Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет24/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58


      Өндiрiс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, кәдеге жарату және залалсыздандыру қағидаларын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

352-бап. Тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын олардың сақталуын және халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөніндегі талаптарды бұзу



      Маркшейдерлiк құжаттаманы жоғалту, жойылатын немесе консервацияланатын тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жай-күйге келтiру жөнiндегi талаптарды, сондай-ақ консервациялау уақытында тау-кен қазбалары мен бұрғылау ұңғымаларын сақтау жөнiндегi талаптарды бұзу –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

353-бап. Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу



      Жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау жөнiндегi талаптарды бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

354-бап. Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына минералдық шикiзатты пайдалану туралы ақпаратты ұсынудан бас тарту немесе жалтару



      Жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылау органдарына жер қойнауын пайдаланудың, өндiрiлген және қайта өңделген минералдық шикiзаттың жай-күйi туралы уақтылы, толық және анық ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алты, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

355-бап. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi



      Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманың бұзылуына әкеп соғатын нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi –

      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

356-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу



      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

       1. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргiзу қағидаларын, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың талаптарын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi экологиялық талаптары мен шарттарын орындамау -

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген мұнай операцияларын жүргізу шарттарын бұзу, сондай-ақ өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған іздестіру, бағалау жұмыстары жобаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Белгіленген тәртіппен бекітілген іздестіру жұмыстарының жобасынсыз, бағалау жұмыстарының жобасынсыз және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжатынсыз іздестіру, бағалау жұмыстарын және өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Авариялық жағдайлар қатері төнген немесе туындаған, персоналдың өміріне немесе халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнген жағдайларды қоспағанда, мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсат шарттарын сақтамастан, ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      9. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның бекітілген жоспарының болмауы –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      12. Теңізге бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін қажетті өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен жасасылған шартсыз теңізде мұнай операцияларын жүргізу –

      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға әкеп соғады.

      Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).


       

357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердiтiркеу



      Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл іс-әрекеттердi лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүддесi үшiн жасаса, –

      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу



      1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын құрылыстар мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi пайдалануға беру –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнің жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

359-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу



      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке алуға арналған өлшеу құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн бүлдіру –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу –

      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері белдеулерінде заңсыз құрылыс салу



      1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту –

      заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын заңсыз салу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

361-бап. Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу



      Судың бастапқы есебiн жүргiзу және оларды пайдалану қағидаларын бұзу –

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

362-бап. Су ресурстарын есепке алу мен есептілік деректерiн бұрмалау



      Су кадастрын есепке алу мен есептілік деректерiн, су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғау схемаларын бұрмалау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау –

      лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –

      отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

363-бап. Су ресурстарын реттеуге кедергi келтіру



      Су ресурстарын кешендi пайдалану, экология және су бөлу мүдделерi үшін оларды реттеуге кедергi келтіру –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

364-бап. Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу



      1. Ортақ су пайдалану қағидаларын:

      1) тыйым салынған жерлерде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдаланудағы су объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тыйым салатын белгілер орнату жолымен шектеу түрінде жасалған бұзушылық –

      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

365-бап. Белгіленген су сервитуттарын бұзу



      1. Белгіленген су сервитуттарын бұзу -

      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – екі, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

366-бап. Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректі қайта өңдеу, қоймалар орналастыру



      Орман қоры жерлерінде заңсыз тегістеу, құрылыстар тұрғызу, сүректi қайта өңдеу, қоймалар орналастыру –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

367-бап. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу



      1. Ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық қағидаларды бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептік мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл әрекет ірі залал келтірмесе, –

      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

368-бап. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу



      1. Кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек дайындау мен әкетудiң, шайыр мен ағаш шырындарын, қосалқы орман материалдарын алудың белгiленген тәртiбiн бұзу –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

369-бап. Орман қорының және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу



      1. Мемлекеттiк орман қорының уақытша алынған учаскелерiн қайтару мерзiмдерiн бұзу немесе оларды мақсатына қарай пайдалану үшiн жарамды күйге келтiру жөнiндегi мiндеттердi орындамау –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

370-бап. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру, сондай-ақ заңсыз шөп шабу және мал жаю, дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты жинау



      1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау –

      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

371-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу



      Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу –

      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ орманды қалдықтармен, химиялық заттармен бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне өзге де залал келтiру



      1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен және төгiндiлермен орманды бүлдiру –

      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен жолдарды жою немесе бүлдiру –

      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру



      1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру –

      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу және пайдалану


Каталог: images -> files
files -> Рабочая программа разработана на 35часов в год из расчета 1 час в неделю, их них плановых практических работ 7
files -> Зиганшина Гузель Нурмухаметовна 2012-2013 учебный год
files -> Камско-Устьинского муниципального района, Республики Татарстан
files -> Всё об электричестве
files -> Муниципальная бюджетная организация дополнительного образования «Алексеевская детская школа искусств»
files -> Урок с участием учителя -ветерана войны в 9 классе моу
files -> Планирование курса «Биология. Животные»
files -> Главные труды Эвклида "Начала" латинизированное назв


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет