ӘӨЖ 004. 415. 538 Қашықтан оқытудың АҚпараттық Қамсыздандырылуы



бет2/2
Дата15.09.2017
өлшемі222,69 Kb.
#33790
1   2
Сурет 2- Тест сұрақтары мен жауаптарын ендіру

Біздің контингентіміз – мүмкіндігі шектеулі балалар болғандықтан, олардың ішінде көру қабылеті нашарлары да кездесуі мүмкін. Ондай балалар үшін тест материалдарының қаріптерін ірі ету қажет. Жалпы, қаріптердің баптаулары Көрініс – Қаріп өлшемі мәзірінің тиісті командасын таңдау керек.

Тест материалдарын дайындау кезінде бастапқыда жауап ендіруге арналған өріс саны екеу болып тұрады. Автор өзінің қалауы бойынша олардың санын көбейте алады. Ол үшін терезенің астыңғы бөлігіндегі Жауап нұсқасын қосу батырмасын басу керек. Кейбір тестілеу жүйелеріндегі сияқты дұрыс жауапты міндетті түрде бірінші қатарға қою міндетті емес: жауаптарды кез келген тәртіппен орналастырып, ішіндегі дұрысын Дұрыс жауап радиобатырмасы арқылы көрсетеді.

Жаңа сұрақ ендіру үшін терезенің сол бөлігіндегі Сұрақ қосу батырмасын пайдаланады. Сұрақ типі бөліміндегі тізім арқылы дайындалатын сұрақ түрін анықтайды.

Дайындалатын тест сұрақтарының санына шектеу қойылмаған. Кірістіру мәзірінің көмегімен сұраққа немесе жауаптарға түрлі символдарды, суреттерді немесе математикалық формулаларды ендіру жеңіл іске асырылады.

Кейде бұрын дайындалған тест материалдарын қосу қажеттілігі туындайды. Егер ол осы жүйе арқылы дайындалған немесе .XML-форматта сақталған тест болса, онда Файл-Импорттау командасы арқылы, ал егер басқа форматтағы мәтіннен тест материалдарын алу қажет болса, онда Сұрақтар-Сұрақтарды тест файлынан қосу... командасы арқылы іске асырылады.



Тест материалдары дайындалып болған соң Тест баптау-лары (3-сурет) тере-зесінің көмегімен оқушыға берілетін тест сұрақтарының саны, сұрақтардың берілу тәртібі, жау-аптарды орналасу тәртібі, бағалау жүйесінің түрі тесті-леу уақыты және тест нәтижелерін көрсету параметр-лері анықталады.

Сурет 3- Тест баптаулары терезесі


Тест материалдары дайындалып, тиісті баптаулар анықталған соң, тестті сақтап, орындауға жіберуге болады. Ол үшін Файл – Сақтап, іске қосу командасын немесе Ctrl+F5 жылдам клавиштерін немесе терезенің жоғарғы бөлігіндегі Орындау батырмасын басу керек. Осыдан кейін берілген атаумен exe-файл құрылады және ол кез-келген компьютерде орындауға дайын түрге енеді.

Осы файл оқушы компьютеріне көшірі-ліп, ол орындауға жібе-ріледі.

Бұл терезеде оқушы-ның аты-жөні, сыныбы ендіріледі, сосын Тест-тің басталуы батырма-сы басылады. Экранда 4-суреттегідей тестілеу терезесі ашылады.
Сурет 4-Тестілеу терезесі

Шығарылған тест материалын өткізіп жіберу, сұраққа қайтып оралу және жауабы таңдалған сұрақты қабылдау мүмкіндіктері арнайы батырмалар арқылы іске асырылады. Терезені төменгі бөлігіндегі қалып қатарында тесттегі жалпы сұрақтар саны, ағымдық сұрақтың реттік нөмірі және өткізілген сұраөтар саны көрініп тұрады. Сондай-ақ, егер баптаулар кезінде тестілеуге уақыт берілген болса, тестілеудің бітуіне дейін қалған уақыт та көрсетіледі.

Тестілеу аяқталғанда оқушы нәтижесі шығарылады. Мұндағы нәтиже баптаулар кезінде көрсетілген параметр бойынша көрсетіледі: баллдар жинағы, 5-баллдық жүйе, 100-баллдық жүйе немесе ұзын тізімнен басқа параметр таңдалуы мүмкін. Осы терезеде Мәлімет қарау батырмасын қажеттілігіне орай басуға болады. Оны таңдаған кезде экранда тестілеудің нәтижелік мәліметтері толыққанды ақпарат түрінде шығарылады. Мұндағы мәлімет файлда сақтауға немесе баспаға шығаруға дайын күйінде дайындалады. Онда оқушының аты-жөні, тест атауы, тестілеу күні, уақыты, тестілеуге кеткен уақыт мөлшері, берілген сұрақтар саны, оқушының дұрыс жауаптарының саны және ең бастысы – оқушының жауап берген сұрақтары дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарымен бірге шығарылады. Мәліметтер бойынша мұғалім оқушының кемшілік жіберген тұстарын анықтауына, яғни ақпаратты сараптау мүмкіндігіне ие болады.

Бұл мәліметті кейінгі нәтижелермен салыстыру үшін сақтап қойған дұрыс. Өйткені, біздің контингенттің кез-келген жетістігін тіркеп отыру аса маңызды екені белгілі.

Қорыта айтқанда, қарастырылып отырған мүмкіндіктері орасан жоғары тестілеу жүйесі қашықтан білім беру кезінде оқушы білімін тексеруге ыңғайлы ақпараттық жабдық болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. // Под ред. Полат Е. С. / М.: "Академия", - 2001.

  2. Н.Т.Азиева, Н. Ұзаққызы, А.С.Тұрғынбаева. Білім беруде мультимедиялық технологияны пайдалану және даму перспективасы. «Қоғамды ақпараттандыру» ІІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, Астана, Л.Гумилев ат.ЕвразияҰУ, 2012, 146-151.

  3. Григорьев С. Г., Гриншкун В. В., Макаров С. И. Методико-технологические основы создания электронных средств обучения. //'Научное издание. / Самара: Издательство Самарской государственной экономической академии. — 2002. 110 с.



Резюме
В статье рассматривается особенности использования тестовой системы easyQuizzy в качестве средства контроля качества знаний детей с ограниченной возможностью.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет