Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Оқушылардың сабақтағы қызметтерін ұйымдастыру



бет17/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4
Оқушылардың сабақтағы қызметтерін ұйымдастыру. Дене шынықтыру сабағының басқа пәндерден айырмашылығы, айналысушылардың оқу жұмыстарын сапорттық зал және спорттық алаң жағыдайында ұйымдастырудағы кездесетін қиыншылықтар болып табылады.
Осы жерде дене шынықтыру мұғаліміне оқушылардың жарақаттар алып қалу қауіпі бағытында үлкен жауапкершілік артылады. Бұнда сабақтың білім беру, сауықтыру, тәрбиелеу бағытында жоғарғы нәтиже алып, міндеттеріне, мазмұнына және өткізілу орнын ескере отырып, сабақ уақытын тиімді пайдаланып, жарақаттар алдырмау мұғалімге жүктеледі.
Тәжірибе көрсеткендей, сабақтарды жүргізуде оқушыларды ұйымдастыру үшін айналысушыларды басқарудың қарапайым тәсілдері, жаттығуларды әр түрлі тәсілдермен орындату және оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыруда алуан түрлі әдістемелер қолданылады.
Басқарудың қарапайым түрлеріне – әрекеттерді бірігіп атқаруға арналған сапқа тұру және қайталап тұру, жаттығуларды көрсету және орындау, сабақтың бір өткізілу орынынан екінші орынына ауысу және т.б. кіреді.
Сабақты ұйымдастыруда жаттығуларды орындау тәсілдерінің алуан түрлері қолданылады.
Кезекпен орындау тәсілі кезінде әр келесі оқушы жаттығуды алдындағы орындаушы өз жаттығуын аяқтағаннан кейін ғана орындауды бастайды, және ол ереже бойынша үйретудің бірінші кезеңінде қолданылады. Лектік орындау тәсілі кезінде әр келесі оқушы жаттығуды алдындағы орындаушы өз жаттығуын аяқтамай жатып ақ орындауға кірісе береді. Сонымен, оқушылар бұл тапсырманы акробатикалық кілемде бомалау мен тіреніп секіруді үйрену кезінде орындайды. Бұл тәсіл, оқушылар осы жаттығуларды меңгерген және сенімді сақтандыру бар кезде қолданылады. Бірқатар жағыдайларда жаттығуларды орындаудың кезектілік тәсілі қолданылады. Допты нысанаға лақтыру немесе баскетболдағы допты біріне бірі беру тәсілдерін үйрену кезінде, оқушылар екі сапқа, біріне бірі қарама-қарсы тізіліп тұрады. Жаттығуды алдымен бірінші сонан соң екінші саптағы оқушылар кезекпен орындайды. Ол үйретудің кез келген кезеңінде қолданыла береді. Жаттығуды бір уақытта орындау тәсілі ерекше түсініктемені талап етпейді. Текқана, бұл тәсілді қолдану кезінде оқушылар бір немесе әр түрлі тапсырмаларды орындай берулері мүмкін екенін айта кету керек. Жаттығуларды бір уақытта орындау жұптасып, үштен, біреуі орындағанда екіншісі сақтандырып немесе бағалап тұру, нұсқаулар жасау тапсырмаларын орындаумен байланысты болуы мүмкін. Жаттығуларды топтық кезекпен орындау тәсілі («толқынмен 4-6 және оданда көп адамнан») сабақтың өткізілу орнына, санрядтардың және ұсақ құрал жабдықтардың санына байланысты қолданылады.
Оқушыларды басқарудың қарапайым тәсілдері және олардың тапсырмаларды орындауының тәсілдері айналысушылардың жұмысын ұйымдастыру әдістерін тиімді қолдануға көмектеседі. Жұмыс тәжірибесінде фронталдық, топтық және даралық ұйымдастыру әдістері пайдаланылады.
Фронталдық әдістің мазмұны – сыныптағы оқушылардың барлығы, бір уақытта, бір тапсырманы орындауға жұмылдырылады. Ол оқушыларды жаңа материалдармен таныстыруда және сақтандыру мен көмекті аса керек етпейтін қарапайым жаттығуларды үйренуде, сонымен бірге жақсы меңгерілген қимылдарды жетілдіруде және орындауда қолданылады. Оның жағымды ерекшелігі – қимыл-әрекеттермен оқушылардың барынша көпшілігін қамту, яғыни сабақтың жоғарғы тығыздылығына қол жеткізу мүмкіндігі. Оқушылардың еңбегін фронталды әдіспен ұйымдастыру сабаққа тианақты даярлануды қажет етеді, оқыту барысын неғұрлым нақты бақылауға мүмкіндік береді, керекті дайындық жаттығуларын қолдануға жағыдай жасайды. Сыныпты толығымен көз алдында ұстай отырып, мұғалім оқушылардың сабаққа қаншалықты дайын екендігін және жаттығуларды қаншалықты меңгергендігін нақты болжай алады. Бұл әдісті қолданған кезде жаттыққандықтың жоғарғы тиімділігіне қол жеткізуге болады.
Күрделі жаттығуларды тереңдетіп оқыту барысында жүктемені нақты мөлшерлеуге, оқушыларға берілген тапсырманың орындалуын жақсырақ бақылауға, жіберген қателіктерін түзетуге мүмкіндік беретін топтық әдіс жиі қолданылады. Сондықтан сабақта қолданылатын снарядтардың саны немесе көлемі аз болса, онда өз кезектерін күтіп тұрған оқушыларды жұмыспен қамту үшін оларға негізгі жаттығуды меңгертуге септігін тигізетін, еденде және қосалқы снарядттарда қосымша тапсырмалар беру керек. Сабақта меңгерілетін жаттығуларға қатысы жоқ тапсырмаларды орындату, оқушылардың сабаққа деген ынтасын бұзады және оқытудың тиімділігін төмендетеді.
Топтық ұйымдастыру әдісін қолдану кезінде оқушыларды топтарға бөлу қағидасын таңдап алудың үлкен маңызы бар. Оқушыларды олардың дене дайындығының деңгейіне қарай бөлу ең тиімдісі болып саналады. Дегенмен, бұл шара оқушыларды бірінен-бірін артық немесе кем санау сияқты наразылық туғызбауы тиіс. Ол үшін: біріншіден, оқушыларды топтан топқа ауыстырып отыруды кеңінен қолданған жөн; екіншіден, жаңа топтарды бағдарламаның әр бөлімін оқыту үшін жасақтау керек.
Топтарды оқушылардың жолдастық қарым-қатынастары бойынша бөлуге болады. Бұндай жағыдайларда оларды оқушылардың өздері жасақтайды. Бұл жерде топтың әр мүшесінің өз жолдасының жетістігіне деген жауапкершілігінің артуымен ерекшеленеді.
Топтық әдіс оқушылардың жұмыстарды өз бетімен ұйымдастыруға кең мүмкіндіктер береді, олардың белсенділігін арттыруға, сабаққа қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге бағытталған жарыстарды ұйымдастыруға.
Сабақтағы топтық әдісті оқыту жұмыстарында қолдану, сыныптың дене мәдениеті белсенділерінің сапалы көмегі арқылы жүргізілгенде ғана өз мақсатына жетеді.
Сабақты топтық әдіспен ұйымдастыруды мінездей отырып, оқыту және бақылау нормативтерін қабылдау процесінде кіші топтарды, командаларды, жұптарды құру қағидалары туралы айту керек. Мысалы, жеңіл атлетика сабағындағы жүгіру әрекеттерінің қашықтығын жақындатып қоюға болады, бірақта нәтижелері бірдей болмауы тиіс. Сонымен, көрсеткіштері төмен оқушыларға өз нәтижелерін жоғарлатуға мүмкіндіктері артады, ал мықтылар үшін қосымша жұгіріс әрекеттері жүргізіледі. Ойын сабақтарында жұптарды құру кезінде, дене дайындығы нашарлау оқушыларға жоғарғы дайындығы бар оқушыларды қояды. Кей жағыдайларда жеңіл атлетика, шаңғы дайындығы, ойын сабақтарында әріптесі немесе көмекшісі ретінде қарама-қарсы жынысты оқушыларды тағайындайды.
Оқушылардың оқу жұмысын жеке-даралық әдіспен ұйымдастырудың мазмұны, жекеленген оқушылар белгілі бір тапсырманы ала салып оны қолма-қол өз бетінше орындауы тиіс. Бұл әдіс көбінесе жоғарғы сынып оқушылары үшін қолайлы: сабақтың кез келген бөлімінде қолдануға болады және әр қайсысының жаттығуды меңгеруге тиімді ырғағын қолдануға мүмкіндік береді, оқытудың неғұрлым тиімді жеке-даралық ретін қолдануға және қажетті алдына-ала дайындық жаттығуларын қолдануға жағыдай туғызады.
Бірқатар әдістемелік құралдарда шеңберлі жаттығу әдісін жеке, өз бітінше әдіс ретінде көрсетеді. Дегенмен оқушылардың жұмыстарын ұйымдастыруда ол аздап топтық әдістіңде құрамына жатады, шеңберлі жаттығудың өтілген материалдарды бекітудегі және дене қасиеттерін тәрбиелеудегі маңызын ескерсек бұл құбылыспен келісуге боллады. Әр ұйымдастыру әдісі оқушылардың жас ерекшеліктері мен жынысына, дайындық деңгейіне, бір сыныптағы оқушылар санына, үйрету кезеңіне байланысты әр түрлі тиімділікпен қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет