Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау



бет22/31
Дата05.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17982
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Жүсіп Баласағұн (1021 -1075жж.)- Ғұлама Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Толық аты Жүсіп Хас Хажип Баласағұни. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялык «Құтты білік» дастаны Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министірі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» - XI ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударады. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Блогадная знанение» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды.1986 ж. Бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды. «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадығу білік» атты дидактикалық поэмасы. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069 -1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған.
Ал түрік тілдес тайпалардың бір-біріне жақындығын белгілі ғұлама Махмұд Қашғари зерттеді.
Махмұд Қашғаридың (1030 -1090жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Әкесі Қашғар қаласында туған. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды. Араб тілін жетік білген. Махмұд Қашғари үш кітаптан тұратын «Түркі тілдерінің сөздігі» («Диуани лұғат ат - түрік») атты мәңгі өшпес мұра қалдырды. Бұл кітап түрік дәуірінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен жайларының аты -жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. М.Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған.
Майқы би (Майқы Мәнұлы) XII ғ. соңы -XIII ғ. орта шенінде өмір сүрген. Майқы би атақты би, суырып салма ақын болған. Әкесі Мән. Майқы жастайынан ақсақ болды. Сондықтан да болар Майқы атанғаны және оның 18 атасының да есімі Майқы болған. Шыңғысханның замандасы әрі кеңесшісі. Ел оны әулие деп те атаған, себебі, ол адам тағдыры мен оқиғаларды болжай білген. «Түгел сөздің түбі бір, тұп атасы Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би ұзақ өмір сүріп, 120 жасында қайтыс болды.
Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған көптеген қала Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Орта ғасыр қалаларының бірнеше бөліктері болған. Олар мыналар: Шахристан, Рабад, Цитадель. Шахристан қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы. Ал Рабад қаланың қолөнершілер тұратын бөлігі. Ал Цитадель болса, қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.
VІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Тараз, Отырар, Сауран, Құлан, Суяб, Мерке, Үзкент, Сығанақ, Испиджаб, Иасы (Түркістан), Баласағұн тағы басқалар. Ал, сәулет өнері орта ғасырдағы түріктер дәуірінде жақсы өркендеген. Қалаларда, қоныстарда архитектуралық құрылыстар, мешіттер көптеп салынған. Сәулет өнерінің өркендеуіне Х-ХІІ ғасырларда ислам дінінің енуіне байланысты бірнеше кесенелер тұрғызылды. Мысалы Бабаша хатун кесенесі, бұл кесене Х-ХІ ғасырларда салынған аса қадірлі сәулет өнерінің туындысы. Кесене Тараз қаласының маңында орналасқан. Ал, Айша бибі кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда тұрғызылған. Кесене Тараз қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл кесене -Қарахан мемлекетінің сәулет өнерінің туындысы. Қарахан кесенесі сол дәуірдің үлкен сәулет өнерінің туындысы. Ол Тараз қаласының маңында орналасқан.
Ал, Сырлытам кесенесі ХІ-ХІІ ғасырларда салынған сәулет өнерінің туындысы. Кесене Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Тараз, Отырар, Баласағұн қалаларындағы моншалар да ірі сәулет өнеріне жатады. Мысалы, Отырар моншасы- XI ғасырда салынған ірі ескерткіш.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Түркі мәдениетіне араб парсы мәдениетінің ықпалы.
2. «Мұсылман Ренессансы» дәуіріндегі жазба мәдениеттің дамуы.
3. Әл Фараби мұралары.
4. Ислам дүниетанымы бағытында жазылған еңбектер.
5. Ортағасырлық кезеңдегі тарихи ескерткіштер.
6. «Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Қорқыт Ата кітабы» мен «Оғыз Наме» түркілердің ортақ мұрасы.М.Қашқари «Түркі тілдерінің сөздігі»түркі тайпалары туралы зерттеулер.Ж.Баласағұн «Құтты білік»энциклопедиялық еңбек.А.Иассауи «Диуани Хикмет». «Құмандар кітабы».
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№13- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды.Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтық сипат ала бастады.Ұлттық қозғалыстың әртүрлі ағымдары қалыптасып,оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды.ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілдері қалыптасты.
*оқыту: мәтінді дұрыс түсініп,саналы оқу машықтарын қалыптастыру;
*тәрбиелік: өз халқының мәдениетіне қызығушылығын ояту;
*дамыту: қабілеті мен белсенділігін,танымдық қызығушылығын дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.
2..Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
3.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
4.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Дәстүрлі қазақ мәдениетінің ерекшелігі.
2. Халық ауыз әдебиеті бай мәдени мұра.
3. Халық ауыз әдебиеті жанрындағы батырлар бейнесі мен жерге деген сүйіспеншілік.
4. Шешендік өнер сөз жауһары.Айтыс өнері.
5. Материалдық және рухани мәдениет құндылықтары(қол өнер,тұрғын үй,киімі,қазақ күнтізбесі,халық білімі,Наурыз).
6. Халық ауыз әдебиетіндегі лирикалық поэмалар: «Қозы Көрпеш Баян Сұлу», «Қыз Жібек».Ұлттық аспаптар,күй,ән өнері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: ХІХ ғ. ІІ жартысы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық бағыттың қалыптасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай мұраларының қазақ мәдениетіне қосқан үлесі.
2. Зар заман ақындары. Шортанбай, Мұрат, Дулат толғауларындағы заман келбеті.
3. Ғасырлар тоғысындағы қазақ мәдениетіндегі ұлттық демократиялық бағыт. 4. Қазақ мәдениетінің жаңа кезеңдері. Шәкәрім мұралары. Қазақ сазгерлерінің шығармалары.
XIX ғ. Екінші жартысында Қазақстанның экономикасын, табиғи байлықтарын, тарихын зерттеу үшін көптеген ғалымдар жіберілді. П. П. Вельяминов-Зернов , А. И. Добромыслов, Г. Н. Потанин сиякты көрнекті орыс ғалымдарының есімдері Қазақстанмен тығыз байланысты.
Қазақстан мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Ш. Уәлиханов ( 1835-1865 жж.) ерекше орын алды. Оның қазақ халқының тарихына байланысты жазған еңбектері шығыстану ғылымына зор үлес қосты.
Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихына Ыбырай Алтынсарин терең із қалдырды. Ыбырай орыс графигіне негіздеп қазақ әліппесін жасады, «Қырғыз хрестоматиясын» және «Қырғыздардың орыс тілін үйренуде бастапқы нұсқауды » жазды. Азаматтық мектептер, колөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға көп күш жігерін жұмсап, қыздар мектеп интернаттарын ашты.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет