Алтыншы аналитикалық топ катиондарына Cu



бет2/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,14 Kb.
#90314
1   2   3
Байланысты:
VI аналитикалық топ катиондары
VI аналитикалық топ катиондары, VI тест есеп
Сынап (ІІ) катионның (Hg2+) реакциялары


1.Күкіртті сутек H2S және ерігіш сульфидтер сынап (ІІ) тұзы ерітіндісінен сынап сульфидінің қара тұнбасын бөледі:

Hg(NO3)2 + Na2S = HgS↓ + 2NaNO3

Тұнба қышқылдарда, концентрацияланған азот қышқылында да ерімейді, ал «патша арағында» (концентрацияланған HNO3 және HCl қоспасы) ериді. Реакция фармакопеялық болып табылады.


2.Күйдіргіш сілтілер сынап (ІІ) тұзы ерітіндісінен сынап оксидінің сары тұнбасын тұндырады:

Hg(NO3)2 + 2KOH = HgO↓ + Н2O + 2KNO3


Тұнба қышқылдарда жақсы ериді. Реакция фармакопеялық болып табылады.


3. Калий иодиді KI сынап (ІІ) тұзы ерітіндісінен сынап (ІІ) иодидінің қызыл тұнбасын береді:

Hg(NO3)2 + 2KI = HgI2↓ + 2KNO3


Тұнба реактивтің артық мөлшерінде еріп, түссіз комплексті тұз түзеді:


HgI2 + 2KI = K2[HgI4]


Бұл реакцияны жүргізуге Сu2+ иондары кедергі жасағанмен, Нg2+ иондарын


анықтауға жиі қолданады. Реакция фармакопеялық.
4.Қалайы (II) хлориді SnCl2 сынап (ІІ) хлориді тұздарын ерімейітін ақ түсті сынап (І) хлоридіне (каломель) дейін тотықсыздандырады:

2HgCl2 + SnCl2 = Hg2Cl2↓ + SnCl4


Егер реактивті артық мөлшерде алса, одан әрі металл сынапқа дейін тотықсыздандырады:


Hg2Cl2 + SnCl2 = 2Hg↓ + SnCl4


Бұл реакцияны сынапты анықтау мақсатында қолданады


5. Аммиак ерітіндісі сынап (ІІ) хлорид- амидінің ақ тұнбасын тұндырады:

HgCl2 + 2NH3 = HgNH2Cl↓ + NH4Cl


Тұнба қышқылдарда және амиак ерітіндісінің артық мөлшерінде ериді.


HgNH2Cl + 2NH3 + NH4Cl = [Hg(NH3)4] Сl2




Мыс (II) катионның (Сu2+) реакциялары


1. Күйдіргіш сілтілер суықта мыс (ІІ) тұздары ерітіндісінен көкшіл мыс (ІІ) гидроксиді тұнбасын береді:

CuSO4 + 2KOH = Cu(OH)2↓ + K2SO4


Концентрацияланған аммиак ерітіндісімен әсер еткенде тұнба ериді:


Cu(OH)2 + 4NH3 = [Cu(NH3)4] (OH)2




2. Артық мөлшерде алынған аммиактың сулы ерітіндісі мыс (ІІ) тұздарымен көк түсті комплексті қосылыс түзеді:

CuSO4 + 4NH3 = [Cu(NH3)4]SO4


Реакция Сu2+ иондары үшін тән және оны бақылау үшін көбірек қолданады.


3. Калий гексацианоферраты (II) K4[Fe(CN)6] бейтарап әлсіз қышқыл мыс (ІІ) тұздары ерітінділерінен қызыл-қоңыр мыс (ІІ) гексацианоферраты (II) тұнбасы түзіледі:

2CuSO4 + K4[Fe(CN)6]↓ = Cu2[Fe(CN)6]↓ +2K2SO4


Тұнба сұйылтылған қышқылдарда ерімейді, бірақ аммиакта ериді.


4. Калий иодиді мыс (ІІ) тұздарымен әрекеттеседі нәтижесінде бос иод және мыс (І) иодиді бөлінеді:

2CuSO4 + 4KI = 2CuI↓ + I2 + 2K2SO4






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет