2.4. ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ
ГИПОГОНАДИЗМ
Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ) — пролактиннің артық мөлшерде бөлінуінен туындаған, клиникалық гипогонадизммен және сүт бездерінен патологиялық бөліністің болуымен (міндетті емес көрініс) сипатталатын клиникалық синдром (2.3 кесте).
2.3 кесте. Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ)
Этиологиясы
|
1.Дербес аурулар (микропролактинома, макропролактинома, идиопатиялық ГГ)
2.Басқа да гипоталамус-гипофиз ауруларымен бірлескен (гормональды-белсенді емес аденома, «бос» түрік ершігі синдромы және т.б).
3.Симптоматикалық ГГ (медикаментозды, біріншілік гипотиреоз, бүйрек жеткіліксіздігі)
|
Патогенезі
|
Пролактин гонадолиберин, ЛГ, ФСГ циклді бөлінуін тежейді, аналық бездің гиполютеинді дисфункциясы, ановуляция, гипоэстрогения
|
Эпидемиологиясы
|
Пролактинома-жиі дамитын гипофиз аденомасы. Микропролактиномалар жиі әйелдерде дамиды, макропролактинома екі жыныста да бірдей жиілікте анықталады. Гиперпролактинемия 1: 500 жиілікте кездеседі. Гиперпролактинемия олигоменорея көрініс берген әйелдердің 8%-да дамиды
|
Басты клиникалық көріністері
|
Менструальды циклдің бұзылыстары, бедеулік, патологиялық галакторея, либидоның төмендеуі, эректильді дисфункция, макроаденомалар кезінде хиазмалық синдром, жеңіл гирсутизм, депрессивті бұзылыстар
|
Диагностикасы
|
1.Гиперпролактинемияның болуын дәлелдеу
2.ГГ симптоматикалық түрлерін жоққа шығару
3.Бас миының МРТ-сы
|
Салыстырмалы диагностикасы
|
Гипофиздің басқа аденомалары, макропролактинемия, соматикалық патология (бүйрек шамасыздығы және т.б.), физиологиялық галакторея, жүйкелік-рефлекторлы галакторея
|
Емі
|
Дофамин агонистері (бромкриптин, каберголин), салыстырмалы сирек резистенттілік дамыса макроаденома жағдайларында-хирургиялық ем
|
Болжамы
|
Оңтайлы: хиазмалық синдром көрініс берген макропролактиномалар кезінде де дофамин агонистерінің әсері жоғары
|
Гиперпролактинемия және ГГ терминдері синоним болып табылмайды. Гиперпролактинемия (пролактиннің сарысудағы деңгейінің жоғарылауы) физиологиялық (жүктілік кезінде, лактацияда, жаңа туылған нәрестелерде), симптомсыз (биохимиялық) және патологиялық болып жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |