Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет21/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
2.7.1 «Бағалау модальділігіне» арналған тармақшада бағалауыштық категориясы субъекті мен объектіні тығыз байланыстырып тұратын бағалаушы предикат қамтылатын күрделі құрылым ретінде анықталды. Осындағы бағалау субъектісі мәтінде эксплицитті және имплицитті түрде көріне отырып контекстегі автордың прагматикалық ұстанымына байланысты қарастырылды. Бағалаудың өзі кесімді немесе салыстырмалы сипатта беріледі. Ол жағымды, жағымсыз және жанама түрде көрініс табады. Бұл үшеуінің қайсысына басымдық берілуі автордың аудиторияға және мақала кейіпкеріне әсер ету мақсатына байланысты болады.
Газет мәтінінде берілетін бағалау автордың өзі сипаттап отырған оқиға-құбылысқа деген көзқарасына сәйкес субъективті сипатта болады, сол себепті ол іс-жүзіндегі объективті бағалауға сай келмеуі де мүмкін. Демек, медиа-мәтіндегі бағалауды жеке автор тарапынан берілетін индивидуалды пікір болғандықтан үнемі үзілді-кесілді дұрыс көзқарас деп қабылдауға болмайды.
Газет мәтінінің маңызды қызметтерінің бірі аудиторияны сөз болып отырған оқиғаға қалтқысыз сендіру болғандықтан онда міндетті түрде көрініс табатын дәйектеуші модальділігі 2.7.2 тармақшада арнайы қарастырылды. Мұндағы негізгі мәселе автордың тілдік құзыреті мен журналистік шеберлігіне және дәйектеу өнерін (аргументация) терең меңгеруіне келіп тіреледі. Яғни өзі ұсынған ақпаратқа аудиторияны сендіру үшін адресант бірнеше сатыдан тұратын логикалық шара – дәлелдеуді жүзеге асыруы тиіс. Осы мақсатқа орай автор өз мәтінінің дәйектемелік кесіндемесін жасайтыны анықталды. Жұмысымызда ол кескіндеменің мәтін өзегін құрайтын тезис-тұжырымнан, сол тұжырымды негіздейтін дәйектерден (факті) және осы екеуінің арасындағы логикалық байланыстан тұратын күрделі құрылым екені дәлелденді

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет