Бірінші лекция. Бастауыш мектепте дене тәрбиесін оқыту әдістемесі-ғылымы. Жоспары


Екінші лекция. Таќырыбы: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктері



бет10/57
Дата22.06.2023
өлшемі0,52 Mb.
#179083
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57
Байланысты:
дене лекция сатып ал
пед неправ, анализы сказок, 1 сынып көрнекілік
Екінші лекция. Таќырыбы: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктері.
Жоспары:
1.Сабақ жоспарын құру үлгісі
2.Сабақ жоспарын құру ерекшеліктері.
3. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын көрнекі құралдардың ерекшеліктері.
Маќсаты: Сабақты құру үлгісінің ерекшеліктерімен таныстыру,талдау жүргізу.
Сабақ жоспарын құру үлгісі: Дене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып табылады, оны іс жүзіне құралдар мен әдістер пайдаланылады. Дене жаттығуларымен шұғылдану әртүрлі серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар дене тәрбиесі сабақтары.
Дене жаттығуларының шұғылдану үлгілері мен мазмұнының өзара байланысының диалектикалық сипаты педагогикалық қатынаста өте маңызды.
Сабақтағы шұғылданушылардың қызметі дербес элементтер қатарынан: дене жаттығуларының өзі, оны орындауға дайындық, белсенді демалыс т.б. тұрады. Дене жаттығуларымен шұғылдану мыналардан тұрады: жаттығуды орындау тәртібі, шұғылданушылардың өзара байланыс сипаты, олардың ұйымдасуы.
Сабақтың сапалы өткізудің педагогикалық ережесінің бірі болып, мазмұнына сәйкес келуі тиіс. Сабақтың нәтижесі оқушылардың ұйымшылдығына, сабақты өткізу уақытына, жаттығуды өткізу орнына және сабақ бөліктерінің басқа үлгілерін ұтымды пайдалануға байланысты. Үнемі сабақтың бір үлгісін пайдалану шұғылданушылардың дене дайындығының жетілуін тежейді. Сабақ үлгілерінің оның нәтижесіне белсенді әсер етуі, оған барынша байыпты қатынастың қажеттілігін көрсетеді.
Неміс мектептік гимнастикасының авторы А. Шписс келесі сабақ құрылымын ұсынды:
1. Реттік жаттығулар. 2. Еркін жаттығулар. 3. Қондырғылардағы (снаряд) жаттығулар а) қозғалмалы в) қозғалмайтын. 4 Халықтық жаттығулар. 5.Ойындар.
Сабақты құрудың әртүрлі принциптерін қолдану әрекетін байқап көруге болады. Мысалы: Францияда мынадай үлгі ұсынылды:

  1. Дайындық бөлімі.

а) жүру ә) қолға арналған жатығулар б) аяққа арналған жатығулар
в) кеудеге арналған жаттығулар г) күрделі құрастырылған жаттығулар д) силметриялы емес жаттығулар е) тыныс алу жаттығулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет