Жарықтың шағылуы,шағылу заңдары. Жазық айналар
Lighting. Laws of repulsion. Flat mirrors
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
8.5.1.4.Жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау.
Сабақ мақсаттары:
Жазық айна және дененің кескінін алу туралы білу.
Тәжірибе жүзінде жазық айнадан дененің кескінін алу және алынған кескіннің түрлерін ажырату.
Жазық айнадан кескін алу кезіндегі алынған кескіндердің өлшемдерін сипаттау.
Бағалау критерийі
●Жазық айна және дененің кескінін алуды біледі
●Жазық айнадан дененің кескінін алады және алынған кескіннің түрлерін ажыратады..
●Жазық айнадан кескін алу кезіндегіалынған кескіндердің өлшемдерін сипаттайды.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология: Шағылу бұрышы,түсу бұрышы,диффузиялық,бұлыңғыр беттер,айналық шағылу,жазық айна.
Диалог үшін қажет тіркестер: Жазық айна дегеніміз не?
Диффузиялық дегеніміз не мағына береді?
түсу бұрышы – угол падения – angle of incidence
Түсу бұрышы – түскен сəуле мен сəуленің түсу нүктесіне тұрғызылған
перпендикуляр арасындағы бұрыш.
Угол падения угол между лучом и перпендикулярной линией, расположенной под
прямым углом к поверхности в точке падения.
The angle of incidenceis the angle between the beam and the perpendicular line drawn at
right angle to the surface at the point of incidence.
шағылу бұрышы – угол отражения - angle of reflection
Шағылу бұрышы – шағылған сəуле мен сəуленің түсу нүктесіне тұрғызылған
перпендикуляр арасындағы бұрыш.
Угол отражения угол между лучом и перпендикулярной линией, расположенной
под прямым углом к поверхности в точке отражения.
The angle of reflection is the angle between the beam and the perpendicularline drawn at
right angle to the surface at the reflection point
Құндылықтарға баулу
Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құруға,үздіксіз білім алуға және бәсекеге қабілетті болуға дағдыландыру