Денешынықтыру



бет197/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430
Құралдар мен материалдар: бұрамалы «Құртақан» ойыншығы, сиқырлы сандық, балалар санына қарай целлулоидты шарлар, фитболдар, топтың жартысына жететіндей диаметрі 20 см доптар.
Билингвалды компонент: бір-бірден сапта жүру – ходьба в колонне по одному, баяу жүгіру – бег медленный, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Тосынсый сәті:
Балалардың назарын сиқырлы сандыққа аударады. Бұзылып, көңіл күйі нашарлаған «Құртақан» ойыншығымен таныстырады. Балаларды осы мәселені шешуге ынталандырады – құртақанды сиқырлы қалта шамның көмегімен қайтадан күлуге үйрету.
II. Негізгі кезең.
Қолдарына қалта шам ұстап, тізбекте бір-бірден жүру, баяу қарқынмен жүгіру – бір минут.
Целлулоидты шарлармен (қалта шамдармен) жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды.
Балалардың мұрын арқылы дем алуына, дене сымбатын бұзбай, бойын тік ұстауына назар аударады.
Негізгі қимылдарды орындау:
Допты бір-біріне лақтыру және қос қолдап қағып алу – допты бастан асырып, серіктесінің қолына беру тәсілімен лақтырады. Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау. 2,5 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, қос аяқтап секіру. Жаттығуларды орындаған кезде екі аяқпен бір уақытта екпінмен итеріліп, қолдарын сермеп көмектесу қажеттігін балалардың есіне салады.
«Қасқыр мен лақтар» ойынын ұйымдастыру. Ойынның тәртібін, қасқыр мен лақтардың жасайтын қимылдарын түсіндіру.
Зейін қою қабілетін дамытуға арналған ойын: «Суық-ыстық!».
Нұсқау беру. Нұсқаулардың орындалу барысын қадағалау.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Эмоционалдық көңіл күйді қалпына келтіру «Сиқырлы күлкі» жаттығуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет