Экономика және менеджмент” ПӘнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


Тақырып 13 Менеджменттің пәні,әдістері мен міндеттері



бет10/15
Дата12.10.2020
өлшемі235,5 Kb.
#66123
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тақырып 13 Менеджменттің пәні,әдістері мен міндеттері

Менеджменттің ұғымы, мәні мен қызметтері. Менеджердің қасиеттері мен басқаруға қойылатын талаптар мен кәсіпорын қызметінің саясаты.



2

1

3

3

7.1.4,7.1.5, 7.1.6,7.1.8,7.1.9,7.1.14

14

Тақырып 14 Менеджмент теориялары. Менеджменттегі басқару стильдері.

Басқару мектептерінің сипаттамасы мен эволюциясы. Басқарудың типтері,элементтері. Басқару стильдерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері



2

1

3

3

7.1.4,7.1.5, 7.1.6,7.1.8,7.1.9,7.1.10, 7.1.14

15

Тақырып15 Жоспарлау, бақылау және мотивация менеджменттің қызметтері ретінде

Мотивацияның теориялары мен факторлары. Қажеттіліктер мен мотивациялық іс-әрекет. Жоспарлау ұғымы,түрлері мен кезеңдері. Бақылау мәні, түрлері мен кезеңдері.



2

1

3

3

7.1.4,7.1.5, 7.1.6,7.1.8,7.1.9,7.1.10, 7.1.14




БАРЛЫҒЫ:

30

15

45

45










3.ПӘНДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Оқу жоспары бойынша пәнді оқу үшін 30 дәріске арналған сағаттар 15 практикалық-сарамандық сағаттар қарастырылған.

Дәрісханалық дәріс курсы студенттердің білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады.

Дәрістер – оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру.

Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде суденттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді. Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу.

Практикалық және зертханалық сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол студенттің бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл студентердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді.

Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, студенттердің өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студентерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане, Бизнес в Казахстане, Саясат және т.б.

Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек:

- Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі;



  • Жұмысты студент дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды.

  • Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді.

  • Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеерді көрсету қажет.

Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі.

2.1.ОЖСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау: «Экономика және менеджмент» курсы экономиканы бір түтас жүйе ретінде қарастыра отырып, оқу кезінде әрбір студент ОЖСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі –эссе болып табылады.

Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін студенттен оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, ұлттық және әлемдік экономиканың өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі.

Студент эссені дайындау барысында барлық мүмкін ақпараттық қайнар көздерін, оның ішінде ИНТЕРНЕТ жүйесіндегі мәліметтерді қолдана алады, бірақ сәйкес сілтеме жасайды. Егер ұсынылған мәселе бойынша әртүрлі көзқарастар болса, оның бәрі қарастырылып, сәйкесінше аргументтелуі тиіс.

Егер ұсынылған тақырып сандық мәліметтерді қажет етсе (нарықтың параметрлері, қатысушылар саны, сегменттер саны және т.б) , онда барынша жаңа сандар, қайнар көздері көрсетіліп келтіріледі

Кейбір тақырыптарды ашу үшін экономикалық және менеджменттік талдау жүргізу қажет, бұл жағдайда эсседе талдаудың қортындылары мен осы қортындылар жасалған маңызды элементтер ғана беріледі.

Эссенің мәтінін екі әдіспен: қолжазба немесе компьютерде теріп өткізуге болады. Эссе А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Эссе орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Азат жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Қолжазба мәтіні қаламсаппен, анық жазылуы тиіс. Қолжазба түріндегі эссенің әрбір бетінде 28-30 жол болады, әрбір жолда орта есеппен 60-65 белгі болса, сөз арасындағы әрбір алшақтық бір белгі болып саналады. Қолжазба мәтініне №3 трафарет пайдаланылады. Қолжазба түріндегі эссенің жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Компьютерде тергенде эссе Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік. Компьютерлік мәтіндегі эссенің көлемі 4-5 бет. Беттерді оң жақтағы жоғарғы бұрышта номерлеу керек..

Эссе қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Эссе берілген тақырып бойынша әдебиеттерге шолумен аяқталады. Бұл тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады.

Эссенің аяғында қосымшалар келтіріледі, олар эссенің мәтіні болып саналмайды, бірақ белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін (графиктер, схемалар, алғашқы статистикалық мәліметтер , таблицалар)

2.2. СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Экономика және менеджмент» курсы пәнін оқу кезінде кредиттік жүйеде оқитын әрбір студент реферат түрінде СӨЖ орындайды. СӨЖ орындауға кірісер алдында, студент өзінің рефератының тақырыбын зерттеуі қажет. Реферат А4 ақ қағаздың стандартты бетінің бір жағында рәсімделеді. Қолжазба түрінде болады және компьютермен теріледі.. Компьютерде тергенде реферат Microsoft Word мәтіндік редакторында теріледі , шрифт Times New Roman, размер 14, жол арасындағы алшақтық бірлік болу керек.

Реферат орындағанда беттің шеттерінің келесі параметрлері қатаң сақталуы керек: сол жағы-25-30 мм, оң жағы-10 мм, төменгі және жоғарғы мөлшері-20 мм болады. Азат жол бес белгіге немесе 15 -17 мм тең болуы керек. Тақырыпшалар мәтінен жоғарға және төменгі жағынан бір жолмен бөлінеді.

Рефераттың жалпы көлемі қосымшаларды қоспағанда 6 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыстың бетерінде ешқандай шимайларболмауы тиіс, жол арасында қосымша жазылған сөздер, сызылған сөздер, түзетулер рұқсат етілмейді. Сонымен қатар жалпы қабылданаған сөздерден басқа сөздерді, сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Реферат қысқаша мазмұннан немесе жоспардан басталуы керек. Рефераттың соңында тізімде оқулықтар, оқу құралдары, мерзімдік баспа материалдары барлық мәліметері көрсетіліп жазылады және мерзімі мен қолы қойылады.

2.3. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің зерттеу жұмыстарын орындау

Жазбаша жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары оқылатын пәннің маңызды және барынша өзекті мәселелеріне негізделген. Рефераттар және курстық жұмыстарды жазу студенттердің макроэкономика курсы пәнін оқу процессінде алған практикалық білімдерін тереңдетіп, бекітуге мүмкіндік береді.

Рефераттар және курстық жұмыстарды дайындау кезінде сәйкес тақырыптарға байланысты қарастырылатын сұрақтарды нақтылау үшін оқулықты пайдаланып, университет кітапханасының базасында бар барлық әдебиеттер тізімін қарастырып, барлық қолда бар басылымдарды және басқа да ақпарат көздерін қолдану қажет.

Рефераттар және курстық жұмыстардың тақырыптары бітіру жұмыстарының тақырыптарын таңдауға негіз бола алады, ал бітіру жұмыстарының тақырыптары ғылыми жетекшімен бірігіп, студенттердің алдағы жұмыс орнына және оның бұрын орындаған реферат немесе курстық жұмыстарының тақырыптарына байланысты анықталады.

Зерттеу жұмысын рәсімдеуге қойылатын талаптар :



  1. Зерттеу жұмысы өз еркімен таңдап алған тақырыпқа және құрылған жоспарға сәйкес өз бетімен орындалады.

  2. Зертеу жұмысының міндетті шарты статистикалық мәліметтер, газет,журналдардың және басқа да мерзімдік басылымдардың мақалаларын, INTERNET- желінің мәліметтерін қолдану болып табылады.

  3. Кіріспеде (көлемі - 1 бет) мәселе қойылады, оның мәні, мәселенің мақсаттары мен міндеттері, зерттеу әдістемесі анықталады. Бірінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) теориялық бөлім және таңдалынған тақырып бойынша әдебиеттерге шолу арқылы зерттеуді негіздеу болып табылады. Теориялық сұрақтарды мазмұндау қарастырылған әдебиеттерге қысқаша шолу түрінде болу керек. Екінші бөлім (көлемі шамамен-5-7 бет) мәні, мазмұны және көлемі жағынан негізгі бөлім. Екінші бөлімде қолданылған статистикалық мәліметтер негізінде зерттелетін мәселеге талдау жүргізіп, (SWOT-талдау әдісін қолданған дұрыс) іс жүзінде мысалдар келтіру қажет. Үшінші бөлім ( көлемі шамамен-3-4 бет) –нұсқау түрінде, зерттеу жүргізген тақырып мәліметтері арқылы қортынды мен ұсыныстардан тұрады, Қазақстандағы нақты жағдайларды есепке алып, шетел тәжірибелерін қолданудың мүкіндіктерін қарастырады. Қортынды (көлемі - 1 бет) – зерттеудің барлық теориялық және практикалық нәтижелерін жалпылап, анықталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар жасайды.

  4. Зерттеу жұмысының жалпы көлемі компьютермен тергенде (12 шрифт, жол арасы 1) және кесте, графиктер және қосымшаларды қосқанда 15-20 беттен аспауы керек. Жұмыс жеке беттерде (шеттері: жоғарғы жағы -2 см, төменгі жағы-2 см, оң жағы-1 см, сол жағы-2.5 см) орындалады.

  5. Жұмыста келтірілген цитаталар мен сандық мәліметтерге әдебиеттер тізімі бойынша қолданылған әдебиеттің реттік санын және бетін көрсетіп міндетті түрде сілтеме жасалады., мысалы: «…………» (5, бет 321). Жол аяғындағы ескертуде келтірілетін сілтеме араб цифрыен белгіленіп, әдебиеттер тізіміндегідей рәсімделеді: автордың аты-жөні, тегі, жұмыстың толық атауы, шыққан жері, баспасы, шыққан жылы мен беті көрсетіледі. Берілген әдебиетті қайтадан қолданғанда шыққан жері, баспасы, шыққан жылы жазылмайды.

  6. Қосымша ретінде схемалар, графиктер, суреттер мен фотолар қолданылуы мүмкін.

  7. Зерттеу жұмысы қолжазба түрінде орындалуы мүмкін. Жұмыс сауатты, таза жазылып, бөлімдер міндетті түрде бөлек көрсетіліп, беттері белгіленеді. Қабылданған сөздерден (США, ҚР және т.б).басқа сөздер қысқартылмай толық жазылады.

  8. Жұмыстың аяғында міндетті түрде библиографиялық рәсімдеу ережелерін сақтай отырып қолданылған әдебиетер тізімін ( 5 әдеби көзден кем емес) келтіру керек. Жұмыс оқу аяқталғанға 15 күн қалғанға дейін тапсырылады. Көрсетілген мерзімнен кейін тапсырылған жұмыстың бағасы 5 % төмендейді.

  9. Әрбір тыңдаушы зерттеу жұмысын оқудың соңғы жұмасында таныстырады. Жұмысты таныстыруға 5-7 минут және 5 минут талдауға беріледі.

  10. Зерттеу жұмысының құрылымы келесідей элементтерден тұруы тиіс:

    1. Сыртқы беті

    2. мазмұны

    3. кіріспе

    4. 1 бөлім

    5. 2 бөлім

    6. 3 бөлім

    7. қортынды

    8. қолданылған әдебиеттер тізімі

    9. қосымшалар

(үлгі)


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет