Ҧзақ мерзімдік принцип.
Балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жҥргізілетін
диагностикалық зерттеулердің бір уақыттық шара болуы мҥмкін емес. Бҧлай
жасауға осы мәселенің теориялық жағынан қарастырылу деңгейі ғана
емес,сонымен қатар осы ҥрдістің әдістемелік жағынан қамтамасыз етілу
деңгейінде мҥмкіндік бермейді.
Тренингтік әдістер мен тапсырмаларды қолдану принципі.
Бір реткі зерттеуге арналған кәдімгі диагностикалық әдістемелердің
кемшілігіне баладан арнайы стандартты тапсырмалар арнасын шешуді талап ету
және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады. Сонымен қатар,бір реткі
тапсырмалар бір уақыттық диагностиканың қызметін атқарады, олар кейбір
жағдайларда балаларда табиғи стресстен туған қателіктердің алдын алуға да
мҥмкіндік бермейді.
Тренингтік әдістемелер диагностиканың мақсатын ӛзгертуге, яғни оларды ең
әуелі бала қабілеттілігін коррекциялау мен дамытуға бағыттауға мҥмкіндік
жасайды. Тренингтік әдістемелерді қолдана отырып, ҧзақ мерзімдік
диагностиканы жҥзеге асыруға сол арқылы бір реттік зерттеуде міндетті тҥрде
болатын кейбір психологиялық бӛгеттерді шектеу мҥмкін болады. Тренингтің
кӛмегімен ҧзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан қҧтыла отырып, ӛзінің
табиғи қабілетін кӛрсете бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |