Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Зерттеуге негізделген оқу



Pdf көрінісі
бет30/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379
Дәрілік өсімдіктер, sro(20170512-17855) (1), бала даму картасы 2021, 21858P (1)
 
Зерттеуге негізделген оқу 
Бастауыш сыныпқа арналған оқу бағдарламалары тақырыптық бірліктерді құру және 
іске асыруды көздейді. Бұл тәсіл бастауыш сыныптардағы кіріктірілген оқу мен оқыту 
тәсілінен көрініс табады, бірақ зерттеуге негізделген тәсіл тәрізді педагогикалық тәсілдер 
қолданылмаған жағдайда бұл оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыра алмауы мүмкін.
Зерттеуге негізделген оқу сындарлы оқу теориясына сүйенеді. Оқушыларға 
бағдарланған осындай тәсілді қолдану барысында оқушылар өздеріне сұрақ қояды, үйлестіруші, 
қолдау көрсетуші ретінде әрекет ететін мұғалімнің көмегімен фактілерді жай ғана ұсынбай, 
тиісті сценарий әзірлеу арқылы мәселелерді зерделейді. Оқушылар тақырыптарды зерттеу 
үшін ресурстарды пайдаланып, өз қорытындыларын жасайды. Бұл анағұрлым терең білім 
алып, пәнді түсіну үшін қажетті айтарлықтай жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып 
дамытуға көмектеседі. Әдетте зерттеуге негізделген оқу бастауыш сыныптарда оқытылатын 
«жаратылыстану» пәнімен байланыстырылғанымен, ол кез-келген пән үшін негіз бола алады, 
сонымен қатар, «дүниетану» сияқты әлеуметтік мәселелермен байланысты пәндер үшін 
керемет сай келеді (Hamston, J. and Murdoch, K., 1996). 
Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл 
сипатталған. Осы үш тәсілді төмендегідей қорытуға болады: 

Құрылымдалған зерттеу.
Мұғалім оқушылар ұстанатын шешімдер мен тәсілдерді 


30 
егжей-тегжейлі түсіндіреді (әр қадамды сипаттау арқылы). Оқушылар өздерінің (немесе басқа 
біреудің) тапқан жаңалықтарының негізінде мәселеге түсініктеме береді, талқылайды және 
қорытынды жасайды деп күтіледі. 

Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін зерттеу.
Мұғалім оқушылар ұстанатын белгілі 
бір құрылым ұсынады (мысалы, сұрақтар тізімінен зерттейтін мәселені таңдау). Оқушылар 
сұрақтарға жауап беру үшін тәсілді өздері таңдай алады. 

Ашық зерттеу
. Оқушылар зерттеу сұрағын және бұл сұраққа жауап берудің тәсілін 
өздері таңдайды. 
Құрылымдалған зерттеу негізінен мұғалімнің қолдау көрсетуімен жүргізіледі. 
Сондықтан бұл тәсілді жаңа дағды немесе тұжырым таныстырылатын сабақтарда қолданған 
орынды болады. Оқушылар өсіп, тәжірибесі толыға бастағанда, мұғалім жетекшілігімен 
жүретін зерттеуді пайдалануға болады. Оқушылардың негізгі мақсаты анағұрлым жоғары 
деңгейлі дағдыларын дамыта отырып, ашық зерттеу жүргізу болып табылады (Krystyniak and 
Heikkinen, 2007). Бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының аясында зерттеуге 
негізделген оқу белсенді оқу қағидаттарын ұстанатын қуатты педагогикалық құрал болып 
табылады. Сонымен бірге, ол оқушылар дәлелдерді бірлесіп талқылап, құрып, талдай алатын 
тиімді орта бола алады (Katchevich et al, 2013). Алайда, бұл ашық зерттеу оқуға сай келетін 
жалғыз педагогикалық тәсіл деген сөз емес. 
Зерттеуге негізделген оқу әдісін кез келген пәнде қолдануға болады. Пән бойынша 
негізгі көзделген мәселе зерттеу болған жағдайда, мұғалім көмекшіге ауысып, басты рөлге 
оқушы шығады.
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. 
Мұғалімнің 
жетекшілігімен 
жүргізілетін 
осындай 
зерттеу 
модельдерінің 
бірі 
«Ықпалдастырылған әлеуметтік зерттеу моделі» (Hamston & Murdoch, 1996) деп аталады. 
Модель әртүрлі жеті зерттеу кезеңін қамтиды (7-кесте).Зерттеу барысында болжамдарға
зерттеу мазмұнына, құндылықтар, көзқарастар, үдерістер мен дағдыларға күмән тудырылған 
жағдайда әр кезең қайта қарастырылып, тексеріліп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет