Екінші тапсырма: өлең құрау:
а) Екі жол өлең шумағы беріледі, әрі қарай оқушылар өз ойын, ұйқасын тауып, өлең құрайды.
Шәкіртім, жарқын сенің келешегің,
Алдыңда қарызың көп берешегің,
. . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . .
ә) Өлең шумақтарыңдағы соңғы сөздері беріледі, соған қатысты өлең құрау:
. . . . . . . . . . . . . . алады,
. . . . . . . . . . . . . . болады.
. . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . қалады.
Құралған өлең мысалы:
Ақыл ойды математикадан алады,
Ойлағаннан математик болады.
Егер математиканы дұрыс меңгермесе,
Ол оқушы сол орнында қалады.
VII күн.«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны
оқу керек»М.В. Ломоносов
Жетінші күні жеті жоқ туралы айтылады.
Жеті жоқ:Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ
1-тапсырма. Бала бірінші күні жәшіктен
барлық алманың жартысын, екінші күні қалғанының жартысын, үшінші күні осыдан қалғанының жартысын, төртінші күні сол қалғанының тағы жартысын алды. Сонда жәшікте 10 алма қалды. Әуелде жәшікте неше алма болды?
(160)
2- тапсырма. а)Тізбектегі амалды орында, неше шықты:
Жауабы:
б)Сандар тізбегінің ерекшелігін тауып, келесі қай сандар екенін тап:
9, 7, 10, 8, 11, 9, 12, …, …, 11
( 10;13, өйткені 9-2=7- 10-3; 10-2=8=11-3; 11-2=9=12-3; 12-2=10=13-3; 13-2=11=14-3)
3-тапсырма.Ойыншылар мақал мәтелдегі қажетті жоқ санды тауып қою керек. Әр топқа екі мақалдан беріледі.