Бекітемін
Білім және ғылым вице-министрі
___________М. Орынханов
2013 ж. «______»_____________
5В080200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»,
5В080300 – «Аңшылық тану және аң шаруашылығы»,
5В080400 – «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»
мамандықтарына арналған
«Микробиология» пәні бойынша
Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:
Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.
2. Міндеті:
ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.
3. Тест мазмұны мен жоспары:
Тест «Микробиология» пәнінің типтік оқу жоспарына сәйкес оқу материалының келесi тақырыптарынан тұрады:
№
|
Мазмұны
|
Тапсырмалар саны
|
1
|
Микроорганизмдердің систематикасы мен морфологиясы
|
2
|
2
|
Микроорганизмдердің табиғатқа таралуы
|
2
|
3
|
Микроорганизмдердің физиологиясы
|
6
|
4
|
Сыртқы орта факторларының микроорганизмдерге әсері
|
2
|
5
|
Көміртегі, азот, фосфор, күкірт және темір қосылыстарының микроорганизмдер әсерінен өзгеруі
|
2
|
6
|
Инфекция және иммунитет
|
4
|
7
|
Арнайы микробиология
|
7
|
|
Бір нұсқадағы тест тапсырмаларының саны:
|
25
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары студеттерге микробтар әлемінің алуан түрлерін, олардың табиғаттағы орнын, негізгі микроорганизмдердің қағидасы мен қасиеттерін, экологиясын анықтауға мүмкіндік береді
5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:
Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.
Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.
7.Тапсырманың формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.
8. Тапсырманың апробациясы:
Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.
Директор Қ.Әбдиев
Достарыңызбен бөлісу: |