Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-16.2. Горизонттар жазбасы



бет18/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
14-16.2. Горизонттар жазбасы

Генетикалық горизонттардың шекараларын анықтағаннан кейін, жоғары және төменгі шекаралар тереңдігін жазады. Мысалы, А-45-12см. Кейде генетикалық горизонттың қалыңдығын бірден есептеп шығарады, мысалы А2 - одан кейін горизонт белгісін қойып тағы бір рет әр горизонт немесе горизонт бөлігінің толық жазбасын береді.


Әр генетикалық горизонттың жазбасын келесі тізбек бойынша береді: түсі, механикалық құрамы, структурасы, құрылымы, қосылыстары, жаңа түзілімдері және бірі горизонттан екіншісіне өту сипаты. Далалық жағдайда топырақтың ылғалдылығын көрсетеді және 10 пайыз тұз қышқылы ерітіндісімен әсер ету арқылы, карбонаттардың шымырлау тереңдігін анықтайды.
Топырақтар жазбасымен бірге, көбінесе, олардың әр алуан қосылыстары мен қасиеттерін сапалық анықтау жүргізіледі, мысалы карбонаттардың, тотыққан темірдің, суда еритін зиянды тұздардың бар немесе жоқ екені анықталады.
Топырақтың түсі – маңызды морфологиялық белгі. Топырақ атауы көбінесе жоғарғы горизонттардың түсімен беріледі: қаратопырақ, орманның сұр топырағығ күрең топырақ т.б. топырақтың түсіне қарай, алғашында, генетикалық горизонттарды бөледі, өәткені, олардың түсі сонда жүретін көптеген реакцияларға, үрдістер пайда болып жатқан және қозғалыстағы қосылыстардың түстерінің өзгеруіне тәуелді.
Мысалы, темірдің шығарылуынан горизонт ақшыл түске боялады, органикалық қосылыстардың сумен бірге енуі горизонттың сұр немесе құба түске бояйды. Екі валентті темір мен фосфордың қосылыстары (вивианит) топыраққа көбінесе көгілдір немесе көкшіл сұр түс береді, ал кальций карбонатының жинақталуы, бұған дейін құба түстегі горизонтқа ақшыл немесе қуқыл сары түс береді. Темір қосылыстары горизонттарға әртүрлі сарғыш, қызғылт түс береді.
Топырақ түсі мен бояуларының белсенділігі алуан түрлі. Горизонттардың боялуы біркелкі, таңдақты, ала шұбар т.б боялуы мүмкін. Бұл топырақ түзілу үрдістерінің қарқынына және де заттардың топырақ горизинттарында таралуының біркелкі еместігіне байланысты.
Барлық алуан түстердің ішінен топырақтың боялуына әсер ететін қосылыстарды үш топқа бөледі:
а) горизонттарға қара түс беретін органикалық және шірінді заттар; б) топырақты қызыл түске бояйтын темір тотығының қосылыстары; в) топыраққа ақ түс беретін кальций, кремний, каолин қосылыстары. Осы үш топ қосылыстарының негізінде С.А.Захаров (1925) топырақ түсінің стандартты үшбұрышын құрастырды (6-сурет). С.А.Захаров үшбұрыш бояуларының ұқсастығы мен қарқынын қарастыра отырып, түстердің төрт қатарын бөліп көрсетті.
Біріншісін, қара мен ақ түс араласқанын, сұр деп атайды, оған қара, қүңгіртсұр, ақшыл және ақ түстер кіреді. Екіншісін, қара мен сары араласқанын құба деп атайды, оған қара, күңгірт құба, құба, ашық құба және сары түстер кіреді. Үшіншісін, қара және қызыл түстер араласқанын, қүрең деп атайды, оған қара, күңгірт-күрең, күрең, ашық-күрең, қоңыр және қызыл жатады. Төртіншісін, қызыл және ақ түстер араласқанын, сары деп атайды, оған қызыл, қызғылт сары, сары, ашық сары және ақ түстер кіреді. Бұдан басқа ашыққұба мен ақ түстер араласқандағысын қуқылсұр түсті де бөледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет