А.Савенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін
ҧсынды:
Кешенді бағалау принципі. Баланы зерттеу жан-жақты және кешенді болуы
керек. Баланың интеллектуалдық қабілеттілігінің даму деңгейінен басқа психо -
физикалық қасиеттері мен қҧбылыстарының мҥмкіндігінше кең аймағын
зерттеуіміз қажет. Зерттеуші ҥшін баланың шығармашылық қабілеттілігінің
дәрежесін, психо-әлеуметтік және физикалық даму деңгейін зерттеу маңызды
бола бастайды.
Кешендік бағалау принципіне тікелей қатынасы бар бағалаудың сапалы
жақтарында есте ҧстау қажет. Бҧл арада бала психикасының қҧрылымындағы
жеке функциялары мен қабілеттерінің даму деңгейінің сәйкестілігін анықтау
туралы сӛз болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |