l – электродтардың ара қашықтығы;
Е – кернеу;
Д – диэлектрлік тұрақты;
- потенциалды шамасы диффузиялық қабаттың қалыңдығына тікелей байланысты. Әдетте оның шамасы 50 – 70 мВ. Диффузиялық қабат өте жұқа болған жағдайда = 0.
Коллоидты бөлшектердің зарядын капиллярлық анализ әдісімен де анықтауға болады. Ол кейбір заттарды суға батырғанда, олардың зарядталуына негізделген. Сүзгіш қағазын (целлюлоза) суға салатын болса, су оны теріс зарядтап, беттік керілу күшінің әсерінен қағаз капиллярларымен жоғары көтеріледі. Егер ерітіндіде теріс зарядты коллоидты бөлшек болса, онда олар капиллярлардың қабырғасына адсорбцияланбай, сумен бірге капилляр бойымен жоғары көтеріледі. Егер бөлшектер оң зарядты болса, онда олар капилляр бойымен жоғары көтерілмей, қағаздың төменгі бөлігінде қалып қояды. Кейбір негіздік бояулардың коллоидты бөлшектері оң зарядты болғандықтан қағаз бойымен көтерілмейді, ал қышқылдық бояулардың бөлшектері теріс зарядты болғандықтан қағаз бойымен оңай көтеріледі. Метилен көгі негіздік бояу флюорэсцеин оңай көтеріледі. Капиллярлық анализ әдісін коллоидты бөлшектердің зарядын анықтаумен қатар түрлі бояуларды бір-бірінен сапалық ажырату үшін де қолдануға болады. Лабораториялық талдау үшін қалың және борпылдақ фильтр қағазын қолдану тиімді.
Бақылау сұрақтары: