Bulletin «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет253/314
Дата02.09.2022
өлшемі6,57 Mb.
#148644
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   314
Байланысты:
Майлыбаева Вестник

Абай атындағы ҚазҰПУ-ң ХАБАРШЫСЫ «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(57), 2018 
247 
Австралияда «Медиабілім» ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап міндетті пҽн ретінде енгізілді. 
Ресей мен Украинада да ҿткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап медиабілім бойынша сабақтар 
факультативтер, ҥйірмелер тҥрінде немесе оның элементтері жекелеген пҽндерді оқыту барысында 
(ҽдебиет, химия жҽне т.б.) қолданылып келеді. 
Медиабілім берудің дҽстҥрлі білім беру жҥйесі алдында бірнеше артықшылықтары бар. Медиа-
білім беруде оқушыларды келесі жайттар қызықтырады: 
-
ҿзін-ҿзі кҿрсету жҽне шығармышылық; 
-
медиабілім беру тобы оқытушысымен қызықты диалог жҥргізу; 
-
ҿзінің жетістіктерінің кҿркемдігі; 
-
ҿзінің кҿркем-шығармашылықтағы қажеттіліктерін іске асыруға мҥмкіндік; 
-
жалпы қызығушылық пен ҽуесқойлық; 
-
тҽрбие беру мҽселесіндегі ҥлгі болу мҥмкіндігі. 
Ҽрине, кез келген шеберлік (оның қатарында тыңдау, есту, кҿру, қарау, оқу жҽне оқығанды 
тҥсіну) оған ҧйретуді қажет етеді. Медиабілім беру мҽселесін зерттеушілердің кҿбісі жасҿспірімдерді 
оқыту қажет деген пікірде. Бірақ ондай білім беру ерекшелігі – ол білім беру барысында медиа 
мамандығы тҧстары кҿп қарастырылмайды. Себебі журналистика мамандығы бҧқаралық ақпарат 
қҧралдарымен 100% байланысты емес. Демек, медиабілім берудің мектептегі жҽне балабақшадағы 
негізгі мақсаты мҽдени білім беру, кҿзқарасты кеңейту, коммуникациялық машықтарды жетілдіру, 
шығармашылықты дамыту болып табылады. Мектеп газеті, ең алдымен, баланың сезімдері мен ой-
ларының кҿрінісінен таралады. Сондықтан, оны мҽдениетті зерттеу қҧралы ретінде қолдануға ҽбден 
болады [5, 20-21 б.]. 
Баланы ҥйрету тек қана егер оқытушы оның жеке-тҧлғалық қасиеттерін дамытуға барлық кҥшін 
салып отырып, басқа бір ойларды міндеттемей, оқушыны алға қарай бағдарлап отырса ғана ҿз мақса-
тына жетеді. Жалпы медиапедагогтардың медиабілім туралы пікірлеріне мҽн бере отырып, оның 
негізгі мақстатына мынандай тҥсінік беруге болады: медиабілімнің басты мақсаты 

жаңа ҧрпақты 
қазіргі ақпараттық заманның жағдайында ҿмір сҥруге, ҽртҥрлі ақпараттарды қабылдай білуге, олар-
ды тҥсінуге жҽне оның психикаға ҽртҥрлі ҽсері бар екендігін сезіне білуге дайындау. Демек, медиа-
білім бҧл балалар мен жастарға бҧқаралық ақпарат қҧралдарының мҥмкіндіктерін дҧрыс пайдала-
нуды ҥйретуді мақсат ететін педагогиканың ерекше бҿлігі деп тҥсіну керек. Сонымен, қазіргі кезде 
алыс, жақын шетелдерде қолға алынып отырған медиабілім мҽселесінің мақсат-міндеттерінің маз-
мҧнын негізге ала отырып, тҽрбие жҧмыстарын ҧйымдастыруда осындай ерекше мҥмкіндіктерді 
пайдалануды қарастырудың қажеттігі туындайды. Бҧл мҽселелерді жҥзеге асыру мақсатында ресей 
медиапедагогтарының дайындаған медиабілім стандартында ҿте маңызды міндеттер қойылған, ол 
бҧқаралық ақпарат қҧралдарына да тікелей қатысты, ҿйткені, БАҚ медиабілімнің негізгі бір бҿлшегі 
болып табылады. Аталған стандарттағы міндеттерде:
− бҧқаралық ақпарат қҧралдары каналдары арқылы берілетін ақпараттарды қабылдауға жҽне 
қорытуға ҥйрету;
− бҧқаралық ақпарат қҧралдары тарапынан индивидттің санасын жаулауға қарсы тҧру; 
− белгілі бір хабарламаның екіҧшты мағынасын тҥсіну іскерлігіне, сыни тҧрғыдан ойлауға ҥйрету;
− жалпы базалық білім беру контексіне, пҽн арқылы білім жҽне іскерлік қалыптастыратын жҥйеге 
мектептен тыс ақпаратты ендіру;
− ҽртҥрлі техникалық қҧралдарды пайдалана отырып, қажетті ақпаратты іздеу, дайындау, бере алу 
іскерлігін қалыптастыру сияқты келелі мҽселелер қойылған [6]. 
Ақпараттық дҽуір тудырған қиындықтың бастысы – оның шектеусіздігі. Сырттан ағылып жатқан 
ақпараттық экспансияның тасқынынан қорғану оңай емес. Оған шектеу қоюдың да ҿзіндік қиын-
дықтары бар. Зиянды ақпараттық экспансияның қҧрбаны болатындар – ең алдымен жас ҧрпақ. Ҿйт-
кені дҥниеге кҿзқарасы қалыптаспаған, оқығаны мен кҿргенінің астарында не жатқанын ҧғуға білімі 
мен білігі жете бермейтін балалардың жат идеялардың жетегінде кетіп, адасуы оңай. Сондай-ақ 
азғындыққа баулып, қылмысқа итермелейтін нҽрсеге елігіп, тҽрбиесі мен талғамын бҧзып алуы да 
мҥмкін. Қоғамда орын алып жатқан қҧбылыстарды талдап-таразылау, болып жатқан оқиғаларға сын 
тҧрғысынан қарау, оның себеп-салдарын тҥсіндіру ісі дҧрыс жолға қойылмаса, ҧрпақ тҽрбиесі ақсап, 
болашағымызға нҧқсан келетіні анық. Жас ҧрпақты ҧлттық менталитетімізге сай келмейтін, халық-


ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, серия «Педагогические науки», №1(57), 2018 
248
тық дҽстҥр-салтымызға жат, діни сенімімізге қайшы ақпараттардан сақтандырып отырмасақ, рухани 
жағынан ҥлкен жеңіліске ҧшыраймыз. Сондықтан ҥлкен-кіші демей, ҧрпақ тҽрбиесімен айналысу – 
бҽрімізге ортақ міндет.
ХХ ғасырдың аса танымал жазушысы Шыңғыс Айтматов айтқандай «Ҽр адам ҿз отбасын 
агрессиядан қорғауы керек». Ендеше, бҥгінгі кҥні біз болашақ ҧрпағымызды БАҚ-та беріліп жатқан 
қаптаған зиянды ақпараттардан медиасауаттылықты қалыптастыру арқылы қорғау керек деп санай-
мыз. Мектеп жасына дейінгі балаларға медибілім беру негізінде, медиасауаттылығын қалыптастыру 
арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға болады. Олардың дҥниені таным, білуі, қорша-
ған ҽлемге енуіне осы ақпараттар ағынының ҽсер етпей қоймайтыны анық. Балалардың медиабілімін 
қалыптастыру арқылы олардың алдына кездескен қайбір ақпараттарды да саралап, зиянына қарсы 
тҧра алатындығына, жеке тҧлға ретінде қалыпты дамып, ҿмірден ҿз орнын дҧрыс таба алатындығына 
сенеміз.
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. 
Егемен Қазақстан. 2006. – 2 б. 
2.
 
Маклюэн Г.М. Понимание Медиа: Внешние расширения человека / Пер. с англ. В.Николаева; Закл. ст. 
М.Вавилова. – М.: Жуковский: «КАНОН-пресс-Ц», «Кучково поле», 2003. – 464 с. 
3.
 
Психоло-педагогикалық сӛздік / Сост. В.А. Мижериков, ред. П.И. Пидкасистый. – Ростов Феникс, 1998. –
241 б. 
4.
 
Лего Кристиан. Школьные газеты: продолжение традиций Френе // Детская и юношеская самодеятельная 
пресса: теория и практика. Материалы российско-французского семинара. / Под общ.ред. А.В. Шарикова. – М.: 
Агентство ЮНПРЕСС, 1994. – 19-23 б. 
5.
 
Сейітқазы П.Б. Шетелдік медиабілім тәжірибесін талдау. Хабаршы №1 (80), 2011. 
6.
 
Зазнобина Л.С. Стандарт медиаобразования, интеграционного с различными школьными дисциплинами. 
//Стандарты и мониторинг в образовании, 1998. – №3. – С. 26-34. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   314




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет