Балалардың ӛз дарындылығын бағалауға қатысу принципі.
Жалпы балалар психодиагностикалық жҧмыстарға зерттелуші рӛлінде ғана
қатысады. Әйтседе дарындылықты объективті бағалау ҥшін баланың ӛз
мҥмкіндіктерін ӛзі бағалауын ескерудің маңызы ӛте зор болмақ. Балалар
дарындылығының диагностиалық ҥрдісін фундаментальдық идеялар ретінде
жоғарыда аталған принциптерді басшылыққа алып, келесі ретпен жҥзеге асыруға
болады:
-Ҧйымдастыру деңгейі.
Алдын-ала ізденіс кезеңі. Осы кезеңдегі жҧмыстың мәніне бала туралы
алғашқы мәліметтерді жинастыру жатады. Ақпаратты тасымалдаушыларға әр
тҥрлі деректер жатады мәселен, ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, педагогтар
және балалардың ӛздері.
Ата-аналар ҥшін келесі әдістемелер қолданылады: «дарындылық картасы»,
«интеллектуалдық портрет» және т.б.
Мҧғалімдер
ҥшін
баланың
бейімділігін
анықтауға
арналған
әдістемелер:«оқушылардың қызығушылығының картасы», «интеллектуалдық
портрет».
Практикалық психологтар интеллектуалдық даму деңгейін анықтау
(Д.Венслер,Дж.Равен), шығармашылық ойлауды бағалау (Е.П.Торренстің,
Дж.Пилфордтың тесттері) шығармашылық ойлаудың қысқа тҧлғаның
бағыттылығын анықтаудың дәстҥрлі әдістемелерін қолдана отырып, баланың
психикалық ерекшеліктерінің жалпы сипаттамасын ҧсынады.
Медициналық қҧжаттар мен мектеп дәрігерлерінің байқауына жалпы таңдау
жасау негізінде баланың физикалық даму аймағы зерттеледі. Балалардың ӛзінің
дарындылығын
анықтау
диагностикасына
қатысуы
олардың
тесттік
тапсырмаларды орындауымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |