Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


-19.2.Топырақ құнарлығының түрлері



бет21/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
17-19.2.Топырақ құнарлығының түрлері

Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.


Табиғи құнарлылық - табиғи топырақ түзілуі барысында табиғи өсімдік жамылғы сы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топы­рақтардың табиғи құна уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табыла­ды. Сонымен бірге түзілуі әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады (1-сурет), ал бір топырақтың құнарлылығы био­логиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер ушін әр түрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өте нашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.
Потенциалды құнарлылық топырақтағы коректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.



1-суреm. Топырақ құнарлылығы

Жасанды құнарлылық топырақты өңдегенде, тыңайтқышты сепкенде, әртүрлі дақылдар өсіргенде, құрғатқанда, суландырғанда жасалады.


Табиғи, жасанды, потенциалдық құнарлылық бір-бірімен өзара тығыз байланысқан, себебі өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен . қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.
Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық іс жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым мен техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнар.т:ыльщ үздіксіз өседі, себебі қоректендіру элементтергнің және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланылатын болады.
Топырақ құнарлылығын, өнімділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакция сын қалыпты ұстау мен өсімдік өсуіне ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өңдеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет