Ауыспалы осы шақ қимыл,іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а,-е,-й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: мен кел+е+мін
Жаттығумен жұмыс
Ауыспалы осы шақ: елестейді
Тақтамен жұмыс: Ауыспалы осы шақты жіктеп жазады.
жақ
жекеше
Көпше
І
ІІ
ІІІ
Айтамын,келемін
Айтасың,келесің
Айтасыз,келесіз
Айтады,келеді.
Айтамыз,келеміз
Айтасыңдар,келесіңдер
Айтасыздар,келесіздер
Айтады,келеді.
Сергіту сәті
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.
Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.
Оқушылар сергіп, демалады
Шығармашылық жұмыс
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?
Осы шақ нешеге бөлінеді?
Ауыспалы осы шақ қандай жұрнақтар арқылы жасалады?