Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет123/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
121 
Екінші курс – студенттердің оқу ҽрекетіндегі ең бір кҥрделі кезең. Екінші курс студенттерінің 
ҿміріне оқыту мен тҽрбиенің барлық формалары енеді. Студенттер жалпы дайындық алады, оларда мҽ-
дени сҧраныстар мен қажеттіліктер қалыптасады. Бҧл ортада бейімделу процесі негізінен аяқталады. 
Ҥшінші курс – маманданудың басталуы, ғылыми жҧмысқа деген қызығушылық кҥшейеді. 
Тҿртінші курста – студент оқу тҽжірибесін ҿткізу кезеңінде мамандығымен алғаш рет шынайы 
танысады. Студенттер арнайы дайындықтың ҧтымды жолдары мен формаларын қарқынды іздейді. 
Материалдық, отбасы, жҧмыс орнына жҽне т.б. байланысты ҿзекті қҧндылықтар кҿрініс бере бас-
тайды [4; 251-258 б.].
Лисовский ҿңдеген студенттер типологиясы шамамен келесідей. 
1.
«Ҥйлесімді».
 
Ҿзінің мамандығын саналы таңдаған. Жақсы оқиды, ғылыми жҽне қоғамдық жҧ-
мыстарға белсенді қатысады. Дамыған, мҽдениетті, қарым-қатынасшыл, ҽдебиет жҽне ҿнерге қызы-
ғушылық танытады, спортпен айналысады. Ҧжымдағы беделін жақсы жҽне сенімді дос ретінде пай-
даланады.
2.
«Ҿз ісінің шебері». Ҿзінің мамандығын саналы таңдаған. Жақсы оқиды. Ғылыми-зерттеу жҧ-
мыстарына сирек қатысады. Ҿйткені оны жоғары оқу орнынан кейінгі тҽжірибелік іс-ҽрекет қызық-
тырады. Қоғамдық жҧмыстарға қатысады. Мҥмкіндігіне байланысты спортпен айналысады, ҽдебиет-
тер мен ҿнерге қызығады, ол ҥшін ең маңыздысы – жақсы оқу.
3.
«Академик». Ҿзінің мамандығын саналы таңдаған. Тек беспен оқиды. Ғылыми-зерттеу жҧмы-
сына бағытталған, сондықтан да уақытының кҿпшілігін ғылыми-зерттеу жҧмыстарына жҧмсайды. 
4.
«Қоғамшыл». Қоғамдық іс-ҽрекеттерге бейім, кейде осы ерекшелік оның оқу жҽне ғылыми 
белсенділігіне нҧқсан келтіруі мҥмкін. Дегенмен де мамандығын дҧрыс таңдағанына сенімді. 
Ҽдебиет пен ҿнерге қызығады.
5.
«Орташа».
 
Онша кҥш жҧмсамай, ҽлінің келгенінше оқиды жҽне осыны мақтан етеді. Оның 
басты қағидасы: «Диплом аламын жҽне ҿзгелерден кем тҥспейтіндей жҧмыс істеймін». Мамандық 
таңдауда онша ойланбаған. Жоғары оқу орнына тҥскеннен кейін оқуым керек, дейді. Жақсы оқуға 
тырысады, бірақ одан қанағаттанбайды. 
6.
«Тҥңілген».
 
Қабілетті адам, бірақ таңдаған мамандығы оны қызықтырмайды. Жоғары оқу 
орнына тҥскеннен кейін оқуым керек, дейді. Жақсы оқуға тырысады, бірақ одан қанағаттанбайды. 
Ҿзін ҽр тҥрлі хоббилерге, ҿнерге, спортқа тартуға тырысады. 
7.
«Енжар».
 
«Кҥшті аз жҧмсау керек деген» қағидамен, нашар оқиды. Ҿзіне толық риза. Маман-
дығы туралы саналы ойланбайды. Ғылыми-зерттеу жҽне қоғамдық жҧмыстарға қатыспайды. 
8.
«Шығармашыл».
 
Кез келген іске - оқуға болсын, қоғамдық жҧмысқа болсын, бос уақытқа бол-
сын шығармашылықпен қарайды. Бірақ, мҧқияттылықты, қарқындылықты, тҽртіпті талап ететін пҽн-
дер оны қызықтырмайды. «Маған мынау қызықты» немесе «мынау маған қызықты емес» деген қағи-
даны ҧстанатындықтан, олардың оқу ҥлгерімдері туралы біржақты пікір айту қиын. Ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарымен айналысқанда ғалымдардың пікірлерімен санаспай, мҽселенің шешімін ҿз бетінше 
шешеді. 
9.
«Белсенді». Жақсы оқиды, студенттерге жоғарыдан қарайды. Лидер болуға талпынады.
Студенттер – шығармашылық, танымдық-ізденімпаздық қабілеті жоғары, ҿзін қоршаған ҽлеумет-
тік орта, қоғамдық болмыс туралы ҿзіндік ішкі ой-пікірі жҥйелі тҥрде қалыптасып келе жатқан 
алдыңғы қатарлы жастар тобы. 
Жоғары оқу орындарында, яғни жоғары білім беретін негізгі субъект – ол студент . Студенттің 
ҿмірі мен іс-ҽрекетінде эмоциялар шындықтың санадағы объективті бейнесі ретінде маңызды рҿл 
ойнайды. Кейбір жағдайда эмоциялар студенттердің шығармашылық жҽне ақыл-ой іс-ҽрекеттерін 
ынталандыра отырып, жағымды ықпал етсе (жағымды эмоциялар), келесі жағдайда зиянды ықпалын 
тигізуі мҥмкін (жағымсыз эмоциялар) [6; 355-356 б.]. 
Сондай-ақ, қалыптасқан сезімдер, яғни жағымды эмоциялар студенттердің адамгершілік жҽне тҧл-
ғааралық мҽселелерге кездеспеуіне мҥмкіндік тудырады. Егер студенттердің эмоциялық тҧрақтылық-
тары жоғары болса, олардың ҿздерін басқару деңгейлері соғҧрлым жоғары бола тҥседі [7; 11-18 б.].
Сонымен қатар жағымды эмоциялар мен жоғары деңгейлі ерік сапалары студенттердің оқу іс 
ҽрекетіндегі қиындықтарды жеңулеріне мҥмкіндік береді. Жағымды эмоциялар мен ерік сапалары ҿз 
кезегінде студенттердің достарымен, оқытушылармен қарым-қатынастарын жеңілдетеді жҽне жеке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет