Қосымша әдістер. int.bit_length() - белгісі мен жетекші нөлдерін алып тастағандағы екілік жүйеде санды беру үшін қажетті биттер саны. Төменде көрсетілгендей:
>>>
>>> n = -37
>>> bin(n)
'-0b100101'
>>> n.bit_length()
6
int.to_bytes(length, byteorder, *, signed=False) – осы санды беретін байттар жолын қайтарады. Ол келесі 23-суретте көрсетілді.
Санау жүйелері. Сандар тек ғана ондық санау жүйесінде ғана емес сонымен қатар, басқа да санау жүйелерінде беріледі. Мысалы, компьютерде екілік санау жүйесі қолданылады. 19 саны екілік санау жүйесінде 10011 деп бейнеленеді. Кейбір жағдайда бір санау жүйесінен екіншіге көшу қажет болады. Оны орындауға Python тілі бірнеше функцияларды ұсынады:
int([object], [санау жүйесінің негізі]) – ондық санау жүйесіндегі бүтінге айналдыру. Бұл жерде үнсіз келісім бойынша ондық санау жүйесі қолданылады, бірақ негізін 2-ден 36-ға дейін таңдай отырып кез келген санау жүйесінде беруге болады.
bin(x) – бүтін санды екілік жолға айналдыру.
hex(х) - бүтін санды он алтылық жолға айналдыру.
oct(х) - бүтін санды сегіздік жолға айналдыру.
Келесі 20-суретте мысалдар көрсетілген.
>>> a = int('19') # жоды санаға айналдыру
>>> b = int('19.5') # жол бүтін сан болып табылмайды
Traceback (most recent call last):
File "", line 1, in
ValueError: invalid literal for int() with base 10: '19.5'
>>> c = int(19.5) # жылжымалы нүктесі бар санға қолданылғанда бөлшек бөлігін алып тастайды
>>> print(a, c)
19 19
>>> bin(19)
'0b10011'
>>> oct(19)
'0o23'
>>> hex(19)
'0x13'
>>> 0b10011 # сандық тұрақтылықарды ослай да жазуға болады.
19
>>> int('10011', 2)
19
>>> int('0b10011', 2)
19
Сурет 20 Санау жүйесіне арналған мысалдар листингі