылымы және оның элементтерінің бір-біріне қарым-қатынасы жатады.
Құқық нормаларының құрылымдық элементтеріне гипотеза, диспозиция және санкция жатады. Бұл элементер нормалардың логикалық мазмұнын қалыптастырады, оларды формула арқылы көрсетуге болады: «Егер белгілі уақыттарда, субьект белгілі әрекетті жасаса белгіленген жауапгершілік туады». Үш элементтің бірлігі ғана құқық нормасын құрайды. Оның біреуі кем болса, заңды нормалардың жоқтығы деген сөз.
Еске алатын нәрсе, құқық нормасы мен мәтіні (жазылғаны) көбінесе бір-біріне сай келмейді. Кей кезде диспозиция мен санкция заңның жазылуында бірігіп кетеді, соған байланысты айыру қиын. Сайып келгенде құқық нормаларының элементтері түрлі нормативтік актілерде көрінуі мүмкін.
Заң нормаларының элементтерінің құрылымы әртүрлі болуы мүмкін. Оларды сұрыптау, бөлу өткен ғасырда шешілген және осы күнге дейін өзгеріссіз қалған.
Гипотеза – бұл құқық нормаларының элементтерінің құрылысы. Ол оны іске асырудың жағдайын көрсетеді. Гипотеза берілген құқық нормасының нақтылы өмір жағдайына сәйкес келуін не келмеуін бегілейтін өлшем. Гипотеза субьектінің әртүрлі жағдайындағы, құқық нормасының әрекет жасай бастайтынын көрсететін орындарды көрсетеді.
Мазмұндық сипатына байланысты гипотеза, нормаларды іс жүзіне асыру жағдайының қаншалықты дәл келуіне байланысты жалпылыма және нақтылы болып бөлінуі мүмкін.
Жалпылама (абстракты) гипотезалар нормаларды пайдалану жағдайын жалпылама және жақындық белгілеріне байланысты белгілейді, олар нормалар әрекетіндегі мүмкін болатын кездейсоқтарды да қамтиды, бірақ ешқайсысын нақтылай алмайды.
Нақтылы (казустикалық) гипотезалар нормаларды орындататын жекелеген арнайы жағдайларды белгілейді. Ондай гипотезалардың тиімсіздігі сонда, олар заңды нормалардың санын ұлғайтады. Сонымен қатар құқықтық реттеуге мұқтаж, барлық қоғамдық қатынастарды қамти алмайды. Әр уақытта нақты гипотезамен алдын-ала қамтылмаған кездер болады. Сондықтан, қазіргі кезде гипотезаның ол түрі, нормаларды шығарғанда тәжірибеден көрінбей қалады.
Белгілілік деңгейіне байланысты, яғни нормалардың қаншалықты дәл іске асырылуына және соның жағдайларына байланысты, гипотезалар абсолюттік –белгілік және белгіленбеген болып бөлінеді.
Салыстырмалы-белгілілік гипотезасы-құқық нормасының әрекетінің тежемелік жағдайын көрсетеді.
Абсолюттік – белгіліліктегі гипотеза - түсінікті және нақты түрде, нормадағы іс жүзіне асырылатын фактілердің орындалуын көрсетеді. Мысалы, эпидемиялар кезінде, әскери жағдайларда не төтенше жағдайлар болған кезде ғана, көрсетілмеген нормативтік актілер іске қосылады.
Гипотезалардың көлеміне байланысты қарапайым және күрделі (қиын) болыып бөлінеді.
Қарапайым (жәй) гипотезалар, бірнеше жағдайларды көрсетіп, солардың әрқайсысының жеке-жеке не болмаса, бірігіп ұйғарымды орындаудың негізі болатындығын көрсетеді.
Құқық нормаларының қоланылуының негіздеріне байланысты гипотезаларды біржақты және көп жақты деп бөледі.
Біржақты гипотезалар, норманы қолданудың негізі ретінде тек құқыққа сай не сай емес жағдайларды алады. Мысалы қылмыстық кодексінің ерекше бөлігіндегі нормалар біржақты гипотезалар.
Екіжақты гипотезалар, өзіне заңды нормаларды әрекетке келтіретін құқыққа сай және сай емес жағдайларды қосып алады. Мұндағы болжайтынымыз сонда,тәртіптің сыйпатына байланысты құқықтық нәтижелер әртүрлі болады. Мысалы, екіжақтың сот мәжілісіне себепсіз, екінші рет келмеуіне байланысты, сот шағымды қарамай істі тоқтатады. Егер жақтар әртүрлі жағымды себептермен сотқа келмесе, сот процесі тек кейінге қалдырылады.
Дипозиция – құқық нормаларының құрамдық элементі, заңды сипаттағы маңызы бар құқық субьектісінің тәртібін белгілейтін үлгі. Егер гипотеза билік ұйғарымын қолданатын алғышарт болса, онда дипозиция заңды нормалардың ортасы екендігін көрсетеді, не болмаса заңды нәтижесі бар тәртіп жолын өзінде ұстайды. Диспозиция нормаларды реттейтін негізгі бөлігі ретінде көрінеді.
Құқық нормаларының диспозициясы әртүрлі болады және әртүрлі негіздеріне қарай бөлінеді.
Ондағы жазылған тәртіп жолдарындағы белгілілік деңгейіне байланысты диспозициялар абстракциялық және казуальдыққа бөлінеді.
Казуальдық диспозиция – нақтылы алдын-ала белгіленген не тыйым салынған әрекеттер, субьектілердің құқық нормаларын іске асырудағы құқығымен міндетін көрсетеді. Казуальды диспозицияның бір бейнесіне прецедент жатады - жеке істер бойынша соттың шешімі. Казуальды нормалардың тиімсіздігі, техникалық жағында, яғни заңның тазалығын қамтамасыз етпейді және оның ұлғаюына мүмкіндік береді.
Абстракты диспозициялар бөліктерін нақтыламай белгіленген тәртіп кейпін алдын-ала болжайды.
Жазылу жолына (тәртібіне) байланысты диспозициялар қарапайым (жәй), сипаттау, сілтеме және бланкеттік болып бөлінеді. Қарапайым диспозицияда тек тәртіп жолдары бар, оның белгілері ашылып көрсетілмейді, себебі олар жеткілікті түрде түсінікті. Диспозицияның бұл түрі түсінікті және анық түрдегі алдын-ала көрсетілгендер және олардың мазмұндары мен мәндері ешқандай сенімсіздік тудырмайды. Мысалы, Қ.Р.Қылмыстық кодексінің статьяларының дипозициялары тек құқыққа сай емес тәртіпті көрсетеді - оның анықтамасын бермей, кісі өлтіруді көрсетеді.
Сипаттау диспозициясы нақты түрде тәртіп жолын сипаттап оның маңыздылық жағынан көрінетін белгілерін атап өтеді. Мысалы, заң ұрлықты басқа адамның мүлкін жасырын, орнын толтырмай заңсыз алғандығын ситтайды.
Сілтеме дипозициясы құқықтық тәртіпке не құқықтық емес тәртіпке сипаттама бергеннің орнына, басқа нормаға сілтеме жасайды, яғни сол нормативтік актінің соған сай тәртібіне жасалған сипттамаға. Мысалы маманданған қылмысқа сипаттама бергенде басқа қылмыстық-құқықтық нормалардың белгілеріне сілтеме жасайды.
Бланкеттік диспозиция жалпы нысанда тәртіп жолын белгілейді және болар әрекеттің белгісіне сипаттама бермейді. Алдын-ала белгіленген ұйғарымды түсіндіру, норманы іс жүзіне асыру субьектісіне сілтеме жасайтын, басқа құқық нормаларында болады.
Заңды бағытына байланысты олар былай бөлінеді: өкілеттілік-міндеттеу, міндет арту, (басқару құқығына иелік етуге ерік беру) басқару құқығын беру, ұсыныс беру, тежеу және бекіту диспозициялары.
Өкілеттілік міндеттеу диспозициясында сатушы мен сатып алушының екіжақты тәртіп жолы белгіленген.
Міндеттеуші диспозициялар міндетті адамның тәртібін көрсетеді, мысалы, қарыз алушының міндеттілігі.
Басқарушылықты беру диспозициясында мүмкін болатын тәртіптің мөлшері бар, мысалы мүліктің иесінің.
Ұсыныс беру диспозициясы қалауды не белгілі тәртіптің сайлығын көрсетеді.
Тежеу диспозициялары тәртіптің өте қатал қалыпта болуын тежейді. Мысалы, еңбек құқығының нормалары кәмелетке толмағандардың еңбек ететін уақытының көпке созылмауын бақылап тежейді.
Бекіту диспозициялары мемлекеттік органдардың қызметтерінің мақсаттарын және жалпы соған қатысты принциптерді бекітеді.
Санкция - құқық нормасының құрамдық бөлігі, диспозицияны іс жүзіне асыратын субьекті үшін болатын нәтижені болжаушы. Олар негативті (жаза мөлшері) және позитивті болуы мүмкін (көтермелеу мөлшері, еңбек құқығының нораларымен алдын-ала белгіленеді).
Санкциялар құқықтық нормаларда мынандай негіздерде бөлінеді: белгілілік деңгейлеріне байланысты, абсолютті белгіліліктегі, салыстырмалы белгіліліктегі, альтернативті, кумулятивті және комбинацияға түскендер болып бөлінеді.
Абсолютті-белгіліліктегі санкцияларда қатал белгіленген ықпал ету мөлшері бар, мысалы құқық бұзушының дәл мөлшердегі айыбы көрсетілген. Санкцияның бұл түрі көп таралған, себебі құқық қорғау органдарының талабын тежейді және оларды қолдануда жекелеген құқық бұзушының барлық жағдайын, яғни құқықты бұзу кезіндегі жағдайларды толық есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Салыстырмалы – белгіліктегі санкцияларда жоғарғы және төменгі деңгейдегі жазалардың шекрасы болады. Соның қалпында құқық қорғау органдары оның дәл мөлшерін белгілейді Қазақстанның қылмыстық кодесінің ерекше мөлшерінің санкцияларының, статьяларының көпшілігінде солай. Альтернативті санкцияларында жазаның бірнеше түрі болады. Оның ішінен құқық қорғау органдары таңдағанын алады. Мысалы, бірнеше қылмыстарға бостандықтан айырудан басқа, уақытша еңбекпен түзеу жазалары қолданылуы мүмкін.
Кумулятивті санкциялар өзіне бірнеше жазаның түрлерін қосып алады және оларды біріктіру мүмкіндігін алдын-ала болжайды. Мысалы, бостандықтан айыру мен бірге дүние мүлкін конфискациялауы мүмкін.
Комбинациялау санкциялары дегеніміз, салыстырмалы белгіліліктегі, альтернативті және комулятивті санкцияларды комбинациялау.
Нәтиженің сипатына қарай негативті, позитивті, орнына келтіруші құқығы және құқығын жоққа шығару санкциялары болып бөлінеді.
Негативті санкциялар - оларды тағы да жазалаушы не айыптаушы деп атайды. Олар жаза қолдану мөлшерін алдын-ала белгілейді. Олар мемлекеттің құқыққа қарсы әрекетіне өте қатаң реакциясын көрсетеді.
Позитивті санкциялар ынталандыру және көтермелеу шараларын белгілейді.
Құқықты орнына келтіру санкциясы бұрынғы жағдайына келтіруді көздейді. Ондайға, келтірілген зиянды орнына келтіру үшін міндеттер жүктеу, заңсыз актыларды жою, орындалмаған міндеттерді күшпен орындату.
Құқықты жоққа шығару санкциясы дегеніміз, норманың ұйғарымын бұзғанға мемлекттің белсенділік көрсетпеу реакциясы. Ол пайда болған қатнастардағы құқықтық сипатты мойындамау. Мысалы, заңға қайшы жасалған келісім шарттар, заңсыз ретінде мойындалады; Белгіленген тәртіпке тіркелмеген некелік қатнастар жатады.
Жағымсыз нәтижелерінің бағытына байланысты санкциялар жеке адамдық және мүліктік болып бөлінеді.
Жеке адамдық санкциялар, құқық бұзушы жекелеген адамға деген ықпалға байланысты болады(бас бостандығынан айыру,өлім жазасы).
Мүліктік санкциялар – белгілі материалдық шығындармен байланысты(мүлікті тәлкілеу, айып салу т.б.).
Құқық нормаларының түрлері әртүрлі, жан-жақты болады. Олардың бөлінуі көптеген жағдайларға байланысты.
Мазмұндық сипатына байланысты - декларация-нормалары, дефиниций-нормалары, аладын-ала ұйғарым-нормалары болып бөлінеді.
Декларация нормалары мақсаттар мен міндеттердің құқықтық принциптерін бекітеді.
Дефиниций-нормалары - заңды белгілеудің құрылымы мен құқықтық түсініктерді сақтайды.
Декларация - нормалары мен дефиниций-нормалары тікелей тәртіп жолын белгілемесе де, олар толық бағалылықтағы құқықтық нормаларға жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасына анықтама бергенде, онымен қарым-қатнасқа ресми түрде түскенде, оны тәуелсіз, егеменді, унитарлық мемлекет ретінде мойындауы қажет. Бұл тәртіпті сақтау көптеген комплексті мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі және ол шаралар халықаралық,қылмыс және басқа құқық салаларында бекітілген.
Құқық нормаларының мақсаттарына байланысты реттеушілік және күзетушілік нормаларына бөлінеді.
Реттеушілік нормалар, тікелей құқықтық қатнастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін бегілейді. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының конститутциясындағы азаматтардың құқығы мен міндеттерін бекіткен бөлімін айтуға болады.
Күзетуші нормалар сол күзетуші нормаларды бұзушылардың заңды жауапгершілігіне байланысты қатнастарды реттейді.
Құқық нормалары субьектілерге ықпал ететін тәсілдерге байланысты - міндеттеуші, тыйым салушы, басқару өклеттілігін беруші нормаларға бөлінеді.
Міндеттеуші нормалар, субьектіге белгілі әрекетті жасауды жүктейді. Мысал ретінде, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіндегі баптардың негізінде, заңсыз ақпарат, коммерциялық құпияны алғаны үшін келтірген шығындарды төлеуге міндетті.
Тыйым салушы нормалар, қандайда болмасын кейбір белгілі әрекеттерді көрсетіп оны жасауға тыйым салады. Мысал ретінде қылмыс кодексінің сондай баптарына көңіл аударыңыз.
Басқару өкілеттілігін беруші нормалар, субьектлерге заңды нәтижелерді туғызатындығы үшін белгілі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.
Құқық нормалары міндетілік деңгейіне байланысты императивтік және диспозитивтік болып бөлінеді.
Императивтік нормалар субьектілердің ойларынша өзгертілуге қатаң түрде тыйым салынған ұйғарымдар. Қылмыс және әкімшілік нормалары сондай.
Диспозитивті нормалар субьектілерге, өздерінің құқықтары мен міндеттіліктерінің сипаты жөнінде мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Оларда мынандай тәртіп жолдары бар, яғни нормалар әрекетте болады, егер жақтар өздерінің келісімдерімен белгілемеген болса (өзгертпесе). Мысалы, ҚР азаматтық кодексінде мүлікті жалдап алушы, оны өз жөнінде ұстауға және өз есебінен жөндеуге міндетті, егер келісімнен басқа жағдай көрсетілменген болса.
Әрекет аясына байланысты құқық нормалары жалпы, арнайы және ерекше нормаларға бөлінеді.
Жалпы нормалар сол қатнастағылардың барлығына қолданылады. Әдеттегідей олар, барлық құқық салаларының жалпы бөлімдерінде болып, оның барлық институттарына жайылады. Мысалы, қылмысты белгілеу, барлық қылмыстық-құқықтық қатнастарға қолданылады.
Арнайы нормалар барлығын емес, тек сол саланың жекелеген қатнастарын реттейді: Мысалы, азаматтық құқық меншіктік қатнасты реттейді, тек соған ғана қолданылады және арендалық қатнастарға әрекет жасамайды.
Ерекшеліктегі нормалар, жалпы және арнайы нормалардан бөліп алынатындарды белгілейді. Мысалы, тұрғын үйге рұқсатсыз кіргендерді сот шешімімен шығаратын нормалар болса да, әкімшілік жолымен шығару белгіленген.
Құқық нормалары субьектілер ортасына байланысты жалпылама және арнайыға бөлінеді.
Жалпылама нормалар барлық азаматтарға таралса,
Арнайы нормалар- белгілі категориядағы адамдарға ғана қатысты-зейнеткерлерге, студенттерге, әскери адамдарға.
Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: конститутциялық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық қылмыстық-құқықтық, халықаралық, экологиялық т.б.
Салалық нормалар, арнайыланған құқықтық реттеулеріне байланысты, материальдық және процессуальдыққа бөлінеді.
Материальдық нормалар - құқықтық қатынастарға қатнасушылардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.
Процессуальдық нормалар, құқықтық ұйғарымдарды іске асырудың процедуралық тәртібін реттейді.
Норманы шығарған субьектілерге байланысты заң шығарушы және қосымша заңдық нормалар болып бөлінеді.
Заң шығарушы нормалар - заң шығарушы билік органдарының құқықтық шығармашылық жемісі.
Қосымша заңдық нормаларға атқарушы билік органдарының шығарған нормалары жатады.
Құқық нормалары әрекет уақыттарына байланысты тұрақты - өзінің күші арнайы алынып тасталғанға шейін әрекетте болады және уақытша – тек белгіленген уақытта ғана әрекетте болады.
Құқық нормаларының әрекет ететін орнына байланысты федеральдық (Ресейдің барлық аумағында әрекетте болады), региональды (федерация субьектісінің көлемінде ғана әрекетте болады) және жергілікті (белгіленген аумақтарда ғана әрекет етеді, яғни районда, қалада).
Құқық нормаларының бөлінуінің негіздемесін зерттеу, олардың белгілі шарттылықта екенін көрсетеді. Сондықтан осы мәселе бойынша көптеген пікірлер айтылған, яғни оған қатнасушылардың кейбіреуі, бір бөлуді мойындаса, екіншісі жоққа шығарып басқасын ұсынады. Әрбір бөлудің негізіндегі шарттылықтың көрінуі сонда, олардың әрқайсысының біржақтылығында. Мысалы, тек міндеттеуші не тыйым салушы құқық нормалары жоқ. Зерттеулерге қарағанда, қандай болмасын заң нормалары бір мезгілде міндеттеуші және тыйым салушы болады. Құқық номалары қандай болмасын әрекетті жасауға міндеттей отырып, оны жасаудан бас тартуды бір мезгілде талап етеді.
Дегенмен құқық нормаларын бөлу шарттылығы, олардың жалпы қажетсіздігі деген емес. Мұндай жіктеу (бөлу) құқықтың құрамының ерекшелігі мен жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды.
Құқық нормалары нормативтік актілердің баптарында бекітіледі, олардың әртүрлі заңды конструкциялары мен жазылу жолдары бар және салалық құқық арнайылығымен қатар, заң шығару техникасымен қамтамасыз етіледі.
Жоғарыдағы нақты айтылғандай, құқық нормасы және нормативтік актінің бірімен-бірі бірдей емес, көп жағдайда сәйкес келеді. Соған байланысты құқық нормаларын жазудың мынандай варианттары ұсынылады:
1) Құқық нормаларының логикалық құрылымының барлық үш элементі - гипотеза, диспозиция және санкция нормативті актінің бір бабына қосылады;
2) Құқық нормаларының элементтері нормативтік актілердің бірнеше, әртүрлі баптарында жазылады.
3) Нормативті актінің бір бабында бірнеше құқық нормалары қосылады.
Құқық нормаларын жазудың сипатына сай, баптарда былай бөледі: тікелей, сілтеме және бланеттік жолдар.
Тікелей жолмен жазғанда құқық нормалары толығымен нормативтік актінің бабына кіретін болады.
Сілтеме жолда, нормалар бабында толығымен жазылмайды, бірақ басқа бапта не сол нормативті актінің жартысында сілтеме жасалады.
Бланкеттік жолда да, құқық нормаларын толық емес жазу кездеседі, бірақ мұнда сілтеме басқа нормативті актіге жасалады.
Нормативтік талдау сипатына қарай құқық нормаларын жазу жолдарын абстракты, казуистикалыққа бөледі.
Абстракты жол - дегеніміз құқықтың ұйғарымын талдау түрінде көрсетеді, ол құқық нормаларын көптеген, соған ұқсас кездейсоқтыққа қолдануға мүмкіндік береді.
Казуистикалық жолмен құқықтық актілерді құрау, белгілі құқық нормаларын іске асыруға негіз болатын, ерекше кездейсоқтықты алдын-ала болжауды көрсетеді. Мысалы, Қ.П.К тура солай құрылған, онда сотталушы адамның сот мәжілісіндегі кездейсоқ жағдайлар айтуы:
1) сот мәжілісіндегі жауаптармен алдын-ала тергеудегі берілген жауаптарда маңызды қарама-қайшылықтар болса;
2) сотталушының сот мәжілісінде жауап беруден бас тартуы;
3) сотталушының қатнасуынсыз істің сотта қаралуы.
Құқық нормаларының заңдылық стилі оның ерекше мазмұнына сай болуы міндетті. Олар анық, түсінікті, болуы қажет. Онда ұсыныс беру тілек білдіру, үгіттеу (үндеу) болуы рұқсат етілмейді.
Белгілі заң нормаларын жазуға, құқықтық реттеуге және бекітуге жататын қоғамдық қатнастарды табуды алдын-ала болжайды. Егер ондай қатнастар қалыптаспаса, онда оларды құқықтық регламентациялау туралы әңгіме бастау, ерте болады.