Бiлiм беру деңгейi бойынша қойылатын талап жалпы, арнаулы, кәсiби бiлiм беруге және сабақ типiне (лекция, семинар, зертхана, консультация, аттестация) байланысты қойылады.
Атқаратын қызметiне байланысты талаптар Мультимедиалық оқыту бағдарламаларының жұмысына мына қызметтердi жатқызуға болады: пайдаланушыны тiркеу, мәлiметтердi қорғау, навигация, оқулық мазмұнына жалпы шолуды ұйымдастыру, оқу траекториясын анықтау, тестiлеу.
пайдаланушыны тiркеу қызметi пайдаланушы жөнiндегi мәлiметтi енгiзу немесе жою жұмысын атқарады;
мәлiметтердi қорғау қызметi оқулық мазмұны мен құрылымының бүтiндiгiн сақтайды;
навигация қызметi оқулық мазмұны бойынша қажеттi орынға жылжу мүмкiндiгiн береді;
оқу траекториясын анықтау қызметi пайдаланушыға оқу материалдарын игерудi өз қалауы бойынша, тест бойынша және толықтай таңдау мүмкiндiгiн береді. Пайдаланушы өз қалауы бойынша оқу материалымен танысқысы келсе тақырыптар тiзiмiнен қажеттi модульдiң, блоктың, сабақтың нөмiрiн белгiлеу арқылы таңдай алады. Тест бойынша таңдауда пайдаланушының мультимедиалық оқыту бағдарламасындағы барлық материалдарды меңгеру деңгейiн анықтау кезiнде дұрыс жауап бере алмаған модульдер, блоктар, сабақтар енгiзiледі. Ал, толық таңдауда автоматты түрде оқу траекториясына барлық модульдер, блоктар, сабақтар енгiзiледі;
тестiлеу қызметiнде сұрақтар мен жауап нұсқалары, олардың орналасуы оқу курсының барлық сұрақтары жинақталған мәлiметтер қорынан кездейсоқ таңдау әдiсi арқылы берiледі. Пайдаланушы қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткен жағдайда дұрыс жауап берiлмеген сұраққа еркiн өту мүмкiндiгi қарастырылады.
Жалпы, мультимедиалық оқыту бағдарламасын білім беруде тиiмдi пайдалану үшiн әртүрлi бағалау критерийлерiне негiзделген жан-жақты сараптама қажет:
Мультимедиалық оқыту бағдарламасындағы материал оқыту мазмұнына қаншалықты сәйкес келедi?
Мультимедиа-қосымшадағы ұсынылған оқу материалы мазмұнының ашылу деңгейi қандай?
Пайдаланушы мен мультимедиалық оқыту бағдарламасы арасындағы интерактивтiк қарым-қатынастың деңгейi қай дәрежеде?
Қандай оқыту әдiсi пайдаланылады?
Материал мазмұнының құрылымы қалай ұйымдастырылған? Студент немесе оқушы оқыту жолын өзгерте алады ма?
Мультимедиа-қосымшада керi байланыс ұстанымы қамтылған ба?
Мультимедиа-қосымша графиктiк, анимациялық, дыбыстық, бейнелiк ақпараттарды жоғары деңгейде ұсына алады ма?
8) Мультимедиалық бағдарламаның бағасы қандай?
Міне осындай жоғарыда көрсетiлген талаптарды қанағаттандыра алатын мультимедиалық оқыту бағдарламалары студенттердiң, оқушылардың анықтама-ақпараттық, танымдық-iзденушiлiк әрекеттерiне толық жауап бере алады.
Бақылау сұрақтары:
Мультимедиалық оқыту бағдарламасын дайындау қандай кезеңдерден тұрады?
2. Ақпараттың табиғатына байланысты электрондық құралдардың
түрлерін атаңыз.
3. Мультимедиалық оқыту бағдарламаларын дайындаудың ұстаным-
дары қандай?
4. Оқыту мақсатындағы мультимедиалық оқыту бағдарламаларын
қандай ерекшелiктерiне байланысты жіктеуге болады?
5. Мультимедиалық оқыту бағдарламасына қойылатын бағдарламалы
-техникалық талаптарды атап көрсетіңіз.