Қандай дa болсын қозғыш тіндердің негізгi қасиетi тiтіркенгіштік немесе cыртқы ортаның әсеріне, өзінің физикалық және химиялық жағдайын өзгертіп, белсенді жауап беруге дайындық қабілеті



бет3/14
Дата15.12.2022
өлшемі61,72 Kb.
#162944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
физио рк2
СӨЖ 2., Бағалау парағы, гидрология, Введение в социально-экономическую географию (1), геомарфология, httpsedu.enu.kzumkdfileumkd.pdfumkdid=89113&tutorid=487&requirementid=umkd, Латынь диффка ответы-1, 816653, 218 венерол.инф каз, practical work 4 Excel
Іздік потенциалдар пайда болады.Оларды 2-ге оң және теріс деп бөліп қарастырамыз.Реполяризация аяқталар сәтте ӘП белгілі бер мерзімде 15мс-тай кідіріп тұрады.Бұл кезде потенциал МП төменірек болады бұны-теріс із потенциалы деп атаймыз.Кейін реполяризация аяқталып МП алғашқы қалпына келуіне оң із потенциалы көмектеседі.
Осы кезеңде 15мв күшейеді.Осы кезеңді гиперполяризация деп атаймыз.
4. Биопотенциалдардың пайда болу теориялары және олардың табиғатын қазіргі кезде түсіну.
Тін қозған кезде мембраналық потенциалдан,әрекет потенциалына ауысады.Тірі организмде потенциалдың түрлері көп,оның ішінде ӘП,МП жақсы зерттелген.
Биопотенциалдардың ашылу тарихында көптеген ғалымдар зертеулер жүргізген.Соның бірі Л.Гальвани.1789 жылы электр құбылысты сипатау барысында тәжірибеге индикатор ретінде терісі сыдырылған бақа омыртқасының сирақтарын пайдаланған.Бұл препаратты балконға жүйкесін іліп қойған.Жел соғып,қимылдаған кезде темір жақтаулары препаратқа тиіп қимылдағанын байқаған.Іс-жүзінде пайдалану үшін мыс пен темір кесіндісін пайдаланған.ЕКі металдан доға жасап,оған жүйкені ілгенде реоскопты шайқалтқан.Ресокоп темір кесіндісіне тиген сайын сирақтары қимылдаған.Гальвани бұл еңбегін айтқан кезде физик Вольт сирақтардың қимылдауы екі металл арасындағы электр күшінің тартылысы деп айтқан болатын.Сондықтан Гальвани 2-ші рет тәжірибе жасады.Бұл тәжірибесніде ешқандай металл пайдаланған жоқ.Шонданай жүйкесі мен балтыр етінен анатомиялық препарат дайындады.Балтырдың кесілген және кесілмеген жеріне пайған кезде жиырылғанын байқады.Осы 2-ші тәжірибесі арқылы электр тогының болатынын дәлелдеді.Кейін
1838 жылы Маттеучи бұлшықеттің кесілген және кесілмеген жерінде потенциал айырымы болатын,2 түрлі зарядтыың болатынын ашты.Бұл зарядты тыныштық тогы деп атады.Маттеучи бұлшықеттің сыртқы бетін оң зарядты,ал ішкі бетін теріс зарядты болатын ашты.
Кейін 1848 жылы Дюбуа-Реймон тыныштық тогының теріс толқыны атты тәжірибесін жасады.Бұл тәжірибеде тіннің қозған жері мен қозбаған жерін салыстырғанда теріс зарядтың сол тіннің бойымен тарайтынын ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет