Екібастұз қаласы 2017 жыл. Түсінік хат Бұл дидактикалық материал оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына «Қазақ тілі»



бет4/15
Дата19.02.2017
өлшемі11,71 Mb.
#10798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

27-сабақ

Сөздік:

Сеніп тапсырады – доверяют задания

Себебі – потому что

Тізім – список

Бөлімше – отдел
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Сауда

Құралай анасының көмекшісі. Анасы оған сауда жасауды сеніп тапсырады. Себебі анасы жұмыстан кеш келеді. Құралайға азық-түліктің тізімін тапсырып кетеді. Үйден шықпас бұрын ол сөмкелерді алып, тізімді бір қарап шығады, содан кейін ақшасын санайды. Дүкенде сатушылар Құралайды жақсы біледі. Шешесі ірімшік, нан, қаймақ, алма, өрік, бір киле қант алуды тапсырды. Ішке енісімен Құралай қант сататын бөлімшеге кірді. Содан баспалдақпен төмен түсіп, көкөніс сататын бөлімшеге барды.


2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Анасы Құралайға не алуды тапсырды?

  2. Көкөніс бөлімшесіне неге барды?

  3. Үстеу түрлерін тап, сұрақ қой.


28-Нәтиже сабақ
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1.Үстеу дегеніміз не?

2.Үстеу түрлерін атаңдар, мысал келтіріңдер.

3. Мекен үстеудің сөйлемдегі қызметін айт.

4. Мекен үстеудің сұрақтарын ата.


2-тапсырма. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Сенің қалаңдағы ең ірі жәрмеңке қай көше бойында орналасқан?

2. Өзің білетін сауда үйлерін атап шық.

3. Ақшаның қызметі қандай?

4. Өзіңе керекті кеңсе тауарларын сатып аласың ба?


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті мекен үстеуін қойып, жаз.
1. ... қонақтар келді. 2. ... қабатта директор кабинеті орналасқан. 3. ... көтеріліп, солға бұрылсаң табасың. 4. Олар ... күтіп қалыпты. 5. Үй ... кіргенде жылынып кеттім. 6. Ит ... жүгіріп жүр. 7. Кішкене қалды, ... шегінбе досым. 8. ... ең үлкен хайуанаттар бағы орналасқан.
4-тапсырма. Мына мекен үстеулерді пайдаланып, сөйлемдер құрастыр.
Жоғары – төмен, алыстан – жақыннан, артқа –алға, төмен – жоғары. Ілгері, мұнда, сонда.


29-сабақ

Сөздік:

Көйлек – платье

Жейде – рубашка

Шалбар – брюки

Шапан – пальто

Тон – шуба

Киім – одежда

Ұлттық киімдер – национальные одежды


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдері үш түрге бөлінген. Олар – бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиындарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атаған. Олар ашық түсті көйлек, камзол, шапан. Әйелдердің бас киімдері арасынан неғұрлым өзіндік сән-салтанатымен ерекшеленетін қыздардың тұрмысқа шығардағы бас киімі – сәукеле болды. Қазақ халқының ұлттық киімдеріндегі бас киімді былайша топтастыруға болады: 1) ерлер бас киімі:  тақия, құлақшын, бөрік, қалпаққұлақты тымақ; 2) әйелдер бас киімі: сәукеле, бөрік, жаулық, кимешек, тақия.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.


  1. Қазақ халқының ұлттық киімдері неше түрге бөлінген?

  2. Қыз келіншектер қалай киінетін болған?


3-тапсырма. «Ұлттық киімдер» бойынша диалог құраңдар.



.
30-сабақ

Сөздік:

Жеміс дүкені – фруктовый магазин

Алдыңғысы – впереди

Дүкенші – продовец

Өлшеп – измерить

Алма – яблока


1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Дүкенде

Жеміс дүкенінде алма алғалы үш-ақ адам тұрған. Алдыңғысы – әжей, одан кейінгісі – он жасар Орынтай, оның соңында – бір келіншек.

Дүкенші әйел әжейге алма өлшеп жатты. Бір алма таразы табақшасынан сатып алушылар жаққа домалап түсіп кетті.

Дүкенші әйел ең жасы ғой дегендей, Орынтайға қарап:



  • Қарағым, түскен алманы әперіп жіберші, - деді.

Орынтай естімеген кісідей бедірейіп тұра берді. Алманы одан кейінгі келіншек әперді.
2-тапсырма. Жұмбақты шешіңдер.
Түйін байлап көктемде,

Қызарар жаз кеткенде!


Есіңе сақта!

Сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе жіңішке болып үндесуі буын үндестігі деп аталады.

Мысалы: тұрған, дүкен, жеміс, алманы, естімеген, жіберші, алушылар.
3-тапсырма. Мәтіннен мағынасы бір-біріне қарсы мәндес сөздерді теріп жаз.
31-сабақ

Сөздік:

Зырылдауық - юла

Доп - мяч

Қонжық - медвежонок

Қуыршақ - кукла

Көлік – машина


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңдар.
Ойыншықтар дүкені
Бұл ойыншық дүкені. Ол Абай көшесінде. Дүкен үлкен, әдемі. Дүкенде өте көп ойыншықтар бар. Саянға ойыншық дүкені ұнайды. Бүгін Саянның туған күні. Ол анасымен дүкенге келді. Анасы ойыншық көлік сатып алып берді. Саян қуанды.

2-тапсырма. Жұмбақты шешіңдер.

Іші жел, өзі жеңіл.

Жүгіреді деміл-деміл.
Аяғы бар жүрмейді,

Аузы бар сөйлемейді,

Айнымайды бөпемнен.

Тек жылауды білмейді.


3-тапсырма. Төмендегі сөздерді қолданып сөйлем құраңдар.
Доп, қуыршақ, қонжық, зырылдауық, шар, ойыншық.
4-тапсырма. «Ойыншықтар дүкені» тақырыбы бойынша диалог құраңдар.


32-сабақ

Сөздік:

Қадірлеу – ценить, беречь

Еңбекпен – трудом

Күтіп-баптайды – ухаживает

Адамның өмірі – жизнь человека
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Ас атасы – нан

Нан еңбекпен табылады. Дихандар көктемде жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады, оны жаз бойы күтіп-баптайды. Күзде астықты комбайнмен орып алады. Жүргізушілер машинамен астық қабылдау орындарына жеткізеді. Бидайдан ұн дайындайды. Ұннан неше түрлі нан пісіреді: табан нан, батон, тоқаш, бауырсақ. Мұның бәрі – адамдардың еңбегі. Нан – адамның өмірі. Сондықтан да оны қадірлеуіміз керек.


2-тапсырма. Жұмбақты шешіңдер.
Оңымнан оқы – тағаммын,

Солымнан оқы – тағаммын



Күні жоқ менсіз адамның.
Есіңе сақта!

Заттың іс-қимылының мезгілін, мекенін, жай-күйін білдіретін сөздерді үстеу деп атайды. Үстеу қашан? қайда? қайдан? қалай? сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: биыл, алда, жоғарыдан, тез, т.б.

3-тапсырма. Жоғарыдағы үстеулерді қолданып сөйлем құраңдар.
33-Нәтиже сабақ
Тест сұрақтарына жауап беріңдер:
1. Сыртқы киімдер

а) жейде, көйлек, шалбар

ә) шапан, тон, ішік

б) бөрік, сәукеле, тақия


2. Бөрік, тымақ, қалпақ -

а) киімдер

ә) әйелдердің бас киімдері

б) ерлердің бас киімдері


3. «Бөркін аспанға лақтыру» аудармасын табыңдар.

а) сильно радоваться

ә) легко победить

б) легко отделаться


4. Сөйлемдерді дұрыс құрыңдар.
Бәріміз, қамзол, әпердік, әжемізге, ақылдасып.
5. Үстеу қандай сұраққа жауап береді?

а) кім? не?

ә) не істейді ?

б) қашан? қайда? қалай?


6. Сөйлемнің түрін анықтаңдар.

Алыстан қонақтар келді.

а) Мезгіл үстеулі сөйлем;

ә) Мекен үстеулі сөйлем;

б) сын қимыл үстеулі сөйлем.

34-сабақ

Сөздік:

Туған күн – день рождение

Тойлаймын – праздную

Қонақтарды шақырамын – зову гостей

Құттықтайды – поздравляют

1-тапсырма. Мәтінді оқып, сураулы сөйлемдерді жаз.

Менің туған күнім

Менің атым – Салтанат. Менің туған күнім жетінші маусымда болады. Сол күні мен өз туыстарымды, достарымды қонаққа шақырып туған күнімді тойлаймын. Тұған күнім жазда болғандықтан, кейде біз отбасымен табиғатқа шығамыз. Ауа-райы керемет болады. Маған көптеген сыйлықтар сыйлайды. Мен өз туған күнімді тойлағанды жақсы көремін.



2-тапсырма. Диалогты пайдалана отырып, өзара сөйлесіңдер.

– Сәлем, қалың қалай?



  • Сәлем, жақсы өзің ше?

  • Жаман емес. Сенің туған күнің қашан болады?

  • Менің туған күнім бесінші сәуірде болады.

  • Сен өз туған күніңді қалай тойлайсың?

  • Мен өз туған күнімді достарымды, туыстарымды шақырып тойлаймын.

  • Өткен туған күніңде саған не сыйлады?

  • Туған күніме маған қызықты кітап сыйлады.


Есіңе сақта!

Заттың сыны мен сапасының әр түрлі дәрежелік сипатын білдіретін белгілер шырайлар деп аталады.

Сын есімнің шырай түрлері:

Жай шырай – шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырмай жай ғана көрсетеді.

Салыстырмалы шырай – заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

Күшейтпелі шырайды – күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

3-тапсырма. Жақша ішіндегі сөздерді аударып көшіріп жаз.

Мен кеше досыма (подарок) сыйладым. Достарым мені туған күніммен (поздравили). Өз туған күнімді үйде (праздновал). Әкем маған доп (подарил).



35–сабақ

Сөздік:

Туған – родился

Шақырды – позвал, пригласил

Сыйлық – подарок

Құттықтаймын – поздравляю

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша диалог құрастырыңдар.

Досымның туған күні

Менің досымның аты – Дархан. Ол алтыншы сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Ол 15-сәуірде туған. Дархан мені өз туған күніне шақырды. Мен досыма кішкентай, керекті сыйлық дайындадым. Бүгін сабақтан кейін достарыммен жиналып, Дарханның үйіне туған күніне барамыз. Мен досымды туған күнімен құттықтаймын.





2-тапсырма. Қарамен жазылған сөздердің шырай түрлерін анықтаңдар.

1. Менің сыйлығым басқаларға қарағанда үлкендей болды. 2. Таняның көйлегі әп-әдемі. 3. Өткен демалыста біз өте жақсы демалдық. 4. Менің мектебім үйімнен алыстау. 5. Бүгін біз оп-оңай бақылау жұмысын жаздық. 5. Қыста дала аппақ болады.



3-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдегі сын есімдерден салыстырмалы шырай формасын жасаңдар.

1. Асхаттың сыйлығы үлкен.

2. Дастарханда дәмді тағамдар болды.

3.Туған күнімді жақсы өткіздім.



36–сабақ

Сөздік:

Дәстүрлер – традиции

Құрмет – почет

Қамқор – забота

Мерекелер – праздники

Қонақтар – гости



1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар

Біздің отбасымыздың туған күні

Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.

Мысалы, туған күн болғанда шешем әр түрлі дәмді тағамдар пісіреді. Біз дастархан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, туған күнді көңілді өткіземіз.

2-тапсырма. «Біздің отбасымыздың туған күні» тақырыбына диалог құрастыр.

3-тапсырма. Үлгі бойынша сөздерді аударып, сын есімнің шырайларын жаса.

Большой, крупный, длинный, синий, высокий.

Үлгі: большой – үлкен – үлкендеу – өте үлкен.

37–сабақ

Сөздік:

Сыйлық – подарок

Әдемі – красивый

Пайдалы – полезный

Түр – вид

1-тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.

Сыйлықтар

Туған күн – бұл деген керемет мереке. Бұл күні бәрі саған көптеген, әр түрлі сыйлықтар сыйлайды. Сыйлықтардың түрлері көп. Ең жақсы сыйлық ол – кітап. Мен сыйлықтарды сыйлауды және алуды жақсы көремін.



2-тапсырма. Мына сын есімдерге шырай жұрнақтарын қос.

Керемет, пайдалы, үлкен, күшті, жақсы, қысқа, биік



3-тапсырма. Сыйлық туралы диалог құрастыр.



38–сабақ

Сөздік:

Денсаулық – здоровье

Бақыт – счастье

Жақсы - хорошо



1-тапсырма. Мәтінді оқып, досыңа құттықтау жаз.

Құттықтау сөз

Талғат!


Сені туған күніңмен құттықтаймын.

Саған денсаулық, бақыт тілеймін.

Сабағыңды жақсы оқы.

Досың Ердос

2-тапсырма. Мына сын есімдерден салыстырмалы және күшейтпелі шырай жаса.

Жай

Салыстырмалы

Күшейтпелі

Биік

Толық


Ақылды

Қорқақ


Ұсақ

Биіктеу


Өте биік

3-тапсырма. Үлгі бойынша сөздерді аударып, сын есімнің шырайларын жаса.

Красивый, зеленый, короткий, маленький

Үлгі: красивый – әдемі – әдемілеу – өте әдемі.

39– Нәтиже сабақ

1-тапсырма. Кестені толықтыр.

Сын есімнің шырайлары

...

...

...










2-тапсырма. Досыңа құттықтау жаз.

3-тапсырма. Мына сөздерге салыстырмалы шырай жұрнақтарын қосып жаз:

Ұзын, қысқа, биік, алыс, қара, әдемі, үлкен, алыс.



40–сабақ

Сөздік:

Қурылған – жаренный

құрбым – подруга, сверстница

тазалау, аршу – очищать

бөліктер – части

араластыру – помешать

қабыршақ - чещуя

1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын өз сөзіңмен айт.

Қуырылған балық

Бірде бір құрбым Атырауда тұрғанына неше жыл болса да, әлі балық қуыра алмайтынын айтып, менен көмек сұрады. Мен оған балық қуыру амалын айтып бердім.

Сендердің араларыңда да балық қуыруды білмейтіндер бар шығар. Ендеше, мен балықты қалай қуыратынын айтып берейін.

Мен көбіне тазаланған сазан сатып аламын. Егер балығың тазаланған болса,  балықты жақсылап жуып, сыртқы қабыршағын аршы. Сосын оларды бөліктерге бөл.

Ұзақ уақытқа тұзды суға салып қой (бір немесе жарты сағатқа). Тұз сіңсе, балық дәмді болады. Содан соң суын сорғыт. Әйтпесе, май шашырап, әбігерге салады. Ыдысқа ұн салыңызда, аздап тұз қосып, араластыр.

Енді отқа таба қойып, май құй. Май қызғанда балықты салып сырты сарғайғанша қуыр. Екінші жағына аударып, ол жағын да сарғайтып қуыр.



2-тапсырма. Диалогты оқып, жаттап алыңдар.

- Сенің қатты ұнататын тағамың бар ма?

- Мен барлық тағамды ұнатамын. Тек майлы тағамдарды ұнатпаймын.

- Ал, сен жылқының етін ұнатасың ба?

- Иә, мен жылқының етін ұнатамын, әсіресе котлет ұнатамын.

3-тапсырма.Тиісті сөздерді қойыңдар.

Қазы-қарта ... етінен жасалатын тағам.

Жылқы сүтінен жасалатын сусынның бірі - ...

Наурыз мерекесінде жасалатын тағам - ...

Ірімшік ... жасалады.

Керекті сөздер: сүттен, наурыз көже,жылқы, қымыз

Есіңе сақта!

Жіктік жалғау.

Зат есім сөздердің жіктік жалғау арқылы түрленуі зат есімнің жіктелуі деп аталады. Жіктік жалғаулары үш жақ бойынша жекеше, көпше түрде жалғанады.

4 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, көшіріп жазыңдар.

Мен тәңертең бутерброт жей... және кофе іше...

Мен ботқаларды ұната...

Сен таңертеңгі асты іше... бе?

Мен кешкі тамақты сағат алтыда іше...

41–сабақ

Сөздік:

Әлеуметтік – социальный

қонақжайлық – гостеприимность

жомарттық – щедрость

мәртебе – престиж, благородие

ырыс – благородие



1 – тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

Қонақжайлық

Халқымыздың тарихи, əлеуметтік, тұрмыстық жағдайларындағы ерекше қымбат дəстүр – қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, елдіктің үлкен белгісі. Қазақ семіз қойын, басқа да жылы, жұмсақ тағамдарын қонаққа əдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтініп отырған. «Құдайым би қылмасаң да, би түсетін үй қыл» деп тілек тілеген қазақ үйіне қонақ түскенді мəртебе, бақыт санаған. Қонақ та кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарқаны мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған. Қазақта «қонақтың өз ырыздығы бар» деген ұғым қалыптасқан. Халық дəстүрінде қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады.



2- тапсырма. Синоним сөздерді жаттаңдар.

а) Кез көркем түсірмеу

уақыт әдемі шақырмау

3- тапсырма. Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар.

Қымбат, үлкен, жұмсақ, мол, таза, жақын, ұзын.



4-тапсырма. Көп нүктенің орнын тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Автовокзал ..., темір жол вокзалдары... түскен сәттен-ақ, қалада машина өте көп екенін еске ал. Жолд... тек ережеге сай кесіп өтуге болады. Қала саған ауыл емес. Қала... адам көп. Оң жақ... жүру шарт. Әлдекімге сұқтана қарама, ол әдепсіздік. Қала... тазалық жайын ұмытпа. Қала... өз тәртібі бар.



42–сабақ

Сөздік:

Үй иесі – хозяин дома

жолаушы – прохожий

жалынбай – не просить

қыдыр – гулять

1– тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.

Қонақтарды қалай күтуі

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген.





2 – тапсырма. Сұрақтар бойынша өзара сөйлесіңдер.

  1. Қазақ халқы қонақ келсе не істейді?

  2. Жол жүріп бара жатқан жолаушы қай жерге тоқтайды?

  3. Қонақ туралы қандай мәтелдер білесің?

  4. Үй иесі келген қонақты қалай күтеді?

Есіңе сақта!

Заттың нәрсенің атын білдіріп, толық мағыналы сөзбен тіркесе жұмсалатын есімдерді көмекші есімдер дейді.

Көмекші есім тіркескен сөз ілік септігі жалғауын ашық жалғауы да мүмкін, жасырын түрде де көрінуі мүмкін.

Мысалы: үйдің маңы, үй маңы, өзеннің жағасы, өзен жағасы, т.б.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.

Қаланың ортасында, дәріхананың қасында, театрдың алдында, саябақтың ішінде, үйдің үстінде, қала сыртында, үстел басында, темір жолдың үстімен, көше бойымен, ауылдың маңында.



43–сабақ

Сөздік:

шын жүрек – искренне арман – мечта қадам – начинание келбет –внешность береке – благо, изобилие ұзақ ғұмыр – долгой жизни



1–тапсырма. Құттықтау сөзді оқып, аударыңдар. Мәтіннен жаңа сөздерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздермен бірге теріп жазыңдар.

Құттықтау сөз

Құрметті …!


Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Қадамыңа – гүл, келбетiңе – нұр, қиялыңа – қанат бiтсiн, жасыңа – жас қосылсын! Басыңа құт-береке орнасын, бейбiт күннің арайлы шуағы мейлiнше төгiле түссiн, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың – асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiз!

2–тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Ертең сен не істейсің?

  • ...

  • Бізбен бірге Айдостың туған күніне барғың келе ме?

  • ...

  • Біз туған күннен кейін қаланың сыртындағы «Медеу» мұз айдынына барып, коньки тебеміз.

  • ...

Есіңе сақта!

Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.Мысалы: кім? (кто?) – әже, оқушы; не? (что?) – қала, тиін, сиыр, үйрек, от.

Зат есім мағынасына қарай екіге бөлінеді: жалпы есім (имя нарицательное) – дала, адам, атамекен, мал, құс және жалқы есім (имя собственное) – Астана, «Егеменді Қазақстан», «Балдырған».

Зат есім жекеше түрде де көпше түрде де жұмсала береді. Жекеше түрі (ед. число) – шана, құлақшын, коньки, қыс.., көпше түрі (множ. число) – шаналар, құлақшындар, конькилер.

3–тапсырма. Төменде берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңдар.

Үлгі:


Атамекен – туған жер мағынасын береді, зат есім, не?, жалпы, жекеше.

Балалар, торғай, аяз, мектеп, ұстаз, табиғат, дәрігер, саябақ.



44-Нәтиже сабақ

1– тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1.Мақалды аяқтаңдар.

Қонақты құсаң - ...

2. Сөздерді дұрыс аударыңдар.

құт береке – гостеприимность ұзақ ғұмыр – много изобилия жомарт – милый қонақжайлы – щедрый



3. Сөйлемді дұрыс құраңдар.

Құттықтаймыз, шын жүректен, туған күніңмен.



4. Көп нүктенің орнына керекті зат есімді жазыңдар.

Сол... бойымен ... жағалауын жабайы ... қыстыйды.



2–тапсырма. Бақылау сұрақтарына жауап беріңдер.

1. «Қонақжайлық» туралы мақал-мәтел айтып бер.

2. Өзінің сүйікті тағамың туралы айтып бер.

3. Қазақ халқы келген қонақты қалай күтеді?
45–сабақ

Астана – бас қала
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы. Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан.

Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Онда Елбасы Резиденциясы, Парламент үйі, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.

Астана қаласында жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. 1999 жылы Астанаға ЮНЕСКО- ның «Бейбітшілік қаласы» деген атағы берілді. Астана – болашағы үлкен қала.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып, таныс емес сөздері бойынша сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді негізгі бөліктерге бөліп, оларға ат қойыңыз.

3. Әр бөліктің мазмұнын ашатындай 2-3 сұрақ құрастырыңыз.

4. Сыныптасыңыздың дәптерімен ауысып, сұрақтарға жауап беріңіз.

5. Мәтіннен біріккен сөздерді теріп, сөз құрамына талдаңыз.

6. Астана, туған жер тақырыптары бойынша мақал-мәтел, қанатты сөздерді ойдан шығарып жазыңыз.


46–сабақ

Тіл дамыту сабағы
Астана туралы бірнеше өлең жаттап алыңдар.
Тапсырмалар:

  1. Мұғалімнің мәнерлеп оқығанын мұқият тыңдаңыз.

  2. Өлеңді көз жүгіртіп таныса оқыңыз.

  3. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап бірнеше рет оқыңыз.

  4. Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтап, дәптерге жазыңыз.


Астана

Ей, Астана!

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзіңнен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлар толып, бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

(Нұрперзент Домбай).
Елорда
Киелі менің Елордам,

Арудай сұлу таранған.

Береке-бірлік, достықтың

Тұнығынан нәр алған.

Жайнай бер, жаңа Астанам,

Ертегідей ғажап бас қалам.

Ынтымақтың тербеп бесігін,

Тәуелсіз ел көшін бастаған.

Сәулеңді шаш еліңе,

Нұрыңды төк жеріңе.

Киелі менің Елордам,

Бақ болып қонған төріме.



Жүрегімнен Ақ тілек
Астананың Есілі сарқырайды,

Мың бір шырақ түнімен жарқырайды.

Көк аспанмен таласқан «Бәйтерегім»,

Астанамның сұлулығын айқындайды.

Сәулеті де Астананың сондай көркем,

Сағынамын қаламды алыс кетсем.



47–сабақ

Қайталау сабағы
«Саяхат» ойыны. Бірнеше топқа бөлініп, туристік агенствоның қызметкерлері (менеджер, гид) рөлін орындаңдар.
Тапсырмалар:

1. Саяхаттың маршрутын (әңгіменің жоспарын) құру (менеджер міндеті).

2. Саяхатқа баратын (жоспарланған) көрікті жерлерді туристерге, Астана қонақтарына таныстыру (гидтің міндеті).

.......


Қажетті құралдар:

Оқушылар алдын ала фотокалаж даярлап әкелу керек, немесе интербелсенді тақтаның көмегіне жүгінуге болады.



48–сабақ
Қаладағы ескерткіштер. «Қазақ елі» ескерткіші



Каталог: uploads -> doc -> 098c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098c -> Сабақ Жеңіл атлетика Тақырыбы: Төменгі сөреден 60м қашықтыққа жүгіру. Сынып: 6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет