Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»


Суға төзімді агрегаттарды анықтау



бет38/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Суға төзімді агрегаттарды анықтау

1. Елеуіштен өткен агрегаттардан салмағы 50 г келетін орташа үлгі дайындайды. Әрбір фракцияны тек диаметрі 0,25мм елеуіштен өткен агрегаттардан басқасын техникалық таразыда өлшеп, әрбір фракцияның топырақ үлгісінен (грамм бойынша) жарты салмағын алады. Мысалы, егер топырақта 2-1 мм бөлшектері 20% болса, онда топырақ үлгісін 10 гр алады. Алынған үпгілерді бір-бірімен араластырады. Орташа сынақ үлгісі 50гр тәжірибе жағдайына сай келеді, себебі, талдаудың нақтылығы қанағаттанарлық жағдайда болып әрі төменгі елеуіш топырақпен бітелмейді. Негізінен топырақтың орта үлгісі 50 г аз болады, себебі мұнда микроагрегаттар" (25мм) жоқ.


2. Орта үлгіні аузы үлкен цилиндрге (диаметрі 7, биіктігі 45см) салып, екіден үш бөлігін сумен толтырады. Одан кейін цилиндрді бетіне дейін су құйып, оны 10 минут тыныштықта қояды. Осы кезде агрегаттар арасындағы ауа шығады. Оны тездету үшін цилиндрді 5 минуттан кейін әйнекnен жауып және оны көлбеу бағытка дейін қисайтады, одан кейін қайтадан тік қояды.
3. Топырақты суға салғаннан соң, 1 минут өткеннен кейін, цилиндр бетін әйнек немесе каучук пластинкасымен жауып, оны асты-үстіне қарай айналдырып, яғни негізгі кесектер су қабатынан өтіп, түбіне жеткенше бірнеше секунд ұстайды. Одан кейін цилиндрді қайтадан айландырады да, негізгі кесектер түбіне жеткенше күтеді, осыны 10 мәрте қайталайды. Ең соңғы айналымда цилиндрдің түбі жоғары болуы керек, яғни топырақ цилиндр бетіне жиналуы керек. Бұл операцияның мақсаты, суға төзімді емес агрегаттардың барлығын бұзу және 10 мм үлкен кесектерді майда бөлшектерге бөлу болып саналады.
4. цилиндрді 10 рет ары-бері аударғаннан кейін, оны бактағы су ішіне салынған елеуіш жиынтықтары үстіне төнкередi. Топырақты судың ішінде елеу үшін диаметрі 20см, биіктігі 3см және тесіктері (жоғарыдан төмен) 3; 2; 1; 0,5 және 0,25 елеуішке қатырады. Елеуіштерді бір-бірімен металды шыбықша немесе пластинкамен екі жақ бүйірінен өткізіп бекітеді. Жоғарғы елеуіштің үстіндегі су қалыңдығы 6см кем болмауы керек. Су ішінде төңкерілген цилиндр бетіндегі әйнекті жылдам алып, цилиндрдегі топырақты жоғарғы елеуіш үстіне төгеді (құяды), цилиндрді біртіндеп елеуіш үстінен қозғайды, қозғағанда ауа кіріп кетпеу керек. Операцияны 1 минут мөлшерінде жүргізеді, осы мерзімде диаметрі 0,25мм үлкен бөлшектер цилиндрден елеуішке түсіп үлгереді. Одан кейін цилиндр аузын су ішінде әйнекпен жауып, оны судан шығарып аударады.
5. Елеуішке топырақты түсіргеннен кейін, оны су ішінде елей бастайды. Елеуіш жиынтығын судан шығармай жоғары көтеріп,одан кейін тез төмен қарай түсіреді. Осы жағдайда 2-З секунд ұстап, ақыры тағы жоғары көтереді, одан кейін қайтадан тез төмен түсіреді. Осы жағдайды 10 рет қайталайды да, ең соңғы операцияда беткі екі елеуішті алып, артық суды ағызу үшін оны үлкен фарфор кесесі үстіне қояды. Соңғы үш елеуішті тағы да 5 рет елейміз.
6. Әрбір елеуіште қалған топырақ кесектерін кезек-кезек үлкен фарфор кесесіне сумен шайып түсіреді. Үлкен фарфор кесесіндегі артық суларды төгіп, кесені қисайтып ұстап, ондағы топырақ кесектерін салмағы өлшенген фарфор кесесіне (диаметрі 70см сумен шайып түсіреді. Мұндағы артық суды тағы да төгіп тастап, одан кейін оны сулы кептіргіш моншада ауалы құрғақ куйге дейін кептіреді. Фарфор кесесіндегі топырақты суытып одан, оны техникалық таразыда өлшейді, Топырақ салмағын екіге көбейту арқылы әрбір кесек мөлшерінің суға төзімді туйір пайызын шығарады. Атап өту керек, тесіктері З мм келетін елеуіштегі фракция салмағын екіге көбейту арқылы, біз агрегаттар мөлшері З мм үлкен суға төзімді бөлшектердің пайызын, ал елеуіш диаметрі 2 мм елеуіште - З-тен 2 мм аралығындағы фракцияларды және т.б табамыз. Агрегаттар мөлшері <0,25мм табу үшін 100-ден барлық фракциялар жиынтық пайызын алып тастау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет